Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст



Pdf көрінісі
бет46/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76

329

IX—X ғасырлардағы жазбаша деректермелердің мәліметтері бойынша, ку- 

мандар Батыс Қазакстан аумағында мекендеген және кимек, қыпшак, ку- 

ман  тайпалары ны ң  үш  құрамды  бірлестігінің  батыс  тармағы  болған. 

Оңтүстік  Сібірді,  Солтүстік  Алтай  аймағын  кумандар  мекендеген  негізгі 

өңір деп санау керек. VII ғасырдың ортасында Батыс түрік каганаты құлаға- 

ннан кейін біркатар түркі тілдес тайпалардың окшаулануы және сонымен 

бірге олардың күрделі топтасу үрдісі жүріп жатты.  Солтүстік-батыс Алтай 

мен  Шығыс  Қазақстан  аумағында  кимектер  мен  кыпшақтардың  этника- 

лық-мәдени қауымы пайда болады. VIII ғасырдың аяғында кыпшақтардың 

едәуіртобы, сірә, кумандармен бірге кимектерден бөлініп шығып, Ертістің 

батысына карай тура Оңтүстік Орал өңіріне дейінгі жерге ірге тебеді.  Қы- 

пшақ және куман тайпалары X ғасырдың аяғына дейін кимек қағанатына 

саяси тәуелділікте болып, Ертістен Еділге дейінгі кең-байтак аумактағы мем- 

лекетке кірді. Ол мемлекет қыпшақ хандарының қолына көшкен кезде ки­

мектер мен кумандар басқа тайпалармен бірге кыпшактардың саяси ықпал 

аясына енді.

Кимектердің,  қыпшақтар  мен кумандардың қоныстануы.  VIII ғасырдың 

ортасына дейін кимектер, кыпшақтар мен кумандар далалык Алтай, Таулы 

Алтай мен Ертіс еңірлерін мекендеді. Оңтүстікте кимектерге Оңтүстік Ал­

тай мен Тарбағатай аралығындағы Ертіс бойында тұрған қарлұқтар, шығы- 

сында орталығы Минуса ойпатындағы кырғыздар көрші болды. VIII ғасы- 

рдың екінші жартысынан бастап кимектер оңтүстік бағытқа жылжып, кар- 

лұқтар жеріне қоныстана бастады.  IX ғасырдың басында кимектердің же- 

келеген  топтары  Солтүстік-Батыс  Жетісу  аумағына  көшіп  барып,  тоғыз- 

ғүздармен  корші болды, ал олардың арасындағы шекара Жоңғар жотасы- 

ның бойымен етті. Жоңғар жотасының оңтүстігіне қарай тоғыз-ғүздар мем­

лекет! орналасты.

Кимектердің оңтүстікке карай козғалуымен бірге VIII ғасырдың екінші 

жартысында қыпшақтар Ертістен батысқа қарай орын ауыстырды. Әл-Ид- 

риси шыгармасы тексі мен онда келтірілген картографиялық материал де- 

ректері кыпшақ тайпаларының жекелеген топтарын Ертіс пен Тобыл өзен- 

дерінің  аралығына  орналастыруға  мүмкіндік  береді.  V III—IX  ғасырлар 

шебінде қыпшақтардың батыс  бөлігі печенегтердің солтүстік  жағына ірге 

тебеді.  VIII—IX  ғасырдың  бірінші  жартысында  печенегтердің  Сырдария 

аңғарында және Арал өңірі далаларында тұрғаны мәлім. Демек, қыпшактар 

мен печенегтердің шекарасы тікелей Оңтүстік Оралдын оңтүстік-шығысы 

мен Арал өңірі далаларының солтүстік аймағы аралығынан еткен. IX ғасы- 

рдың басында кимектердің тайпалары Сырдарияның орталык аудандарына 

жақындайды.  IX ғасырдың  ортасында  печенег конфедерациясы  оғыздар- 

дың,  кимектер мен қарлұқтардың одағынан жеңіліс тапты.  Осы оқигалар- 

дың нәтижесінде оғыздар печенег тайпалары одағының Сырдария бойы мен 

Арал еңірі далаларындағы жерін қаратып алды. Осылайша калыптасқан жағ- 

дайда печенег конфедерациясының тайпалары қоныс аударып, Жайық пен 

Еділ арасындағы жайылымдарға орналасты. Алайда IX ғасырдың аяғында 

огыздар хазарлармен одақтаса  отырып, печенегтерді жеңіліске  үшыратты 

да, Ж айық және Еділ езендерінің аралығын басып алды. Печенег тайпала- 

рының негізгі кепшілігі Оңтүстік-Шығыс Европаға кешіп кетуге мәжбүр 

болды,  ал  олардың қалған  бөлігі  оғыздардың  ж әне  кимек-қыпшак тайпа- 

лық бірлестігінің қүрамына кірді.

330


Әл-Идрисидің кумандардың қоныстануына қатысты деректері осы кез­

ге  (IX ғасырдың аяғы — X ғасырдың басы) жатады.  Әл-Идрисидің  «Сурат 

әл-ард» картасында Каспий (Бахр әл-хазар) және Арал (Бухайрат әл-Хва- 

ризм) теңіздерінің солтүстік  жағында Аскасия таулары  орналасқан.  Олар 

солтүстіктен оңтүстікке қарай меридиан бағытында созылып жатыр, шығыс 

жағы  аздап  еңістеу  деп  суреттеледі.  Бүл  таулардан  бірнеше  өзен,  соның 

ішінде Каспийге құятын Еділ өзені ағып шығады, бүл топографиялык объ- 

ектілерді үксастыру үшін ерекше маңызды.

Таулардың суретгелген сипаттамасы Аскасияны Орал таулары деп сенім- 

мен айтуға мүмкіндік береді. Араб географтары Ибн Саид пен Әбу-л-Фида 

Аскасияның тау беткейлерінде,  онын оңтүстік жағында кумандар мекен­

деген деп көрсетеді140. Картада Аскасияның оңтүстік-шығыс жағында онша 

қашық емес  жерде  Тагур  таулары көрсетілген, кумандар елінің орталығы 

мен  астанасы  Кумания  сонда  орналасқан.  Нақты  географиялық  схемаға 

сәйкес,  Тагурды  Мұғалжар  тауларымен  салыстыруға  болады.  Орта  ғасы- 

рлардағы шығармалардың тексіне қарағанда, Мүғалжар кумандар коныст- 

анған негізгі аймақ болып табылады. Жазбаша деректемелердің деректері- 

нен  көрініп  отырғанындай,  кумандар  Аралдың  солтүстік  еңірі  далалары 

мен  Оңтүстік  Орал тауы  етегі  арасындағы кеңістікте  қоныстанған.  Олар- 

дың оңтүстік жағында -  оғыздар (әл-Идрисидің «Кіші» картасына сәйкес) 

мен кимектер, батысында — печенегтер, солтүстік-батысында — бұлғарлар, 

солтүстік-шығысинда қыпшақтар орналасқан. Текстологиялық жәке кар- 

тографиялық материалдарға жасалған талдау орта ғасырлардағы авторлар- 

дың  мәліметтерін  ІХ -Х   ғасырларға  жатады  деп  белгілеуге  негіз  береді. 

Кумандар кимек-кыпшак бірлеетігінің батыстағы тармағы болған.

ғасырдын басында кимектер мен кыпшақтар оғыздармен бірге Жайык 



алабында, Арал және Каспий өңірлерінің далаларында кешіп жүрген. Бүл 

тайпалардың коныстануы араб географтарының орта ғасырлардағы карта- 

ларында да  көрініс  тапқан.  Әл-Истахридің  «Элем  картасында»  кимектер 

Арал теңізінің солтүстік және солтүстік-батыс жағындағы жерге срнала- 

сқан.

Қыпшақтар Оралдың оңтүстік шегінде башкұрт тайпаларымен шектесіп 



жатқан. Араб саяхатшысы Ибн Фадлан (X ғ.) башқүрттардың осы ^уданда 

мекендегенін көрсетіп, олардың қонысы Багнады өзенінің бойында деп аіап 

өтеді,  бұл  қазіргі  Явындыға  сәйкес  келетін  бо л ар141.  Қыпш актардың 

башқұрттармен  тікелей  қарым-катынас  жасауы  олардың  уакыт  өте  келе 

мәдениет  пен  тіл  жағынан  өзара  тығыз  араласуына  әкеп  соқты.  Аңыз- 

әңгімелеріне қарағанда, башкұрттың батыс тайпалары қыпшақ бірлестігінен 

бөлініп, монгол шапқыншылығынан көп бұрын Орал өңіріне қоныстанды.

Тарихшы әл-Масудидің (X ғ.) атап өткеніндей, кимек ж әне оғыз тайпа- 

ларының кыстаулары мен жайлаулары Жем және Ж айықөзендерінің бойы- 

на орналасқан.

Кимек тайпалары топтарының Жем  мен  Ж айықта кешіп  жүретіні  әл- 

Масудидің мәліметтерінде  атап өтіледі.  Каспий теңізіне  кұятын  Ақ және 

Қара Ертіс туралы әл-Масуди былай деп хабарлайды: «Олардың сағалары- 

ның арасы он күндік жолға жуык; оларда кимектер мен оғыздардың кыст­

аулары мен жазда кешіп жүретін жерлері орналасқан»142. Бұл өзендерЖем 

мен Жайыққа  ұқсастырылады.  Ертістің  өзінен  осынша  ұзақ қашықтыкта 

Ақ ж әне  Қара Ертіс топонимдерінің пайда болуына осы  кезге дейін қан-

331


ағаттанарлық түсінік  алынған  жок.  Біздін  пікірімізше,  бүл  бірегей  ақпа- 

ратта аддыңғы орта ғасырлар дәуіріне тән зандылық көрінеді, ол зандылык 

географиялық ортаның этникалық сана-сезімде  бейнеленуінде  болып та­

былады.  Мәселен,  этникалық  аумақтың  ландшафтары  онда  мекендейтін 

адамдардың санасында «туған жерге» тәңірідей сыйынған түсініктер түрінде 

сақгалып қалады.  Басқа жерге көшіп барған  этнос өзінің бұрын мекенде­

ген жерлеріндегі тәңірідей табынған тауларының, көлдерінің, өзендерінін 

атауларын  сол жаққа ала  барады.  Осыған  байланысты  Гардизидін:  «Ертіс 

өзені — кимектердің қүдайы» дегенін еске түсірейік143.  Жем мен Жайыкты 

тек  кимектер  ғана  өздерінің бұрынғы  қоныстанған  жерлері  бойынша  Ак 

және  Қара  Ертіс деп  атай  алған144.  Сірә,  әл-Масуди  үшін  бұл  акпараттын 

бастауы кимектер ортасынан шыққан болса керек.

Ж айық  өңірінде  кимектердің  көш уін  «Худад  әл-алам»  авторыньщ 

мәліметтері де растайды.  Бұл деректемеге сәйкес, «Артуш өзені кимектер 

мен  оғыздардың  жерлері  аралығында  ағып  жатыр».  В.  М инорскийдін 

пікірінше,  Артуш  Ж айы ққа  сәйкес  келеді145.  X  ғасыр  авторының  аты 

беймәлім шығармасында мұсылман дүниесінен алыста жатқан «дінсіздер» 

аймақтарының  гидрографиясы туралы  мүдде  айқын  емес  көрініс  тапқан. 

Бір жағынан, кимектер мен қыпшақтар, екінші жағынан, оғыздардың ара- 

сындағы  тікелей  шекара  мен  аса тығыз  этникалық-мәдени  байланыстар- 

дын, болуы этникалык ж әне әлеуметтік үрдістерде, материалдық жэне ру­

хани мәдениетте өз ізін қалдырды.  Парсы деректемесінің керсетуіне 



Кар­

аганда, кимектердің кейбір белігі өз ғүрыптары жағынан оғыздарға үқсаған.

Беймәлім  араб  географының «Әлемнің дөңгелек картасында»  келтірі- 

лген деректеріне сүйене  отырып,  кимектер  конысының батыс шекарала- 

ры  туралы  әбден  айкын  айтуға  болады:  ол  Каспий  өңірі  далаларынын 

солтүстік-шығыс жағы, Ж айық және Жем езендерінің аңғары, Арал теңізі- 

нен Оңтүстік  Оралға дейінгі солтүстік жақтағы аудандар.  Картада кимек- 

тердің X ғасырдағы орналасуы көрсетіледі.

«Худуд әл-аламныи» кимектер туралы бөлімінде сол кезге қатысты еле- 

улі мәліметтер бар, онда кимектер шегіндегі аумақтық үш бөлініс туралы 

айтылады. Біріншісі — Андак әл-хифчак, батыс жағында кимек жеріне жап- 

сарлас жатқан  және  кейбір  ғұрыптары  жағынан  оғыздарға  ұқсайтын  кы- 

пшақтардың кейбір бөлігінің аймағы.  Тегінде,  Андак әл-хифчак Орталык 

Қазақстанның солтүстік-батыс  жэне  батыс  бөлігі мен  Арал еңірі далала­

рынын солтүстік шет жағын, яғни оғыздар шегіне тікелей жақын  жаткан 

аймақты алып жатса керек. Қыпшақ ж әне оғыз тайпалары арасындағы сан 

ғасырлық аса тығыз байланыс оларды тілі, түрмысы мен  мәдениеті жағы- 

нан  жақындатады.  М ахмұд  Қаш ғаридің  айтуынш а,  қы пш ақ  тілі  диа- 

лектісінің нақ оғыздардың «ж» дыбысы басым диалектісі сияқты фонети- 

калық ерекшелігі болған. Қыпшақтардың оғыз тайпаларымен этникалық- 

мәдени байланыстары қазақгардың ескі аңыздарынан да аңғарылады. «Йа- 

гсун-йасу»  -   кимектердің  Еділ  мен  Ж айық  өзендерінің  аралығында  ж а­

ткан, климат жағдайы неғұрлым қолайлы және ңеғүрлым бірқалыпты екінші 

ауданы146. Батысқа қарай қозғалуына карай кимек тайпалары өздері табы- 

нған топонимдерінің атауларын жаңа  жерлерге  апарған.  «Қыркырхан»  — 

кимектердің ғұрпы қырғыздардың әдет-ғұрпына аздап ұқсайтын үшінші ау­

даны.  Сірә,  бүл  аймақ басқа да көршілес  түрік  тайпаларына  қарағанда, 

қырғыздардың әдцебір топтарына анағұрлым жақын жатса керек.  Бұл та-



332

рихи-географиялык терминге баска да жазбаша деректемелердің хабарла- 

рымен  біршама  салыстырып  талдау  жасау  Қырқырханды  Тарбағатайдан 

Шыңғыстау жотасын қоса алғанда, Қалба жотасына дейінгі ауданда болған 

деп шамалауға мүмкіндік береді.

Кимек тайпаларыньщ жекелеген топтары Каспий жағалауына дейін де 

жеткен. Белгілі бір тарихи кезең ішінде әрбір дерлік қаланың, өзеннің не­

месе шелдің бірнеше атауы болған. Бұл атаулар жалпыға мәлім топономи- 

калық  заңдылықтарға  байланысты:  теңіз  өзінің  айналасындағы  елдердің 

атымен, жағалауында орналасқан қаланың атымен, күйып жатқан өзендердің 

атымен, жағалауында тұрған халықгардың атымен аталады. Кимектердін Кас­

пий  өңірі даласына келуін топономикада Каспий теңізінің аз  уақыт  Кимек 

теңізі болып аталуы көрсетеді, бұл атау «Шахнамада» айтылған147.

X ғасырдың екінші жартысында кимектер мен қыпшактардың жекеле­

ген топтары Түркістанның мұсылман аймактарының шекарасында тұрды. 

Әл-Макдисидің (X ғ.) айтуына 

Караганда, 

Сауран қаласы оғыздар мен ки- 

мектерге шекаралык бекініс болған. Сонымен катар әл-Макдиси Түркістан- 

ның солтүстік жағында 26 шақырым жерде жатқан тағы бір үлкен, бай қала 

Шағылжанды да кимектерге  қарсы шекаралық бекініс, үлкен  қамалы бар 

елді мекен деп атайды148.

Балқаш көлі де Жетісудағы кимектер мен қарлұқтар арасындағы табиғи 

шекара бодды.

Кимек  тайпаларының  кәшіп  жүретін  жерлері  солтүстігінде  орманды- 

дала  еңіріне  дейін  жетті.  Кимектер  елінің  солтүстік-шығыс  шекаралары 

Батыс  ж әне  Солтүстік  Алтай  аймағы  мен  Батыс  Сібірдің  оңтүстігіндегі 

кимектердің сросткиндік мәдениеті таралған шегіне жапсарлас жатқан ау- 

дандарды қамтыды.  Сросткин  мәдениетінің  ең  шығыстағы  ескерткіштері 

Кузнецк Алатауының батыс сілемдерінен табыдды.

Кимектер жерін 35 күнде кесіп өткен Әбу Дулафтың саяхаты, сірә, осы 

кезде болса керек149.

Сонымен, шығысында Алтай мен Ертістен батысында Еділ мен Оңтүстік 

Оралға дейінгі, солтүстігінде Құлынды даласынан оңтүстігінде Балкаш көлі 

мен Жоңғар Алатауына дейінгі кең-байтақ аумақ кимектердің саяси үстем- 

дігінде  болды.  Кимектердін ежелгі жерлері  Ертісте  орналасқан,  онда  ки­

мек қағанының екі астанасы -  ескі және жаңа астаналары болған.

XI ғасырдың басында қыпшақ хандары осы үлан-байтақ жердің мұра- 

герлеріне айнадды.

5. ҚАРЛҮҚТАРДЫҢ, ОҒЫЗДАРДЫҢ, КИМЕКТЕРДІҢ ІІІАРУАШЫЛЫҒЫ

М ал  шаруашылығы.  Оғыздардың,  қарлұқтардың  ж әне  кимектердің 

көпшілігінің басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды.  Көшпелілер 

маусымдық жайылымдардың бірінен соң біріне ауысып, ұзақ уақыт көшіп 

жүрді. Өзендердің белгілі өткелдерінен, қолайлы тау асуларынан өтіп, суы 

мол,  шөбі  қалың жайлауларға жететін  ғасырлар бойы қалыптасқан көші- 

қон жолдары болды.  Жайылымдарды дұрыс пайдалану үшін  жылдың қай 

кезінде қай жерде шөптің кдлың болатынын білу керек еді. Бұрыннан келе 

жатқан көшу жолдарының бағыты бір үлкен  экономикалық немесе еаяси 

жағдайлар болғанда ғана өзгерді.



333

Кимектердін кейбір топтары қыста Ж айык пен Жемнің арасын қыстап, 

жазда Ертіс жағасын жайлап жүрді150. Оғыздардың бір бөлігі Сырдариянын 

төменгі  бойын  қыстап,  жайлауға  Каспий маңындағы далаға көшетін  бол­

ды. Әл-Бируни  оғыздардың қара күзде  Хорезм  шекараларына таяу көшіп 

келетінін  жазады  ж әне  олардың  енді  бір  топтарының  кимектер  елінде 

М анқұр көліне таяу жерде151 (Үлытау баурайы) көшіп жүретінін айтады.

Оғыздарда ұлан-байтақ даламен алыс жерлерге коныс аударып жүретін 

көшпелілерге тән кішкене жолым үйлер қондырьшған арбалар болған.

Орта ғасыр авторлары кимектердің, оғыздар мен карлұқтардың жылқы, 

қой, ешкі, сиыр, өгіз, түйе өсіргенін айтады.

Олардың шаруашылығында қой өсіру аса маңызды рөл атқарды. «Өсімдік 

майының  орнына мал майын пайдаланды,  тоң майды  шам  етіп жакты»152. 

Оғыздар елінен Хорасан мен Мауараннахрға жеткізілетін қой еті ол кезде 

ең жаксы ет саналды. Ибн әл-Ф аких түрік койлары «өте ірі келеді, батпан- 

дай  қүйрықтары  жер  сызады»  деп  жазады153.  Сірә,  қаракөл  койлары  да 

өсірілген болса керек.  Мысалы, Ибн Хаукаль Түркістанда  әдемі елтірілер 

алынатын қойлар бар деп жазады. Әсіресе қара, қызыл және қоңыр-қызыл 

қозылардың елтірісі ерекше бағаланған.

Көшпелі шаруашылықта жылкы өсірудің ерекше маңызы болды.  Жы- 

лқының жүрдектігі,  тезімділігі  аркасында ғана  алыста  жатқан  жайылым- 

дар игеріліп отырды.  Жылқы соғысқа, аң аулауға пайдаланылды.  Әл-Жа- 

хиздің сезімен айтқанда, «түрік жерден гөрі ат устінде көп отырады»Ь4. Ибн 

Фадлан мен Гардизи X ғасырда оғыздар мен кимектердің жер кайыстырған 

калың жылқы өсіргенін  жазады.  Түрік  жылқысы  жергілікті  табиғат  жағ- 

дайына және жыл бойы аяғынан жайылуға жаксы бейімделген, етгі де, сүтті 

де  болды.  Көшпелі  түрік  тайпалары  сиыр  еті  мен  кой  етінен  жылқы  етін 

артық керді, ал биенің сүтінен қымыз ашытты155.

Жылқының екі түрі — аласа, басы үлкен, мойны кыска әрі жуан келетін 

түрі  және  басы  кішірек,  тірсегі  жіңішке  салт  мінілетін  тұрықты тұқымы 

өсірілді.  Тамим  ибн  Бахр  кимектер  патшасы  мен оиың әскері  аттарының 

«тұяктары жұқа келеді»156 дегенде, сірә, бәйге атгарын айткан болуы керек.

Кешпелі оғыздар мен қарлүқтар түйе де өсірген; оларға қарағанда ки- 

мектерде  түйе  азырақ  болған.  Деректемелерге  қарағанда,  оғыздар  айыр 

өркешті  ірі  түйе  өсірген.  Осындай  түйелерге  мініп  саяхат  жасаған  Ибн 

Фадлан одарды түрік түйесі деп атайды.  Оғыз түйелері кішірек келетін ха­

зар түйелерінен ерекше болған. Қарлұктар түйе етін жемеген157.

Кейбір деректемелерде карлұктардың,  оғыздар мен кимектердің сиыр

өсіргені айтылады158. Сірә, ірі қараны негізінен алғанда жартылай отырык-

шы елдер ұстаған болса керек, әйтсе де көшпелілер өгізді жегуге пайдала- 

нған.


Ешкі де өсірілген,  бірақ олар  мал шаруашылығында  үлкен  рөл аткар- 

маған.


Ет пен сүт тамақ болған, ал жүннен киіз басылып, киім, кілем тоқылған 

және басқа бұйымдар жасалған.  Мал енімдері ішкі  қажеттерді қанағатта- 

ндыру  үшін  ғана  емес,  сонымен  катар  кершілес  егін  салатын  аудандарға 

сату үшін де ендірілген.

Аң  аулау  кәсібі.  Оғыздардың,  кимектер  мен  қарлүқтардың  күнкөріс 

кәсіптерінің бірі аң аулау болды.  IX ғасырда әл-Йакуби көшпелі түріктер 

«көбіне жабайы аң-құстың етін жейді»159 деп жазды. Жахиз түріктердін аң

334


аулау тәсілдерін қызғылыкты етіп суреттейді. Оның сөзіне Караганда, олар 

аң  аулағанды  жақсы  көреді,  тіпті  шапкыншылықта  жүрген  кезінде  де  аң 

аулайды,  аң аулауға салт ат мініп  шығады; олар әсіресе киік пен  күланды 

куғанда ерекше төзімді келеді160.

Аңғажалғыз шығумен катар, каумалап та аулау ұйымдастырылған; олар 

аң аулағанда шаруашылық мақсатымен қатар,  өзінше бір үлгідегі маневр, 

әскери жаттығу ретінде әскери маңызын да көздеген.

Кимектердің, оғыздар мен қарлүқтардың арасында терісі кымбат түлкі, 

сусар, қүндыз сиякты андарды аулаушылар да болды16'. Кимектер сонымен 

қатар  бүлғын,  ақ тышқан  және  жыртқыш  ірі  андар:  жолбарыс,  барыс  ау- 

лаған162.  Ертіс  бойында  ыкшам  киінген,  ат  үстінен  сүңгімен  жолбарысты 

түйрегелі жатқан кимек аңшысының суреті салынған кола тоға табылды163. 

Аң терісі  бүл тайпалардың басқа  елдерге  шығарып  сататын дүниелерінің 

бірі болды.

Оғыздардың, кимектер мен карлұқтардың кейбір топтары, көбінесе ке- 

дейлері  Сырдариядан,  Ертістен  және  басқа  өзендерден  балык  аулаумен 

айналысқан.  «Диуани  лұғат-ат-түркте»  және  араб-қыпшак  сөздіктерінде 

балық аулайтын еңбек қүралдарының кимек-қыпшақ терминдері: ырғақ -  

қармақ, ағ -  ау, ожан (үлық) -  кішкене қайык, кеме (қараб) -  үлкен қайык 

деген сөздер келтірілген. Нарративтік деректемелердің мәліметтерін Ертіс 

бойынан табылған археологиялык материалдар растайды. VIII—IX ғасырла- 

рдағы корымдардан  балықтардың мүсіндік бейнелері табылды.

Отырықшы жэне жартылай отырықшы топтар. Қарлұқтардың, оғыздар 

мен  кимектердің  арасында  жартылай отырыкшы  және  отырықшы халык 

шоғырлана қоныстанған топтар болған.  Түрік тайпаларын  сипаттай келіп 

әл-Идриси:  «Адамдары көшпелі...  Алайда олар жер  ендейді, тұқым  сеуіп, 

егін жинайды» деп жазады.  Жоғарыда айтылғандай,  IX—X ғасырларда ке- 

дейленген кауым мүшелерінің біркатары егіншілікке көшті, сөйтіп әсіресе 

сауда  айы рбасы ны ң  ұлғаюы  нәтиж есінде  көш пелілердің  отырықшы 

егіншілік өңірдегі халықтармен экономикалық байланыстары күшейді.

«Худуд  әл-алам»  авторының  мәліметтері  бойынша,  қарлүктар  гұрған 

аймақ түріктердін қарауындағы халық неғүрлым жиі қоныстанған және ең 

бай  жерлер  болды,  оларда қалалар  мен  отырықшы  мекендер  көп  болған. 

Сол деректеме бойынша, қарлұқтар елінде 25 кала мен қоныс болған, олар- 

дың ішінде: Қүлан, Мирки, Аталык, Түзүн, Балык, Барсхан, Секөл, Талғар, 

Тоңғ, Пенчул ж әне  басқалары бар.  Әсіресе  карлұқтар  кағанының каласы 

ерекше болған, оны әл-Идриси «халқы көп, бекінісі мықты, әскері көп және 

қару-жарағы мол кала» деп сипаттайды164. Археологиялык деректер де қар- 

лұқтарда отырықшы халықтың әжептәуір болғанын көрсетеді.

Деректемелер оғыздардың арасында отырыкшы егіншілер мен кала ха- 

лықтарының  едәуір  көп  болғандығын  көрсетеді.  «Оғыздарда  кала  көп,  — 

деп жазады  әл-Идриси,  — олар  солтүстікке  және  шығысқа  қарай  бірінен 

кейін бірі созылып жатады»165. Әбу Дулаф оғыздардың орда қаласында тас­

тан,  ағаштан  ж әне  қамыстан  салған  үйлер  болды  деп  көрсетеді166.  Масу- 

дидің жазуынша, Арал өңіріндегі оғыздар көшпелі және отырықшы болып 

екіге бөлінеді167, Сырдарияның төменгі ағысындағы Ж анкент, Жент, Жуа- 

ра қалалары оғыздардың калалары болған.  «Худуд әл-аламға» және Биру- 

ни мен Махмұд Қашғаридың жазғандарына қарағанда, Сырдарияның орта 

ағысында  да  оғыздардын  отырыкшы  мекендері  болған,  олар:  Қарнақ,

335


Сүткент, Фараб, Сығанак, және Сауран; олардың негізгі тұрғындары ятұктар 

(жатактар) болған. Махмұд Қашғаридың анықтамасы  бойынша,  «бұл кал- 

аларда тұратын  оғыздар басқа  жерлерге  көшпейді,  соғыспайды,  ятұк деп, 

яғни елеусіз қалған жалқаулар деп аталады»168.

Сырдарияның орта және төменгі ағысында жүргізілген археологиялык 

зерттеулер кезінде ертедегі  ортағасырлык көптеген  коныстардың жұртта- 

ры табылады, бұлар ескі, суарма арналары бар жер алкаптарына өзінше бір 

үлгіде орамалай салынған орталыктары бар коныстар болған.

Кимектерде отырыкшы қоныстар болғанын көптеген араб-парсы автор- 

лары көрсеткен.  Әскері бар  кимек қағанын көрген Тамим ибн Бахр онын 

ордасының қасында қоныстар мен егін салынған жерлер барын да айтады. 

«Худуд әл-аламның» кимектер туралы бөлімінде «кимектер елі және олар- 

дьщ қалалары туралы пайымдау» деген сөздерден басталады,  мүнан кейін 

қағанның жазғы ордасы Имекия (басқа деректерде Кимекия) және Жұбын 

қонысы  айтылады169.  Көшпелі  түрмыс  салтына  бейімделген тұрғын  үйдің 

негізгі түрі -   киіз үйден баска Исхақ ибн әл-Хусейн мен әл-М арвази ки- 

мектердің жертөлелері бар деп жазады170.

Кимектердің  калалық  тұрмысы  туралы  әл-Идриси  шығармаларынан 

мейлінше  толық  мәліметтер  алуға  болады.  Кимек  ханзадасы  Ж анақ  ибн 

Хақан әл-Кимекидің кітабына сүйене отырып, ол кимектердің көлдер мен 

өзендердің жағаларына, таулы аудандарға және пайдалы кендер шығатын 

жерлсрге салынған  16 қаласы  туралы  айтады.  Олардын көбі сауда жолда- 

рының бойында түрған. Кимек қалалары жаксы бекінген. Деректемелерде 

таулардың арасындағы,  айналасында суға толы жыралары  бар қамал-кал- 

алар айтылады. Орталық Қазақстанда қабырғасы шикі кірпіштен салынған, 

іш жағы шыммен, буылған қамыспен өрілген кала жұрттары табылды; мұнда 

көптеген қоныстардың, суарма арналардың ертедегі қалдыктары ашылды171.

Қарлұқтардың,  оғыздар  мен  кимектердің  жартылай  отырыкшы  және 

отырықшы топтары егіншілікпен айналысты, көбінесе тары екті. Әл-Йак- 

убидің айтуынша «Түркістанда жаварс деп аталатын тарыдан басқа егіншілік 

жоқ»172. Әбу Дулаф қарлұқтар мен кимектер азық үшін бадана, бұршақ және 

арпа  егеді  дейді173.  Әл-Идриси  кимектерде  бидай  мен  арпа  егілетін,  жері' 

қүнарлы  аудандар  барын,  олардың  еңбек  көп  жүмсалатын  күріш  сияқты 

егіншілік дақылын өсіретінін айтады174, ал күрішті суармалы жерлерде ғана 

өсіруге болады.

Бұл дақылдарды  өсірудің дәстүрлі  болғанын  оғыз-кимек-қыпшақ тай- 

паларының оларды атау  үшін  қолданып, түсіндірме сөздіктерде сақталып 

қалған терминдері де керсетеді. Бүлардың бәрі де түрік тілінің сөздері: екін

-   егін, бұғдай — бвдай, тару (тарығ) -  тары, арпа -  арпа, тутарған -  күріш, 

мержамақ -   жасмық,  ирдан  —  қырман.  Отырықшы  түріктер,  дейді  Фахр 

ад-Дин Мерверруди, бау-бақша, жүзім ағаштарын өсіреді175. Таразға жақын 

Атлах қаласы туралы әл-М акдисиде былай делінген:  «Оның жерінің  көбі 

бау-бақша, ал бақтарының дені жүзімдік».  Бұл деректерді  археологиялык 

зерттеулердің материалдары растайды. Таразды қазып ашқанда IX—X ғасы- 

рлардың мәдени қабаттарынан өріктің, қара өріктің, шиенің сүйектері, бак- 

ша дақылдарының -   қарбыз бен  қауынның,  сондай-ақ жүзімнің тұқымы 

көп табылады'76.

Қарлұқтардың, оғыздар мен  кимектердің егіншілік шаруашылығы на- 

туралдық шаруашылық болды ж әне ездері тұтынатын кджеттерді әрең кан-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет