Министрлiгi министерство образования и науки республики


СПОРТШЫ ЖАСТАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН



Pdf көрінісі
бет40/50
Дата31.03.2017
өлшемі4,16 Mb.
#10785
түріСборник
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50

СПОРТШЫ ЖАСТАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН 

АЙҚЫНДАЙТЫН ӘДІСТЕМЕЛЕР КЕШЕНІ  

 

Жолдасбекова Б., Артыгалина Г.  

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, Шымкент қаласы 

 

      


Әдістемелердің  ішіндегі  ең  нәтижелі  әрі  ұтымды  ӛткізілгені  талпыныс 

деңгейінің бағасын білу әдістемесі болып табылады. 



Әдістеме атауы: Ф.Хоппенің талпыныс деңгейін бағалау әдістемесі. 

      


Мақсаты: Таңдалған мақсатқа жетудегі қиындық деңгейіне байланысты 

адамның  шама-шарқы,  қабілеті,  т.б.  бағыттылығын  анықтау,  әдістеме  келесі 

нұсқау  кӛмегімен  жүргізіледі.  «Алдарыңызда  тапсырмалар  жазылған 

карточкалар  жатыр.  Карточкадағы  нӛмірлер  тапсырманың  қиындық  дәрежесін 

ӛсу реті бойынша орналасады. Әр тапсырманың орындалуына белгілі бір уақыт 

беріледі.  Ол  секунд  ӛлшегішпен  ӛлшенеді.  Егер  де  сӛздер  белгілі  уақыт 

аралығында  үлгермесеңіз  онда  мен  тапсырманы  орындалмады  деп  есептеймін 

де,  минус  белгісін  қоямын.  Егер  сол  уақытта  үлгерсеңіз,  плюс  қоямын. 

Тапсырманы ӛздеріңіз таңдауларыңыз керек». [32, 56] 

     Карточка 1. І-ші қиындық дәрежесі  

     «Н» әрпін үш сӛз жазу керек! 

     Карточка 2. ІІ-ші дәрежелі қиындық 

     «А» әрпіне 4 жеміс атауын жазыңыз! 

     Карточка 3. ІІІ-ші дәрежелі қиындық 

     «П» әрпіне 6 адам атын жазыңыз! 

     Карточка 4. IV- дәрежелі қиындық    

     «И» әрпінен басталатын 6 мемлекет атауын жазыңыз! 

     Карточка 5. V-ші дәрежелі қиындық  



362 

 

     «П» әрпіне 5 станция атауын жазыңыз! 



     Карточка 6. VI-шы дәрежелі қиындық 

     «С» әрпін 20 сӛз жазыңыз! 

     Карточка 7. VII-ші дәрежелі қиындық 

     «А» әрпінен басталатын іс-шараларды жазыңыз! 

     Карточка 8. VIII-ші дәрежелі қиындық  

     «М» әрпіне 5 мемлекет атын жазыңыз! 

     Карточка 9. IX-шы дәрежелі қиындық  

     «Л» әрпінен басталатын атақты 5 кино актерлерін жазыңыз! 

     Карточка 10. Х-шы дәрежелі қиындық  

     «М» әрпіне 5 фильм атауын жазыңыз! 

     Карточка 11. ХІ-ші дәрежелі қиындық 

     «А» әрпінен басталатын 5 атақты суретші, компазитор, жазушылардың    

     фамилияларын жазыңыз! 

     Карточка 12. ХІІ-ші дәрежелі қиындық 

     5 атақты суретшілердің «Қ»-дан басталатын аттарын жазыңыз! 

      


Эксперимент  жүргізуші  ӛз  қалауы  бойынша  тапсырманы  орындауға 

кеткен уақытты кӛбейтуге не азайтуға болады.  

      

Әрбір 


деңгейдің 

сұрақтары 

тиісті 

ұпайлармен 



бағаланады. 

Экспериментатордың  бағасынан  кейін  ғана  сыналушы  басқа  тапсырманы 

таңдауына болады. 

      


І-ші  дәрежелі  сұрақтар  бір  ұпаймен,  ІІ-ші  дәрежелі  екі  ұпаймен  т.б. 

бағаланады. 

      

Талпыныс  деңгейін  бағалай  отырып,  таңдалған  ұпайлардың  суммалық 



санын қолданады. Егерде, тестте сыналушыға 5 таңдау ұсынылса және бірінші 

рет ол 4-ші,  екінші рет 5-ші, үшінші рет – 4-ші, тӛртінші рет – 7-ші, бесінші рет 

– 6-шы карточканы таңдаса, онда талпыныс деңгейі келесіге тең болады. 

4+5+4+7+6=24 ұпай 



     2-ші әдістеме. Әдістеме атауы: Темперамент пен мінез сипаттары 

      

Мақсаты: 

Жүйке 


жүйесінің 

процестері 

жайлы, 

интраверсия, 



экстраверсия  туралы  білу.  Мінез,  темперамент  сипаттары  (МТС)  кӛмегімен 

эмоционалды  реактивтілікті,  невротикалықты  және  талпыныс  деңгейін,  типтік 

ерекшеліктер  мен  т.б.  кӛрсеткіштерді  бағалауға  болады.  Зерттеуде  «ӛмірлік 

кӛрсеткіштер»  әдісі  қолданылады.  Процедура  сұрақтарды  ұжымдық  тыңдауға 

және «иә» - «жоқ» деген бинарлық жауаптарды тыңдауға әкеліп соғады. Әрбір 

сұрақтарға  жауап  беруге  7-10  с.  уақыт  беріледі.  Сауалнама  кезінде  алынған 

мәліметтер  сыналатын  адамдардың  мінездемелі  сипаттамасын  құрастыруда 

қосалқы материал болып табылады. Сауалнаманы белгілі бір кәсіби іс-әрекетке 

мотивациясы дәрежесі байланысты әдістемемен толықтыруға болады. Сынауды 

жүргізуде  кӛптеген  сұрақтар  сенімді  түрде  қойылады.  Келесі  нұсқау  арқылы 

әдістеме жүргізіледі: 

     


«Егер  де  сіздер  мен  оқыған  пікірлермен  сӛзсіз  келісетін  болсаңыз  онда 

«иә»  деп,  келіспесеңіз  «жоқ»  деп,  ал  егер  бұл  сұраққа  күмәндансаңыз  немес 

қойылған  сұрақты  түсінбесеңіз  сұрау  белгісін  қойыңыз.  (сұрау  белгісі 

нәтижелерде есептеуде теріс жауап ретінде қарастырылады)». 



363 

 

     Сауалнама бірқатар мәліметтерден тұратын 10 бөлімнен тұрады: 



     1-ші  бӛлім  –  қозу  бойынша  жүйке  процестерінің  күші  туралы  (жекелеп 

алғанда бұл жұмысқа қабілеттілік, «күш заңына» сәйкестік, динаминанттылық). 



     2-ші бӛлім – жүйке жүйесінің психофизикалық табалдырығын ӛлшеу туралы 

(сезгіштік). 



     3-ші бӛлім – тежелу бойынша жүйке проуестерінің күші туралы. 

     4-ші бӛлім – жүйке процестерінің қозғалғыштығы туралы. 

     5-ші бӛлім – эмоционалды лобилдылық, реактивтілік туралы. 

     6-шы бӛлім – бірінші сигналдық жүйенің дамуы туралы. 



     7-ші бӛлім – екінші сигналдық жүйенің дамуы туралы. 

     8-ші  бӛлім  –  жоғары  невроздық  және  т.б.  адам  мінезіндегі  түрлі 

психопатиялық ауытқулар туралы. 

     9-шы бӛлім – ашық болу туралы. 

     10-шы бӛлім – талпыныс деңгейі жӛнінде. 

     Бағалау дұпыс, оң жауаптардың суммасы бойынша жүреді. 

     1  мен  7-ші  бӛлімдерде  8-9  дұрыс  жауаптың  болуы  және  8-ші  бӛлімді  10-9 

дұрыс жауаптардың болуы, 9-шы бӛлімде 1-2 дұрыс жауаптың болуы сипаттар 

үстемдік етуші болып саналады. 

     1  мен  7-ші,  10  бӛлімдерде  5-7  дұрыс  жауаптың  болуы,  8-ші  бӛлімде  оң 

жауаптың  болуы,  9-шы  бӛлімде  1-2  дұрыс  жауаптың  болуы  сипаттың 

байқалуының орташа кӛрсеткіштерін кӛрсетуі. 

     1-7 және 10-шы бӛлімдерде бір-екі дұрыс, оң жауаптың болуы, 8-ші бӛлімде 

– 1-3 оң  жауаптың болуы және 9-шы бӛлімде 5 оң жауаптың болуы сипаттың 

әлсіз байқалуын кӛруге болады. 

     МТС  бойынша  материалдарды  статистикалық  ӛңдеу  үшін  9  ұпайлық  баға 

қолданылуы мүмкін: 



     9  ҧпай  –  1-7  және  10-шы  бӛлімдер  бойынша  9  немес  одан  артық  дұрыс 

жауаптар  болғанда  және  8-бен  9-шы  бӛлімдерде  дұрыс  жауаптардың  жоқ 

болған кезінде қойылады. 

     8-7  ҧпай  –  1  мен  7  және  10  бӛлімдерде  9  және  одан  артық  дұрыс  жауаптар 

және 8 бен 9 бӛлімдерде 1-2 дұрыс жауаптар болғанда қойылады. 



     6  ҧпай  –  1  мен  7  және  10-шы  бӛлімдерде  5-6  дұрыс  жауаптар  және  8-ші 

бӛлімде 4 дұрыс жауап болғанда, бірақ 9-шы бӛлім бойынша мұндай баға жоқ. 

     5 ҧпай – 1 мен 7 және 10-шы бӛлімдер бойынша 5-6 дұрыс жауаптар және 8-

ші  бӛлім бойынша 5-6 дұрыс жауап және 9-шы бӛлім бойынша 3 оң жауап. 

     4  ҧпай  –  1-7  және  10-шы  бӛлімдер  бойынша  1-2  оң  жауаптар  және  8-ші 

бӛлім бойынша 7-8 оң жауаптар, 9-шы бӛлім бойынша 4 оң жауап болғанда. 



     3 ҧпай – 1 мен 7 және 10 бӛлімдер бойынша дұрыс жауаптардың жоқ болуы, 

8-ші  бӛлім  бойынша  9  дұрыс  жауаптың  болуы;  9-шы  бӛлім  бойынша  5  оң 

жауаптың болуында қойылады. 

     2 ҧпай – 1-7, 10-шы бӛлімдерде бір бірлікке тең бірдей жауаптардың болуы, 

8-ші  бӛлім  бойынша  10  оң  жауаптың  болуы,  9-шы  бӛлім  бойынша  5-7  оң 

жауаптың болуында қойылады. [46, 235] 



364 

 

Келесі  әдістеме  атауы:      Жаттықтырушы  мен  спортшының  ӛзара 



қарым-қатынасы. Әдістеме мақсаты: Спортшының жаттықтырушымен ӛзара 

байланысының психологиялық ерекшеліктері мен заңдылықтарын зерттейді. 



Әдістеме авторы: Ю.Ханин мен А.Стамбулов. 

      


Шкала  спортшының  жаттықтырушымен  қарым-қатынасын  үш  парамерт 

бойынша  анықтауға  кӛмектесетін  24  сұрақтан  құралған.  Ол  параметрлер: 

гностикалық,  эмоционалды  және  мінез-құлықтық.  Гностикалық  парамерт 

жаттықтырушының  маман  ретінде  спортшы  кӛзқарасы  тұрғысынан 

компетенттілігінің 

деңгейін 

анықтайды. 

Эмоционалды 

параметр 

жаттықтырушының  спортшыға  жеке  тұлға  ретінде  қаншалықты  сүйкімді 

екендігін  анықтайды.  Мінез-құлықтың  -  жаттықтырушы  мен  спортшының 

шынайы түрде ӛзара әрекеттестігі қалай қалыптасатынын кӛрсетеді. 

 

Әдебиеттер  

1.

 



Богданов Я.М., Краковяк Г.М., Минх А.А. Гигиена. – М.,1966. 

2.

 



Бурачук  Л.Ф.,  Морозов  С.М.  Словарь-справочник  по  психодиагностике.  – 

М.; Харьков; Минск, 1999. 

3.

 

Бриль М.С. Отбор в спортивных играх. – М., 1980 



4.

 

Ганюшкин  А.Д.  Задачи,  формы  и  методы  совместной  работы  психолога  и 



тренера. – Смоленск, 1989. 

5.

 



Генов  Ф.  Психологические  особенности  мобилизационной  готовности 

спортсмена. – М., 1971. 

6.

 

Гогунов  Е.Н.,  Мартьянов  Психология  физического  воспитания  и  спорта: 



Учеб. пособие для студ. Высш.пед.учеб. заведений. – М., 2004. 

 

Резюме 

Методические  комплексы,  уточняющие  психологические  особенности 

молодых спортсменов  

Summary 

The methods of clarification of  teenagers psychology  

 

 



ӘОЖ 71.75 

 

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНДЕ СПОРТТЫҚ ЖӘНЕ ҦЛТТЫҚ ОЙЫНДАР 



АРҚЫЛЫ ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУ 

 

Жолдасбекова Б., Молдаханов И. 

Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті, Шымкент қаласы 

 

Дене  шынықтыру  мен  халық  ойындарының  ұлттық  түрлері  халықтардың 

адамгершілігінде,  кӛзқарасы  мен  әлеуметтік  дамуында,  егеменді  елдердің 

арасында достастық қатынастарын нығайтуда маңызды рӛл атқарады. 

Жалпы  мәдениеттің  бір  бӛлегі,  алдымен  адамгершілікке  тәрбиелейтін 

тәрбиенің  іргетасы  бола  отырып,  олар  халықтардың  дене  дайындығының 



365 

 

артуына,  денсаулығының  нығаюына,  белсенді  демалысқа  арналған  жағдайлар 



жасауға ықпал етеді. 

Соңғы  жылдары  дене  шынықтырудың  ұлттық  түрлеріне  ерекше  кӛңіл 

бӛлінуде,  ол  бір  жағынан  біздің  қоғамдағы  әлеуметтік-саяси  процестерге 

байланысты  болса,  екінші  жағынан,  оның  халықтар  арасында  кең 

танымалдығына  байланысты  болып  келеді.  Тәрбиенің  дәл  осы  әдістері  мен 

тәсілдері  адамның  ұлттық  сапасының  ашыла  түсуіне  анағұрлым  ықпал  етіп, 

тұлғаның азаматтығы мен оның қабілеттерінің арта түсуіне әсер етеді [2] 

Сабақта  қолданылатын  дене  тәрбиесінің  кӛптеген  тәсілдерінің  ішінде 

ерекше орын халықтық педагогика тәсілдеріне тиесілі болып келеді. 

Халықтық  педагогика  тәсілдері  дегеніміз  –  халық  ауыз  әдебиеті,  балалар 

фольклоры,  қозғалмалы  ойындар,  еңбек  дәстүрлері,  ӛнер  түрлері,  қол  ӛнері, 

мәдени-тұрмыстық  дәстүрлер  мен  салттар,  олар  адам  мәдениетінің  асыл 

қазынасы  болып  келеді.  Олар  адамдардың  материалдық  және  рухани 

шығармашылығын  кӛрсете  біледі.  Ӛскелең  ұрпақты  бала  кезден  халықтық 

дәстүрлер  негізінде  тәрбиелеу  қоршаған  табиғатқа  және  қоғамдағы  ӛзара 

қатынасқа деген дұрыс қатынастың қалыптасуына ықпал етті. 

Мұғалімнің шеберлігін, оның беделін, ӛз жұмысын жақсы меңгергендігін, 

оқушыларға  деген  қарым-қатынасын  талдай  отырып,  В.В.  Белорусов,  М. 

Станкин    және  басқа  да  авторлар  сабақты  дұрыс  құра  білу  мен  ӛткізу, 

сабақтардың  жоғары  тығыздығы  сабаққа  деген  қызығушылықты  арттырып, 

олардың  бойында  ерік  күшін  тәрбиелеп,  қиындықтарды  жеңу  дағдыларына 

үйретеді.  Керісінше,  оқушылардың  аз  шұғылдануы,  мұғалімнің  аз  талап  етуі 

іштің  пысуына,  оқушылардың  сабаққа  деген  қызығушылығының  тӛмендеуіне, 

тәртіпсіздікке және сабаққа нашар қатысуға алып келеді [4] 

Сабақтарда  шұғылданушылардың  жақсы  тұстарын  анықтауға  арналған 

жағдайлар жасап, олардың жақсы тұстарын атау арқылы оқушылардың қандай 

жаңа  нәрсеге  үйренгенін    кӛрсете  білу  қажет.  Себебі  оқушылардың 

шығармашылық негізінде қозғалыс белсенділігінен де оның нәтижелеріне деген 

қызығушылық басым болып келеді. 

Тиімді  жағдайлардың  бірі  мұғалімнің  түрлі  оқыту  әдістерін  қолдана  білу 

болып  табылады.  Сондай  әдістердің  бірі  дене  шынықтыру  сабақтарында 

қазақтың  қозғалмалы  ойындарын  қолдана  білу.  Оқушылардың  бойында 

халықтық  педагогикаға  деген  қызығушылықты  қалыптастыру  арқылы 

мұғалімдер  халық  ойындарына,  жарыстарына,  дене  тәрбиесі  элементтеріне, 

ұмытыла  бастаған  кӛне  мәдениет  түрлеріне  –  ойындарға,  жарыстарға,  билер 

мен спорт түрлеріне деген қызығушылықты барынша толық пайдалануы қажет. 

Әрбір  халықтың  ұлттық  дәстүрлерінің  қайта  туындауы  тек  сол  халықтың 

ғана  үлесінде  болмауы  тиіс.  Әртүрлі  халықтардың  ойындарын  оқу-тәрбие 

процесінде  қолдану,  оларға  деген  қызығушылықты  ынталандырады, 

интернационализм  тәрбиесіне  ықпал  етеді.  Балалар  ойнай  жүріп  жағымды 

кӛңіл-күйін ойынмен және сондай ойынды ӛмірге әкелген, сыйлаған халықпен 

де  сабақтастыра  алады.  Ойын  арқылы  алғашқыда  сол  халықтың  мәдениет 

элементтерімен,  тілімен  (сол  тілдегі  ойын  атауымен,  ойын  элементтерімен, 

ойын    терминдері)  танысуы  іске  асады.  Оның  ӛзі  ойыншыларға  ойынның 



366 

 

ерекшелігі  мен  халықтың  мәдени  дәстүрлерін  жақсы  түсінуге  кӛмектеседі, 



түрлі халықтардың ойындарын салыстыруға ықпал етеді [2] 

Мектеп  оқушыларының  ӛміріне  халықтық  педагогика  тәсілдерін  тиімді 

енгізудің  негізгі  шарты  әрқашан  да  кең  ойын  репертуары  мен  педагогикалық 

жетекшілік жасау әдістемесін меңгеру болып табылады. 

Педагог  ойын  барысында  балалардың  назарын  ойын  мазмұнына  аударып, 

қозғалыстың  дәлдігін,  ережелерге  сәйкестігін,  дене  жүктемелерінің  шамасын 

байқайды,  қысқаша  сілтемелер  жасайды  және  ойын  жағдайында  пайда  болған 

жайтқа сай епті де жылдам қимылдауға үйретеді . 

Ойын  дегеніміз  кӛңілді  уақыт  ӛткізу  немесе  ағзаның  дене  жүктемесі  ғана 

емес, ол психологиялық дайындықтың да құралы. Орыс дәрігері мен ғалымы П. 

Лесгафттың  ойынша    тек  ойын  арқылы  ғана  адам  «ӛмірде  кездесетін 

кедергілерді жеңу тәжірибесін» меңгереді . 

Қазақ  халқының  халықтық  педагогика  тәсілдері,  соның  ішінде  ең  кең 

тараған аударыспақ, жорға жарыс, соқыр теке, жаяу кӛкпар, жаяу жарыс, жігіт 

жарыс  және  басқалар  студенттердің  назарын  аударып,  олардың  бойында 

қимылдың  ептілігін  дамытады,  ойын  ойнау  мен  кӛңіл  кӛтеру  мәдениетіне 

тәрбиелейді, ӛз халқына, оның дәстүрлері мен салтына деген махаббат сезімін, 

аға  ұрпаққа  деген  құрмет  сезімін  ұялатады.  Ойын  арқылы  студенттің  сабаққа 

дегшен қызығушылығын арттыруға әбден болады. 

Қазақтың халықтық педагогика тәсілдерін дене шынықтыру сабақтарында, 

сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс барысындағы нұсқалық бӛліктерінде 

пайдалану  мүмкіндігі  бар.  Бұл  ойындарды  сабақтың  дайындық  бӛлімінде, 

негізгі  бӛлімінде,  әсіресе,  шаршағанды  басу  үшін  –  сабақтың  қорытынды 

бӛлімінде қолдануға болады [3] 

  Үзілістерге де арналған арнайы ойындар бар: «ұшты-ұшты», «кім ұрды?», 

«жаяу жарыс» және басқалар, бұл ойындар жүйкеге түскен салмақты азайтып, 

сабақ  алдында  демалуға  мүмкіндік  береді.  Әдетте  қозғалмалы  ойындар  үлкен 

үзілістерде ӛткізіледі. 

Қазақтың  қозғалмалы  ойындары,  спорт  түрлері,  билер  және  халықтық 

педагогиканың  басқа  да  тәсілдері  дене  шынықтыру  мен  спортты  толықтыру 

мен  байыту  арқылы  дене  тәрбиесі  жүйесінде  құрметті  орынға  ие  болуы  тиіс. 

Оқушылардың халық шығармашылығына деген құмарлығы ерекше. Сондықтан 

да  дене  шынықтыру  мен  спорт  ұжымдары  қызметкерлерін  оқу-тәрбие  және 

спорттық-бұқаралық жұмыстарды жетілдіру мен жақсартуға міндеттейд. 

Халықтық  педагогиканың    ұлттық  қозғалмалы  ойындар,  қазақ  билерінің 

элементтері,  дене  шынықтыру  сабақтарындағы  күрес  түрлері,  бұқаралық 

кӛпшілік спорт мерекелерін ұйымдастыру сияқты тәсілдерін пайдалану – уақыт 

талабы.  Дене  шынықтыру  сабақтарында  мұғалімдердің  пайдаланып  жүрген 

халықтық  педагогика  әдістері  мен  тәсілдері  жастарды  толыққанды  түрде 

тәрбиелеуге  кӛмектескен  болар  еді,  себебі  халықтық  педагогика  тәсілдерін 

дұрыс  бағалай  алмау  жастар  арасында  әлеуметтік  аурулар  вирустарының 

тарауына  (тарихи  ұмытшақтыққа,  рухани  мүгедектікке,  ішкілікке  және  т.б.) 

әкеліп отыр [3] 


367 

 

Халықтық  педагогика  тәсілдерінің  жалпы  мәдениеттің  бӛлшегі  ретінде 



қайта ӛмірге келуі (ұлттық дене шынықтыру) тұлғаның дене және рухани байи 

түсуіне  ықпал  етеді.  Халықтық  педагогика  идеялары  –  құрғақ,  дерексіз 

ережелер  емес,  идеялық-адамгершілікті,  кӛркем  бейнелі  халықтың  мыңдаған 

жылдар бойғы тәжірибесін ӛз бойына жинақтаған оның рухани құндылығы. 

Бастауыш сыныптарда оқушы ӛзгермелі ортада ӛсіп, дамиды,сондықтанда 

оқуға деген қызығушылығы да ӛзгермелі. 

Алдымен оқушылардың дене шынықтыру сабағына деген қызығушылығын 

анықтау  үшін  біз  ӛз  алдымызға  мынадай  міндеттерді  қойдық:  оқып  жатқан 

барлық  пәндеріне  деген  қызығушылығын  анықтау,  жақсы  кӛрген  пәндерін 

анықтау  және  осы  тізімде    дене  шынықтыруға  орын  табу.    Бұның  ӛзі    жақсы 

кӛрген  пәндері  мен  дене  шынықтыру  арасында  байланыс  іздеу  мүмкіндігін 

ұсынады.  

Оқушының  дене  шынықтыру  пәніне  деген  қызығушылығын  басқа  пәндер 

жүйесінде  қарастыру  арқылы  олар  адам  ӛміріндегі  дене  тәрбиесінің  мәнін 

дұрыс түсінеді деп болжау жасауға болады. 

Оқушылар  арасында  анонимді  түрде  жүргізілген  сауалнаманы  талдау 

барысы  барлық  оқушыда  бірдей  дене  шынықтыру  сабағына  деген 

қызығушылықтың  қалыптаса  қоймағандығын  кӛрсетті.  Адам  бойындағы 

әлденеге  деген  қызығушылық  онда  нақты  қызметке  деген  қажеттілік  пайда 

болған тұста ғана туындауы мүмкін. Біздің жағдайымызда  оқушының бойында 

денсаулығын  нығайту  мен  күш  қабілетін  дамытуға  арналған    жеке  қажеттілігі 

туындаған  жағдайда  ғана  қозғалыс  белсенділігіне  деген  қызығушылығы 

қалыптасады [2] 

Оқушылардың  бойындағы  уәждеме  жеке  үлгісі  бойынша  педагогикалық 

әсер ету, денсаулық пен ӛзін жақсы сезінудің пайдасы туралы ақпарат алмасу, 

немесе кино мен телехабар кӛру арқылы, спорт туралы жазылған әдебиеттерді 

оқу  және  т.б.  арқылы  қалыптасады.  Дегенмен,  іштей  және  сырттай 

уәждемелерді айыра білу қажет. Іштей уәждеме адам бойында нақты қызметтің 

пайдалылығы  туралы  жеке  кӛзқарасының  туындауымен  пайда  болса,  біздің 

жағдайымызда  –  дене  жаттығуларымен  шұғылданудың  пайдасы  туралы. 

Оқушылардың  бойындағы  сырттай  уәждеме    нақты  пән  бойынша  тӛмен  баға 

алып қалу қаупінен барып қалыптасуы мүмкін. 

Психологтар  іштей  уәждемені  кез-келген  қызметтегі,  мейлі  ӛндірістегі 

немесе  оқу  барысындағы  мықты  ынталандыру  деп  біледі.  Оқушы  дене 

шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде бұл сабақтар оған ӛте ұнайды, 

себебі  ол  іштей  бұл  сабақтар  оған  пайда  әкелетініне  кӛзі  жетеді, 

шұғылданушыларға  арналған  барлық  тапсырмаларды  дұрыс  ұйымдастырумен 

бірге ынталандыра білетін жоғары білікті маман ретінде саналатын педагог та 

ӛз ісінің шебері екендігіне сенімді. Сондықтан да дене шынықтыру және спорт 

бойынша әдістемелік тұрғыдан дұрыс та қызықты ӛткізілген сабақтар осы пәнге 

деген  қызығушылықты  қалыптастыратын  мықты  фактор  болып  табылады, 

себебі олар шұғылданушылардың бойында іштей уәждеме қалыптастырады [3]. 



 

 

368 

 

Әдебиеттер  

1.

 

Назарбаев  Н.А.  Казахстан  2050.  Послание  Президента  страны  народу 



Казахстана // Казахстанская правда, 2012, 27 январь,Астана. 

2.

 



Роль  науки  в  социально-экономическом  прогрессе  Казахстана  и  задачи 

союза ученых // О. Сабден и др.–Алматы, РОО «Союз ученых», 2006. -62 с. 

3.

 

Агентство РК по статистике.-Алматы, 2006. – 460 с. 



4.

 

Имангалиев  А.С.  Развитие  педагогической  валеологии  в  системе 



оздоровительной  физической  культуры  старшеклассников:  автореф. 

дис...докт.пед.наук: 13.00.01, 13.00.04. - Алматы, КазГАСТ, 1999. – 32 с. 

5.

 

Ахаев  А.В.  Валеологический  подход  в  системе  школьного  образования: 



Монография.-Алматы, Ғылым, 2005. – 242 с. 

6.

 



Тулеубаев  К.А.,  Каржаубаева  Ш.Е.,  Слажнева  Т.И.  Отношение  к 

физической  культуре  и  спорту  жителей  Республики  Казахстан  по 

результатам  научных  исследований  //Теория  и  практика  физической 

культуры и спорта: Междун.научно-практ.конф. 27-29.04.2006г. - Алматы, - 

С.165-168. 

 

Резюме 

Особенности методологии подвижных игр по народной культуре 

Summary 

Using the natural games to increase of physical culture in sport 

 

 

ӘОЖ 71.75 



 

ХАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЗҒАЛМАЛЫ ОЙЫНДАРЫ 

ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Жолдасбекова Б., Молдаханов И. 



Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, Шымкент қаласы 

 

Білім  беру  мен  тәрбиелеудің  міндеттерін  шешуде  маңызды  орындардың 

бірі дене шынықтыруға бӛлінеді. Бүгінгі таңдағы дене шынықтыру кӛп қырлы 

құбылыс болып табылады, ӛз құрамында бірсыпыра бағыттарға, сабақ түрлері 

мен  формаларына  ие.  Дене  тәрбиесінің  кӛптеген  түрлерінің  ішінде  халық 

педагогикасына ерекше орын берілген. 

Ұлттық спорт түрлерімен, ойындармен, билермен шұғылдану бос уақытты 

ӛткізуге  кӛмектеседі,  денсаулықты  нығайтады  және  ең  бастысы  мінездердің 

қалыптасуына ықпал етеді. 

Халық  ойындары,  спорт  түрлері  мен  билері  педагогиканың  дәстүрлі 

тәсілдері  болып  табылады.    Кӛп  ғасырлардан  бері  оларда  адамдардың  ӛмір 

салты, олардың тұрмысы, еңбегі, халықтық тұғырнамалары, ар-намысы, ерлігі, 

ептілікке,  тӛзімділікке,  күшке  ие  болуға  деген  ұмтылысы,  қимылдар 

жылдамдығы мен әдемілігіне, күле жүріп орындауға, шығармашылықты ақыл-

ойға, тапқырлыққа, ерік күші мен жеңіске деген талпынысы кӛрінісін табатын. 


369 

 

Халық ойындары мектеп оқушыларының интернационалдық тәрбиесі мен дене 



тәрбиесінің ажырамас бӛлігі болып табылады. Олардың бойында ӛз халқының 

мәдениетіне 

деген 

тұрақты, 



қызықты, 

құрметтеу 

қарым-қатынасы 

қалыптасады.[3] 

   Дене  тәрбиесін  оқытудың  әдістемелік  жүйесі  бір-бірімен  ӛзара 

байланысқан  бес  бӛліктен  тұратын  құрылым:  оқыту  мақсаттары,  мазмұны, 

әдістері,  құралдары  мен  ұйымдастыру  түрлері.  Әдістемелік  жүйелер  жалпы 

орта мектеп практикасында тәжірибеден ӛте отырып, кӛптеген жылдар бойында 

қалыптасады.  Әдістемелік  жүйені  жетілдіру  үрдісі  тӛмендегі  заңдылықтарға 

бағынады: 

1.  Әдістемелік  жүйенің  бір  немесе  бірнеше  бӛліктерінің  ӛзгеруі  оның 

қалған бӛліктерінің немесе бүкіл әдістемелік жүйенің ӛзгеруіне әкеліп соғады. 

2. Кез келген әдістемелік жүйе ӛзіне шешуші әсер ететін нақтылы ӛмірмен 

тығыз  байланысты.  Әдістемелік  жүйедегі  жетекші  орынды  оқыту  мақсаттары 

алады, анықтап айтқанда жалпы орта мектептерде сол арқылы кез келген пәнді 

оқытудың міндеттері анықталады. 

  Оқытудың  әдістемелік  жүйесін  жетілдірудің  жалпы  принциптерін 

қарастырайық.  Әдістемелік  жүйедегі  жетекші  орынды  оқыту  мақсаттары 

алатын  болғандықтан,  оны  жетілдірудің  негізгі  ұстанымы  мақсатқа  бағыттау 

ұстанымы  болады.  Біртұтас  әдістемелік  жүйені  немесе  оның  бӛліктерін 

жетілдірудің бағыты мен сипаты оқыту мақсаттарына сәйкес болуы тиіс. 

  Әдістемелік  жүйені  жетілдірудің  келесі  маңызды  талабы,  оқыту  мен 

тәрбиелеудің бірлігі ұстанымы болып табылады. Білім оқыту мен тәрбиелеуден 

құралатыны  белгілі,  сондықтан  әдістемелік  жүйені  жетілдіру  үдерісінде 

оқытудың дидактикалық және тәрбиелік жақтарының бірлігін, педагогика мен 

психологияның алдыңғы қатарлы жетістіктерін ескеру қажет. 

 Әдістемелік  жүйенің  жеке  бӛлігінің  ӛзгеруі,  жүйенің  біртұтас  құрылым 

ретінде  жойылуына  алып  келуі  мүмкін.  Жүйедегі  ӛзара  байланыстарды  толық 

түрде  ескеру  қажет.  Осыған  байланысты  ӛзара  байланыс  ұстанымын  атауға 

болады.  Оқытудың      әдістемелік    жүйесін        жетілдірудің  ұстанымдары 

Қ.І.Адамбеков,  С.Тайжанов,  А.Қарақов,  С.Қасымбекова,  Ж.К.Оңалбек, 

Б.Қ.Мухамеджанов  және  т.б.  еңбектерінде  қарастырылған.  Бұл  еңбектерде 

педагогикалық 

жоғары 


орындарының 

денешынықтыру 

және 

спорт 


мамандықтары  студенттеріне  денешынықтыру  және  спорт  түрлерін  оқытудың 

әдістемелік жүйесін қалыптастыру жолдары зерттелген.[4] 

  Біздің  елімізде,  әлеуметтік  және  экономикалық  реформалардың  жүзеге 

асырылуы  негізінде  болашақ  12  жылдық  білім  беру  мектебімен  қазіргі 

мектептің  басты  міндеттерінің  бірі  –  нарық  жағдайына  бағдарланатын, 

адамгершілігі  мол,  әлеуметті  сауатты  адамға  қоғамның  әлеуметтік  сұранысын 

қанағаттандыру. 

Оны 


шешу 

тек 


қана 

дене 


мәдениеті 

білімінің 

тұжырымдамалық,  әдіснамалық,  теориялық  және  дидактикалық  негіздерінің 

жасалуына тікелей байланысты. [5] 

Жалпы  орта  мектептің  басты  мақсаты-  алдыңғы  қатарлы  жасӛспірімдерді 

тәрбиелеу,    адамзаттың  мәдени  және  ӛнегелілік    деңгейі  мен  оның  ой-ӛрісін 

арттыру, оқушыларға дене тәрбиесін үйрету әдістері мен ер балаларды Отанды 


370 

 

қорғауға дайындау. Білім саясатының  ӛзекті мәселелері  – жалпы орта мектеп 



қабырғасында  кәсіптік  бағдар  негізінде  болашақ  мамандығын  таңдауға 

даярлаудың  сапасын  жақсарту,  біліммен  қамтамасыз  етудің  ғылыми-

әдістемелік  жүйесін  түбегейлі  жаңарту,  оқытудың  әдістері  мен  ұйымдастыру 

түрлерін  ӛзгерту,  педагогикалық  оқу-тәрбие  үдерісін  ұйымдастыруды  қайта 

құру, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен  қазіргі қоғамның 

сұраныстарының  алшақтығын  жою,  білімдегі  жаңашылдықты  саралау,  білімді 

жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның рӛлін арттыру.    

Жалпы  орта  мектепте  білім  берудің сапасын  қамтамасыз  етуде орта білімді 

дамытудың  негізгі  жолы  мектеп  оқушыларының  білім  сапасын  арттыру  болса, 

қазіргі  кезде  жалпы  орта  мектептерде  оқу-тәрбие  үдерісінің  жаңа  тәсілдері 

ұсынылып,  жаңа  талапқа  сай  бәсекеге  қабілетті  мемлекеттің  болашақ  қоғам 

мүшесін дайындау үлгісі жүзеге асырылатын болады. 

Жалпы орта мектептегі дене мәдениетінен білім беру және оның қоғамдық 

құрамдас  бӛлігі  –  дене  тәрбиесі  сабағы  негізінде  мектеп  оқушыларының  жеке 

приоритетті  қабілеттерін  жетілдіруге,  ӛзін-ӛзі  тәрбиелеу  және  ӛзіне-ӛзі  білім 

беру  қызметтерін  дамытуға,  оларды  азамат,  зерделі  оқушы  ретінде 

қалыптастыруға  бағытталған  біздің  мемлекетіміздің  заңды  құжаттарымен 

нақтыланып, рәсімделген.[6]  

Денсаулығы мықты, дене сапалары, дене бітімі қалыптасқан оқушы  ғана ӛз 

қимыл-әрекетін  ӛмірлік  маңызды  міндеттерді  шешуде  шығармашылық  бағыт 

ұстана  отырып,  белсенді  ӛмір  сүруге  қабілетті  болады.  Дене  мәдениеті  білім 

мен  тәрбие  беру  саласының  басты  міндеттерінің  бірі  бола  отырып,  мектеп 

оқушысының  жеке  тұлғалық  жан-жақты  дамуына,  күшті  де  қуатты  болып 

ӛсуіне себепші болады. 

Демек,  жалпы  орта  мектептерде  дене  мәдениеті  жєне  спорт  түрлері 

бойынша  кейбір  мәселелерді  кешенді  түрде  зерделеу  осы  тұрғыда  мектеп 

оқушыларының  дене  мәдениетін  қалыптастыру,  қазіргі  кезде  зерттеу 

жұмысының кӛкейкесті талабы болып отырғанын айта кету керек.  

  Оқушылардың  дене  мәдениеті  бойынша  білімі  мен  тәрбиесіне,  олардың 

дене  мәдениетін  қалыптастыруға  біршама    ғылыми  зерттеулер  арналған. 

Алайда,  аталған  жұмыстарда  жалпы  орта  білім  беру  мектептері  

оқушыларының  дене  мәдениетін  қалыптастыру,  олардың  тұлғалық  дамуын 

ескерумен  байланысты  ерекшеліктер  жеткілікті  ашылмаған.  Сонымен  қатар, 

мемлекеттің  одан  әрі  дамуы,  жақын  болашақта  дене  тәрбиесі  мен  спорт 

саласында кәсіби іс-әрекетпен айналыса бастайтын оқушылар тұлғасының дене 

мәдениетінің қалыптасу деңгейіне тікелей байланысты болып отыр. Сондықтан 

жалпы білім беру жүйесінде еліміздің жалпы орта мектептерінде оқушылардың 

дене  мәдениетін  қалыптастыру  міндеті  қойылады  және  білім  беруде  дене 

тәрбиесіне,  оқушылардың  салауатты  ӛмір  салтын  қалыптастыру  және  дене 

шынықтыру  мен  спортты  дамытуға  орай    білім  беру  саласын  реформалаудың 

маңызды  баңыттарының  біріне  айналады.  Осыған  байланысты,  жалпы  орта 

мектептерде  оқушыларға  дене  тәрбиесін  оқытудың  мақсаты,  оларда  дене 

мәдениетін  қалпытастыру,  заманауи  технологиялар  негізінде  оқыту  мен  білім 


371 

 

беруді  басқаруда  пайдалану  туралы  білімді  қалыптастыру,  қоғамда  салауатты 



ӛмір салтын қалыптастыру мен еңбек етуге дайындау болып табылады.[5] 

 Мектеп 


жасындағы  балалардың  денсаулық  жағдайын  жақсарту 

мақсатында:  мектеп  жасындағы  балалардың  дене  тәрбиесі  даярлығы  жӛнінде 

ұсынымдар,  оқу-әдістемелік  құралдар  әзірлеу;  5-сыныптан  бастап  қыздар  мен 

ұлдарды бӛлек оқыта отырып, барлық жалпы білім беретін мектептердегі дене 

тәрбиесінен  аптасына  үш  сабаққа  кӛшу  мүмкіндігін  қарау;  денсаулық 

жағдайына байланысты арнайы медициналық топтарға жатқызылған балаларға 

дене тәрбиесі жӛнінде жағдай жасау мен сабақтар ӛткізуге  баса назар аудару; 

балалар мен жасӛспірімдер спорт клубтарын құру арқылы жалпы білім беретін 

мектептерде  дене  тәрбиесі  сабақтарының  мазмұнын  толықтыратын  дене 

шынықтыруды  ұйымдастырудың    мектептен  тыс    нысандарын  жетілдіру; 

жалпы білім беретін мектептерге спорт түрлері бойынша оқыту күні ұзартылған 

және оқу-жаттығу үдерісі тереңдетілген  мамандандырылған сыныптар ашуды 

ұсыну қажет етуде. 

 Қазіргі  кезде  жалпы  білім  беретін  орта  мектептерде  оқушылар  дене 

тәрбиесі  алғашқы  жаттығулары  мен  дене  бітімімін  жетілдіру  тетіктерімен   

бастапқы танысуын және дене мәдениеті бойынша сауаттылығын жүзеге асыра 

алады.  Ал,  болашақ  қоғам  мүшесінде  дене  мәдениетін  қалыптастыру  үшін,  ең 

алдымен дене тәрбиесі саласының барлық мұғалімдері мен жаттықтырушылар 

дене  мәдениетін  меңгеруі  тиіс  Қ.І.Адамбеков,  С.Тайжанов,  А.Қарақов, 

С.Қасымбекова, Ж.К.Оңалбек, Б.Қ.Мухамеджанов .    

  Қазіргі  кезде  дене  мәдениеті  жалпы  мәдениеттің  ӛте  бір  маңызды  бӛлігі 

болып  отыр.  Дене  мәдениетін  жалпы  орта  мектептерде  оқу-тәрбие  үдерісі 

негізінде  дене  тәрбиесі  арқылы  ұйымдастырудың  жеткілікті  деңгейі  ретінде, 

оқушылардың дене тәрбиесі мен спорт түрлері бойынша ақпаратпен алмасуын 

қанағаттандыру  деңгейі  ретінде,  ақпаратты  жинау,  беру  және  пайдалану 

тиімділігі деңгейі ретінде қарастыруға болады. 

 Жалпы  орта  мектептерде  оқушыларды  салауатты  ӛмір  салтына,  дене 

шынықтырумен және спортпен шұғылдануға баулу халықтың түрлі әлеуметтік-

демографиялық  топтарына  арнап  бейімделген  ақпараттық  бағдарламаларды 

әзірлеу арқылы жүзеге асырылады. Спорттың негізгі түрлерінен, соның ішінде 

бұқаралық  ақпарат  құралдарына  конкурстық  негізде  берілетін  әлеуметтік 

бағдарламалар  бойынша  гранттарды  беру  практикасын  пайдалану  арқылы, 

теледидар  бағдарламалары    жасалуда,  насихаттық  және  ақпараттық 

технологиялар әзірленуде.  

Дене  шынықтыру  және  спортты  насихаттау  атаулы,  нақты  әлеуметтік 

топтар  мен  жіктерге,  әрбір  орта  мектеп  оқушысына  бағытталған,  дене 

шынықтыру мен спорттың  басымдығын дәлелдей кӛрсетуге, сондай-ақ жастар 

арасында  нашақорлық,  темекі  шегушілік,  ішімдікті  пайдалану  және  басқа  да 

жат  құбылыстардың  таралуына  қарсы  күреске  бағытталуда.  Жастардың  дене 

тәрбиесі  жӛнінде  жұмыс  жүргізу,  олардың  ортасында  қазақстандық 

спортшылардың  спорттағы  жетістіктерін,  бұқаралық  спортты  танымал  ету, 

олардың санасында ―тәні саудың – жаны сау‖ деген қағидатты орнықтыру үшін 

мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл орайда бұқаралық ақпарат 


372 

 

құралдарының  міндеттері:  азаматтардың  спортқа,  табиғи  дене  бітімін 



жетілдіруге 

деген 


қызығушылығын 

арттыру, 

жалпы 

орта 


мектеп 

оқушыларының спортпен ӛз бетінше шұғылдануын белсенді түрде таныту, дене 

шынықтырумен  және  спортпен  шұғылдану  қажеттігін  кӛпшіліктің  санасына 

сіңіру  болып табылады.  

Дене  шынықтыру  мен  спортты  насихаттау  мектеп  оқушыларының    жан-

жақты  спорттық  және  дене  тәрбиесі  даярлығының беделін,  гигиена және  дене 

шынықтыру  саласындағы  білім  деңгейін  арттыруға  ықпал  етуге  негізделуде. 

Дене шынықтыру мен спортты дамытудағы басты бағыттардың бірі– олардың  

ізгілікті жағын күшейту. [6] 

Балалар  мен  жеткіншектерді  ерте  жастан  бастап  халықтық  дәстүрлер 

негізінде  тәрбиелеу  қоршаған  табиғатқа,  қоғамда  ӛзара  қарым-қатынас  

қалыптастыруға ықпал етті.  

Ұлттық  спорт  түрлері  мен  ойындардың,  бұқаралық  спорт  мерекелері  мен 

жарыстардың  негізгі  қызметі  адамның  ӛмірлік  маңызы  бар  дене  және  рухани 

сапаларын  жетілдіру  басты  мұраты  болып  табылатын  спорттық  қызметтің  ең 

басты  маңызынан  келіп  шығады.  Олардың  педагогикалық  маңызы  кең 

мағынасындағы  тәрбиелеу  әдістері  мен  тәсілдері  категориясына  жатады.  Бұл 

дегеніміз,  қазақтың  қазіргі  ұлттық  спорт  түрлері  осы  спорт  түрлерімен  және 

ойындарымен шұғылданатындарға тәрбиелік әсер етуді ұйымдастыру тәсілінің 

нақты негізі екендігін білдіреді. 

Спорт  ойындары  мен  кӛңіл  кӛтерулер  қазақ  халқының  ӛмірінде  ӛзінің 

бұқарашылдығымен  үлкен  орынға  ие  болатын.  Ойындар  мен  спорт  түрлері 

экономикалық, саяси және мәдени тұрғыдан артта қалған кӛшпенді қазақ халқы 

үшін театрлар мен стадиондардың орнын алмастырды. 

Қазақтардың  кӛптеген  ұлттық  халық  ойындары  бар:  кӛкпар,  бәйге,  алты 

бақан, сақина тастау, соқыр теке, жекпе-жек, ат ойыны, ақ сандық-кӛк сандық, 

жорға  жарыс,  күрес,  сайыс  және  басқалар.  Бұл  ойындар  кӛбінесе  күй 

сарынымен  сүйемелденетін.  Тұрмыстық  билер  де  ӛмірге  келген:  Қара  жорға, 

Ӛрмек, Ұршық, Ши орау, Жүн сабау, Саба пісу, Тары түю. 

Дене  шынықтыру  сабақтарында  халықтық  педагогика  тәсілдерін 

оқушылармен  жұмыс  барысында  қолдану  үшін  халықтық  спорт  және  ойын 

түрлері бойынша арнайы секциялар жұмысын ұйымдастырып, жарыстар ӛткізу 

қажет.   

Халықтық  педагогика  тәсілдері  баланың  бойында    терең  адамгершілік 

қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Мектептің негізгі міндеттерінің бірі – 

баланың  халықтың  бір  бӛлшегі  екендігіне  оның  ӛз  кӛзін  жеткізуді 

қалыптастыру болып табылады.    

Халықтық    педагогика  тәсілдері  бүгінгі  таңда  бар  ӛнер  атаулының  негізі, 

халықтың әлеуметтік-экономикалық ӛмірінің айнасы, адам еңбегінің нәтижесі, 

қиял-ғажап  кӛрінісі  мен  ӛмірді,  әлемді  танып  білуге  деген  ұмтылысы  болып 

табылады. 

Халықтың ӛткені мен бүгінін біріктіретін баға жетпес байлықты бізге ата-

бабамыз  мұра  етіп  қалдырды.  Сондықтан  халықтық  педагогиканың  тәсілдерін 

жас  ұрпақты  тәрбиелеуге  пайдаланудың  маңызы  аса  зор  болып  келеді.  Ол 



373 

 

оқушының  ӛмірге  деген  жолын  ашып,  шығармашылық  қабілетін  жетілдіре 



түседі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет