Министрлiгi министерство образования и науки республики



Pdf көрінісі
бет42/50
Дата31.03.2017
өлшемі4,16 Mb.
#10785
түріСборник
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50

Әдебиеттер 

1.

 



Лурия А.Р. Язык и сознание. М.: 2009. 

2.

 



Выготский  Л.С.  Сӛйлеу  мен  ойлаудың  дамуы.  Психология.  Адамзат  ақыл-

ойының қазынасы. 1 т. Алматы: 2005. 

3.

 

Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі бала психологиясы. Алматы: 1986 



 

 

ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-

СИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТЕРДІ  ҚОЛДАНУДЫҢ  РӚЛІ 

 

Жорабекова М. К. 

АӘИУ, Аймақтық инновациялық институт 

 

Тәуелсіздік  алғаннан  бері  елімізде  ЖОО-да  білім  беру  жүйесінде  оқу 

процесін  жақсартумен  қатар  студенттер  ӛмірінде  іс  -  әрекетері  мен  қарым  – 

қатынасында  ерекше  психологиялық  жолмен  шешуді  қажет  ететін  жағдайлар  аз 

еместігі  белгіглі.Студент  ӛмірінде  тәжірибеден  ӛз  мүмкіншіліктерін  толық 

қолданбайтын,  ерік  –  күштерін  шамалы  ғана  жұмсайтын  немесе  еңбек  іс  - 

әрекеттері  барынша  нәтижелі  болғанымен,  осыған  шамадан  тыс  күш  жұмсалу 

салдарынан  олардың  психологиялық  қажуы,  титықтауы,сарқылуы,  яғни  жалпы 

тіршілік  әрекетінің  шырқы  бұзылуы  орын  алып  жатқан  жағдайлар  да  аз 

кездеспейтіні белгілі. Іс - әрекетінен мәнді нәтиже алуға кеткен күш – қайраттың 

орнын толтыра алмау салдарынан кейбір жастардың психологиялық стресс алуы 

да  кездеседі.  Сондықтан  студенттердің  барлық  күш  –  жігерін  осы  сәйкессіздікті 

жоюға  кӛмектесетін  психолог  маманның  осы  орайда  ролі  зор.  Қазіргі  кезде 

психология  ғылымында  эмоция  туралы  зерттеулер  және  оның  теориялық  дамуы 

кеңінен  дамыған.  ЖОО-да  оқу  процесімен  қатар  әлеуметтік  –  психологиялық 

тренингтер  жұмысын  ұйымдастыру,  олардың  маңыздылығын  айқындап,  түрлі 

мәселелік  жағдаяттарын  анықтауға  және  ӛмірдің  күрделі  жағдайларында  дұрыс 


384 

 

шешім  қабылдауға  машықтандыруда,  эмоциялық  қалыпты  реттеуде  әлеуметтік 



тренингтерді  пайдалану  жолдарын  анықтау  -  ӛзекті  мәселердің  бірі  болып 

саналады.  Әлеуметтік  –  психологиялық  тренингті  ұйымдастыру  мәселесі  қоғам 

сұраныстарынан туындап отыр. Әсіресе, студент ӛмірінде тұлғалардың жетістікке 

жету  мақсатында    сенімділік  ұялату,  мақсатқа  бағыттылықты  қалыптастыру 

әлеуметтік-  психологиялық  тренингтерді  ұйымдастырумен  қол  жеткізілетіндігі 

жүргізілген  кӛптеген  зерттеулердің  арқасында  дәлелденіп  отыр.  Қазіргі  таңда 

білім  беру  -  әрбір  тұлғаның  даралығын  ашу,  жеке  тұлға  ретінде  дамыту, 

бейімділігін  қалыптастыруға  бағытталса,  сол  жаңа  жүйенің  негізі  бүгін  кӛрініс 

тауып,  қазірден  нәтижесін  беруі  қажет.  Сондықтан  әрбір  педагог  -  психологтың 

мақсаты  -  ӛз  қызметінің  мазмұнын  инновациялау  .  Ол  үшін  жаңа  мазмұнды 

жұмыс  жоспарын  жасап,  барлық  үдеріс  нәтиже  беруге  бағытталуға  тиіс.  Осы 

орайда  әлеуметтік  –  психологиялық  тренинг  арқылы  студенттердің  эмоциялық 

қалпын  реттеу  жолдарын  жүйелеу  аса  маңызды.  Осыған  сәйкес  педагог  – 

психолог маманына келесі міндеттер қойылады: 

-

 

студенттердің психологиялық ерекшеліктерін теориялық негіздеу; 



-

 

студенттердің эмоциялық қалпын диагностикалау; 



-

 

әлеуметтік  –  психологиялық  тренинг  арқылы  студенттердің  эмоциялық 



қалпын реттеу. 

Сондай-ақ  оқыту  процесін  белсенділендірудің  тәсілі  ретінде  психологиялық 

тренингтердің  де  маңызы  зор.  Білім  беру  технологияларында  психологиялық 

тренингтерді  пайдаланудың  тиімділігі  оқытушының  кәсіби  іс-әрекетін  дұрыс 

ұйымдастыра  алуымен  байланысты  екендігі  белгілі.  Жалпы  тренинг  сӛзі  қандай 

мағына  береді?  Тренинг  (ағылш.  training,  train  –  оқыту,  тәрбиелеу)  – білімді 

жетілдіруге  бағытталған  белсенді  оқытудың  әдісі.  Тренинг  сӛзі  тәрбиелеу, 

жаттықтыру,  үйрету  сияқты  бірқатар  мағынаға  ие.  [1].    Тренинг  адам  бойында 

қалыптасқан  мінез  –  құлық  пен  іс  -  әркеттерді  басқару  модельдерін  қайтадан 

қалыптастыру тәсілі ретінде қолданылады[2].  

Мысалы  ресей  ғалымы  Ю.  Н.  Емельянов:  «Тренинг-  кез  келген  күрделі 

әрекетті әсіресе қатынасты білуге және игеруге бағытталған қабілетті дамытатын 

әдістер топтамасы»,- деп айтқан [2]. Ал Вачковтың тұжырымдамасы бойынша: « 

Ӛзін  тану  мен  ӛзін  дамыту  дағдыларын  қалыптастыру  мақсаты  үшін 

қолданылатын практикалық психологияның  белсенді әдістерінің жиынтығы». [3]. 

      Тренингтің  даму  тарихы  оқыту  тарихы  сияқты  мың  жылға  созылған. 

Дегенмен, 

тренингтің 

дамуын 

әлеуметтік 



психолог 

Курт 


Левиннің 

шығармашылық зерттеу кезеңіне жатқызуға болады.  

      Әлеуметтік    психологиялық  тренингтің  философия  құрамында  ұзаққа 

созылған  даму  тарихы  бар.  Батыста  18ғасырдадағы  ағартушылық  кезеңде  оған 

кӛбірек  кӛңіл  бӛліне  бастады.  19  ғасырдың  аяғы  мен  20  ғасырдың  басында 

әлеуметтік психология жеке ғылым саласы ретінде орнықты. 20 ғасырдың 20 -шы 

жылдарынан  бастап  әлеуметтік  психология  АҚШ,Англия,  Германия,  Франция 

сияқты дамыған елдердегі психология бұрынғы Кеңес  билігі тұсында бұл ғылым 

жетекші  салаға  айналды.    Тренинг  –  оқушылардың  оқуға  деген  ынтасын 

арттыратын  құрал.  Тренинг  түрлерінің  ішіндегі  -  әлеуметтік  –  психологиялық 

тренингтер психологтар үшін тиімді. Себебі бұл әдіс  студенттермен, әлеуметтік 


385 

 

топтар  мамандарымен  тағы  басқа  қажетті  обьектілермен  белсенді  жұмыс 



жүргізуге қолайлы. Психологиялық тренингтің мақсаты – қатынастағы тиімділікті 

арттыру,  адамның  перцептивті  қабілеттлігін,  жеке  тұлғаның  қатынас  жүйесін 

шыңдай  түсу.Сонымен  қатар,студенттердің  қызығушылықтарын  туғызатын, 

тренинг  әрекетінің  ең  негізгі  түрінің  бірі  –  дидактикалық  тренингтер. 

Дидактикалық  тренинг    тапсырманың  мәнін  ашады.  Дидактикалық  тренингтерді 

жаңа  тақырыпты  түсіндіру  барысында,  қайталау,  пысықтау,  жаттығу 

сабақтарында  да  пайдалануға  болады.  Дидактикалық  тренинг  барысында  есте 

сақтау,  кӛру,  сезіну,  қабылдау,  ойлау,  сӛйлеу,  процестері  дамып,  заттарды 

пішініне,  түсіне,  кӛлеміне  қарай  іріктеуге  әртүрлі  қимылдарды  орындауға 

үйретеді.  Ал  психологиялық  тренинг  ӛзінің  жеке  даралық  қасиеттері  арқылы 

тұлғаның  ӛзін  -  ӛзі  ашуына  кӛмек  береді  және  адамды  нақты  тапсырманы 

орындауға  қажетті  білім,  шеберлік  және  бағытпен  қамтамасыз  етеді.  Тренингте 

ӛзгеріс, нәтиже бірден кӛрінеді. Рольдік тренинг, видеотренинг, мәдениетаралық 

ӛзара әрекет тағы басқа да тренингтерді сабақта қолдану оқытушыны жетістікке 

жетуіне  себебін  тигізеді.  Тренингтер  белгілі  бір  ортадағы  мәселелер  мен 

қиындықтарды шешуге және түзету, ӛзін - ӛзі шығармашылық тұрғыда дамытуға, 

тұлғаның  әлеуметтік  ортада  ӛзіндік  реттелуіне  мүмкіндік  болатын  қажетті 

жағдайды туғызуға кӛмектеседі. Тренинг элементтеріне жататындар: 

-

 

Белсенділік 



-

 

Зерттеу және шығармашылық қатынасы 



-

 

Мінез – құлық объективтілік принципі 



-

 

Қарым – қатынаста субъект, субъектілік принципі 



     Тренингтік  технологияның  тиімділігі  –тренингке  қатысушылар  арасында 

қарым  –  қатынас  құзыреттілігінің  қалыптасуы.Әрине,  тренинг  жүргізер  алдында 

түрлі бағыттағы бақылау қорытындыларының да болуы маңызды. Мысалы,:  

-

 



студенттің тәртібі мен үлгірімін сабақта және сабақтан тыс уақытта бақылау 

-

 



студенттің қызметіне талдау жасау (әр пән бойынша білім деңгейіне, жұмыс 

дәптерлеріне, жазған шығармаларына т.б) 

-

 

студентпен  жеке  байланыс  жасау  (сұхбаттасу,  пікір  алысу,  тест  алу,  эссе 



жаздыру, сурет салдыру, хат жаздыру 

-

 



достарымен кездесу, пікірлесу, кездесуге шақыру 

-

 



ата – анасымен байланыс ( қызметі, отбасы тәрбиесі, ӛскен ортасы) 

Жалпы  тренингтік  технологиямен  жұмыс  жасау  барысында  бірқатар 

принциптерді басшылыққа алу қажет.  Олар: 

-

 



-Белсенділік  принципін  қолданғанда,  тренинг  барысында  тренингке 

қатысушылар  арнайы  талқыланған  іс  -  әрекетке  белсенді  қатысуы  қажет. 

Неғұрлым  қатысушылардың  белсенділігі  жоғары  болса,  тренинг  соғұрлым 

нәтижелі болмақ. Сондықтан тренинг алдында қатысушылардың психологиясына 

әсер  етіп,  тиімділігіне  назар  аудартып,  қызығушылығын  арттыру  керек.  Қажет 

болған  жағдайда  ӛмірден  жанды  мысалдар  келтіру  де  тренингтің  нәтижелі 

болуына  әсер  етеді.  Бұл  принцип  адам  естігенінің  10  пайызын,  кӛргенінің  50 

пайызын иегерді деген қағидаға сүйенеді. 

     Қорыта келгенде,    Білім беру саласында оқушылардың әр пәнді игеруге деген 

құлшынысын арттыру мақсатында қазіргі таңда  тренингтердің кӛптеген түрлерін 



386 

 

қолдану  үлкен роль атқарады. Оқу үрдістерінде тренинг түрлерін психологиялық 



ерекшеліктеріне  сәйкес  түрлендіріп,  жаңа  тақырыпты  ӛткенде,  ӛтілген 

материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың 

кез-келген  сәтінде  оқыту  әдісінің  құралы  ретінде  пайдалану  -  қазіргі  заман 

талабы..  Сонымен  қатар,  ЖОО-да  жүргізілетін  психологиялық  тренингтер 

студенттердің жоғарғы оқу-орындарына бейімделуіне аса қажет.  

 

Әдебиеттер 

1.

 



Педагогика  және  психология  сӛздігі.-Алматы:  «Мектеп»  баспасы  ЖАҚ, 

2002ж. 


2.

 

2.Емельянов  Ю.Н.  Активное  социально-психологическое  обучение.  Л.:  Изд-



во ЛГУ, 1985г. 

3.

 



Вачков 

И.В. 


Психологический 

тренинг 


как 

средство 

развития 

профессионального самосознания педагогов // Школа здорвья. 1995г. 

 

 

ҦЛТТЫҚ КИІМ  – СТУДЕНТТЕРГЕЭТНОМӘДЕНИ БІЛІМ 

БЕРУДІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ 

 

Аға оқытушы Жузеева К.Е. 

Аймақтық әлеуметтік - инновациялық университет 

Қазақстан Республикасы, Шымкент қ. 

 

Мәдениет - адам құндылықтарының, әсіресе адаммен байланысты болмыс 



мәнін  айқындайтын  мәдени  құндылықтардың  сыртқы  кӛрінісі.  Қазіргі 

жаһанданушы  дүниеде  мәдениетті  және  оның  маңыздылығын  ӛздігінен 

сараптау  емес,  мәдениеттің  әрбір  дәуірдегі  даму  деңгейін  оның  құндылығына 

және  нақты  уақыт  кезеңіне  қарай  рухани-мәдени  ерекшелігін  семантикалық 

тұрғыдан  ойлау  маңызды.  Ӛйткені,  мәдениет  ӛздігінен,  ӛзінің  сыртқы  пішіні 

арқылы  (ал,  бұл  сәндік-қолданбалы  кӛркемсурет,  ән,  би,  кино  және  т.б.) 

адамның  рухани  болмысына  терең  әсер  етіп,  рәміздік  сипатқа  ие  болады. 

Мәдениет  мазмұнының  сипатын  айқындау  ӛзіндік  мәдениет  үшін  емес, 

мәдениет  арқылы  кӛрінетін  адамның  руханилығымен  маңызды.  Шынында  да, 

қоғам  ӛзгерсе,  адам  ӛзгереді,  онымен  бірге  санамыз  мәдениетіміз  де  ӛзгеріске 

ұшырауы  мүмкін.  Материалдық  игіліктерді  ӛндіруден  бастап  киім  кию 

мәдениетінің  алғашқы  бастауларында  адам  мен  табиғаттың  ажырамас 

байланысы бар екенін Ш. Уәлиханов атап кӛрсетті», - дейді Н.Алимбаев.  

Табиғат  адамды  жаратушы  ғана  емес,  оның  бүкіл  қоғамдық  ӛміріне  әсер 

етуші  фактор.  Киімнің  әлеуметтік  жүйесі  мен  пішін  үлгісінің  ӛзгеруі  сән 

талғамына  байланысты  ӛзгереді.  Қоғамның  мәдени  даму  жолында  жеке 

адамның  рӛлі  анықталса,  сән  киімде  жаңа  пішін  қалыптастырудың  демеушісі 

болып табылады. Демек, қоғамда адам тұлғасын айқындайтын жеке заттардың 

мәні,  белгісі  және  қандай  да  бір  жеке  тұлғаның  әрбір  ерекше  белгісі 

біртұтастылықта жинақталып кӛрініс табады. Киімнің пайда болуы мен тарихи 



387 

 

дамуы  әр  дәуірдің  кезеңдерімен  байланысты,  дайындау,  тұтыну,  қызмет 



кӛрсету,  оқыту,  бағалау  және  ұғыну  секілді  бірнеше  ірі  жіктемелерде 

қалыптасып  отырған.  Қазір  біз  қазақ  ұлттық  әйел  киімдерін  тек  бағалап  қана 

қоймай, оның мән-мағынасын түсінуге тырысамыз, ӛйткені киім бӛлшектерінің 

жүйесін  құрастыру  ӛте кең  әрі  кӛптүрлі.  Киім  мәдениетінің ұлттық ӛзгешелігі 

және этникалық нышаны басқа бӛлшектеріне қарағанда тұрақты қалыптасқан.  

Халқымыздың  ұлттық  мәдениеті  мен  рухани  мұраларын  киім  ӛнерінің 

бағыты арқылы зерттеулер, ғылыми басылымдар баршылық болғанымен қазақ 

ұлттық  киімдерінің  пішіні  мен  ұлттық  әлем  бейнесі  ретінде  кӛрінетін  оның 

бейнелік нақыштарының семантикасы және типологиясы мен жіктемесі толық 

зерттеліп,  жасалмағанын  айтуымыз  керек.  Сәндік-қолданбалы  ӛнеріміздің 

рухани-материалдық 

бірлігін 

танытатын 

қазақ 


ұлттық 

киімдерінің 

құндылықтық мәнін зерттеу қазіргі мәдениет пен ӛнердегі негізгі қажеттіліктен 

туындайтын  мәселелерді  жаңа  қырынан  ашуға  және  ұлттық  киімдерінің 

жіктемесін жасау қазіргі ұлттық киімдер жайлы жинақталған иллюстрациялық 

және  теориялық  материалдарға  жаңа  тұрғыдан  анықтап,  пайымдама  жасауға 

мол мүмкіндік береді.  

Диссертация  тақырыбына  қатысты  Н. Ж. Шаханованың  зерттеулерінде 

дәстүрлі  қазақ  киім  кешенінің  құрылымдық  белгілік  қырлары,  адамның  жас 

ерекшелігі мен әлеуметтік жағдайымен және киімнің жеке бӛліктерімен «Адам 

–  киім»  жүйесінің  танымдық  кӛрінісі  семантикалық  тұрғыдан  толық 

сипатталуымен  маңызды. Г.К.  Ибрайшинаның  «Сәндік-қолданбалы  ӛнер қазақ 

мәдениетінің ӛзіндік ұлттық бейнесі ретінде» атты диссертациялық жұмысында 

қазақтың сәндік-қолданбалы ӛнерінің негізінде қалыңдық киімінің жиынтығына 

семантикалық  талдау  жасап  қарастырылған.  Э.Р.  Усманованың  «Қола  дәуірі 

әйел  костюмі»  атты  монографиясында  археологиялық  мәліметтер  бойынша 

әйел  киімдерінің  бӛлшектерін  бас  киім  мен  оған  тағылатын  әшекейлердің 

жаңғыртпасының  негізінде  ерекше  мән  беріп  сипатталған  және  б.з.  II 

мыңжылдықтың тоқыма технологияларын қалпына келтіру, іске асыру туралы 

ойларыда  қазіргі  киім  жасаудағы  түрлі  әдістерді  қолдануға  мүмкіндік  береді. 

Сондай-ақ,  А.  Жиенбекованың  «Қазақ  ұлттық  киімі  мәдени  феномен  ретінде» 

атты  мәдениеттанулық  еңбегімен,  Ж.  Берістеновтің  «Қазақ  мәдениетінің 

рәміздік  жүйесіне  философиялық  талдау»  атты  семиотикалық  зерттеу 

жұмысындағы  сақ  жауынгері  киімдерінің  семантикасын  талдау  тәсілдерімен  

және  Н.А.  Володеваның    зерттеу  еңбегі  соңғы  кезде  ұлттық  киімнің  қазіргі 

заманға сай дизайн үлгісінде жасалу жолдары қарастырылған. Әйел киімдерінің 

құрылымдық-технологиялық  бірізділігі  мен  композициялық  шешімінің 

негіздері  Б.Е.  Асанова,  М.А.  Нұржасарова,  Э.К.  Тоғызбаева,  т.б.  ғылыми 

зерттеулерінде  қарастырылған,  бұл  ғылыми  зерттеулердің  нәтижелері  қорды 

мәліметтік толықтырумен айқындалады. 



388 

 

Осы аталған теориялық білімдер мазмұнын қазақ ұлттық киімдерінің шығу 



және  даму  тарихы,  олардың  жіктемесі  мен  ерекшеліктері,  атқаратын  қызметі, 

тәрбиелік  мүмкіндіктері,  жасалу  техникасы  мен  технологиялары  туралы 

білімдер құрайды. 

Сонымен  бірге,  біздің  зерттеу  объектімізге  байланысты  студенттердің 

ұлттық киім ӛнері арқылы шығармашылық ізденіс қабілетін дамыту танымдық 

қызығушылық  арқылы  жүзеге  асады.  Осыған  орай  студенттерге  ұлттық 

киімдердің  мазмұнын  жан-жақты  меңгерту  олардың  танымдық  түсініктерінің 

кеңеюіне, ұлттық киімдерге және оны әзірлеуге ынталарының артуына, ұлттық 

мәдени мұраға, еңбекке оң қарым-қатынастарының қалыптасуына ықпал етеді. 

Ӛйткені  ұлттық  киім  -  халықтың  дүниетанымынан,  эстетикалық  талғамынан, 

әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен жан-жақты хабар ететін тарихи-мәдени мұра. 

Қазақ  ұлттық  киімдерінде  оның  этникалық  тарихы  мен  экономикалық, 

әлеуметтік және табиғи ортаның ерекшеліктерінен туындайтын кӛне дәстүрлері 

сақталған. 

Ұлттық 

киімдер 


қарастырылған 

әдебиеттер 

мен 

альбомдарда, 



энциклопедиялық сӛздіктерде олардың жіктемесі әр түрлі берілген: 

-

 



адамның  дене  мүшелеріне  сәйкес  баскиім,  иықтық  киім,  белдік  киім, 

аяқкиім;  пайдалану  тұтыну  ерекшеліктеріне  байланысты  күнделікті,  сәндік 

киімдер;  жыл  мезгілдеріне  қатысты  қыстық,  маусым  аралық  және  жаздық 

киімдер; жас және жыныс ерекшелігіне қарай сәби киімі, бала киімі, бозбала 

киімі,  бойжеткен  киімі,  қалыңдық  киімі,  келіншек,  бәйбіше  киімі,  күйеу,  жас 

жігіт, ақсақал киімдері; әлеуметтік дәрежесіне, сондай-ақ кәсіби салаға қатысты 

бай, би, сұлтан, бақсы, сал-сері, малшы, аңшы, балуан, батыр киімдері. 

-

 



іштік (кӛйлек, желетке, қамзол, кәзекей, дамбал), сырттық {шапан, күпі, 

тон,  шидем,  аң  терісінен  істелген  ішіктер),  сулық  (шекпен,  қаптал  шекпен, 

кебенек, кенеп т.б.),  біркиер киім {той-думан мен сапарга шыққанда киетін)\ 

жүздердің атауларына байланысты ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз киім үлгілері, 

ру  атауларына  қатысты  арғын  тымақ,  найман  тымақ,  қыпшақ  тымақ,  адай 

тымақ және т.б.; географиялық мекен атына қарай жетісу үлгісі, арқаның үлгісі, 

қоңырат үлгісі және т.б; 

-

 

ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік, салтанат-ғұрып киімдер; 



-

 

салтанатты киім, күнделікті киім; 



-

 

сырт киімдер (ерлердің сырт киімдері: шапан, шекпен, бешпет, кеудеше, 



әйелдердің  сырт  киімдері:бешпет,  камзол,  кеудеше,  желбегей,  шалбар, 

белдемше); аяқ киімдер, бас киімдер, той киімі; 

-

 

іштік,  сыртқы  (ӛң),  сулық,  ерлердің  бас  киімдері,  әйелдердің  бас 



киімдері, аяқ киімдер (А.Құралов). 

-

 



бас киімдер, сырт киімдер, бой киімдер, аяқ киім (Н.Әлімбай). 

Жалпы,  қазақтың  ұлттық  киімдері  түрлерінің  кӛптігі  мен  алуан  түрлілігі 

олардың  атқаратын  қызметтерінің  жан-жақтылығын,  бірқатар  ерекшеліктерге 

ие  екендігін,  шығу,  даму  тарихының  тереңдігін,  қоғамдық  қатынастық, 

әлеуметтік  мәнінің  кеңдігін,  тәрбиелік  мүмкіндіктерінің  жоғарылығын, 

құрастыру,  әзірлеу  технологияларының  сан  түрлілігі  мен  кӛп  қырлылығын, 

еңбек 

операцияларының 



қиындығы 

мен 


күрделілігін, 

дизайнының 

мазмұндылығын аңғартады. 


389 

 

Н.М.Капашникова дәстүрлі киім-кешек тікелей тіршілік қамын қамтамасыз 



ету  қызметімен  қатар,  «...  эстетикалық,  эротикалық,  магиялық,  адамдардың 

жасына  байланысты  қызмет  және  әлеуметтік-жыныстық,  осыған  орай 

моральдық,  әрі  сән-салтанаттық,  ғұрыптық,  кәсіби,  сословиелік  пен 

адамдардың  айналысатын  кәсібін,  діни  ұстанымын,  аймақтық  ерекшелікті 

айғақтайтын қызметтерімен ерекшеленеді» деп керсеткен. 

Қазақтың ұлттық киімдерін зерттеген ғалымдардың бірі Э.Рассохина қазақ 

киімдері  негізінен  сәндік-мерекелік  болып  келетіндігін,  бірақ  осы  сәнділік 

оның  атқаратын  қызметтерімен  органикалық  үйлесімділікте  болатындығын 

негіздейді. Мәселен, киімдердің жиектеріне сәнділік тұрғысында безендірілген 

ызбалар  мен  оқа  жіптер  оның  етегінің  тозудан  сақтандырады.  Үлбірден 

жасалган  ішіктер  мерекелік  тұрғысынан  және  үлбірін  сақтап  тұру  үшін 

барқытпен  тысталды.Теріден  жасалған  белдіктер  сәндік  үшін  және  мықты 

ұстап  тұру  үшін  металл  тілімшелермен  әшекейленді,  Әрбір  сәндік  элемент 

немесе  құрастыру  амалы  жәй  қолданылған  жоқ,  олардың  бәрі  бір  мақсатқа 

бағытталды  және  ыңғайлылыққа,  сұлулыққа  және  киімнің  ұзақ  сақталуына, 

тозбауына қызмет етті. 

Біз қазақ ұлттық киімдерінің атқаратын қызметін тӛрт топқа {практикалық, 

ақпараттық, ғұрыптық-дәстүрлік, эстетикалық) бӛліп қарастырамыз: 

1) Практикалық: 

-

 

суықтан,  ыстықтан,  самал-желден,  шаңнан  т.с.с.  қоршаған  ортаның, 



табиғаттың түрлі әсерінен қорғауы; 

-

 



кӛлікке (ат, түйе т.б.) отыруға ыңғайлы болуы; 

-

 



кӛшіп-қон ӛмірге ыңғайлы болуы (шапанын жастанып, жамыльш, ораньш 

ұйықтау және т.б.); 

-

 

малшылық, егіншілік ӛмірге жүріп-тұруға ыңғайлы болуы; 



2) Ақпараттық: 

-

 



адамның әлеуметтік тегін кӛрсетуі (байлар, кедейлер және т.б.) 

-

 



қоғамдағы  қызметі  (хандар,  сұлтандар,  батырлар,  сал-серілер,  қожа- 

молдалар, бақсы-балгерлер, және т.б киімдері.); 

-

 

жасы (сәби киімі, бала киімі, бозбала киімі және т.б.); 



-

 

отбасылық жағдайы (қыз, келін, бәйбіше, балалы әйел киімі және т.б.); 



-

 

кәсіптік  жұмысы  туралы  ақпарат  беру  (малшы  киімі,  аңшы  киімі  және 



т.б.); 

-

 



ою-ӛрнектері  арқылы  ақпараттар  беру  (мәселен  шапанға  безендірілген 

«таңдай» оюы - даусың құстың сайрауындай әсем де әуенді болсын дегені). 

3)

 

Ғұрыптық-дәстүрлік: 



-

 

сыйлық-тартулық (шапан кигізу, иығына шапан жабу дәстүрі, елшіліктер 



арасындағы  құрметті  сый;  «шен-шекпен  алу»;  жағалы  киім  беру;  «тоғыз 

тартудың» ең басты бұйымы хан тонау); 

-

 

магиялық  (адам  қайтыс  болғанда  шапан  тарату;  дүние  салған  адамның 



шапандарын бірге жерлеу); 

-ырымдық (тіл-кӛзден, бәле-жаладан қорғау); 

-

 

салықтық (ат-шапан айып тарту); 



4)

 

Эстетикалық 



-

 

киімдердің ою-ӛрнектермен әшекейленуі; 



390 

 

-



 

тігіспен, кестемен, жапсырмамен, алтын зермен безендірілуі; 

-

 

аң терісімен (бұлғын, сусар, ақкіс, түлкі және т.б.) әрленуі; 



-

 

асыл тастармен, түрлі әшекейлермен безендірілуі; 



-

 

маржан моншақтармен, металл тілімшелермен үкі қауырсынымен; 



-

 

жібек, парша, барқыттан және т.б. тігілуі; 



-

 

желбіршек, желбезектердің салынуы; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет