Ойын дегеніміз:
1.
іс-әрекет (тілдік)
2.
зорлықтың, қыстаушылықтың жоқтығы
3.
жеке адамға ғана тән іс-әрекет
4.
коллектив арқылы тәрбиелеу және білім беру
5.
баланың психикасын, ой-ӛрісін дамыту
6.
қызықтыра отырып үйрету
Шет тілінде лото, карта, домино, жұмбақтар, кроссвордтар, байқаулар
түрінде де, лингвистикалық ойындар, қолғап ойыншықтар, жануарлар,
кӛкӛністер т.б. түрінде де ойналады. Шетел тілін үйрету ойынының мынадай
түрлері бар:
1.
грамматикалық ойындар
2.
фонетикалық ойындар
3.
лексикалық ойындар
4.
орфографиялық ойындар
5.
рольдік ойындар
Шет тілі сабағының әр кезеңінде ойын элементтерін пайдалануға болады.
Мысалы: сабақтың басында ұйымдастыру бӛлімі кезінде алынатын
фонетикалық рифмовка алған кезде, ал кәне кім мына ӛлеңді бірінші жаттап
алып, маған айтып берер екен деп жарыс ойынын ұйымдастырса және эстафета
таяқшасын дайындап алып барып, оны алда отырған оқушыға берсе, ал оқушы
ӛлеңді айтып болып, келесі оқушыға берсе, балалар жарыса отырып ӛлеңді
қалай жаттап алғандарын байқамай да қалады.
Сабақ процесінде ойын пайдаланылған кезде баланың миында Не
істеймін? Қалай айтам? Қалай жеңем? деген сұрақтар тұрады. Шет тілін
нашар білетін бала ойын басқалармен бірдей үйретіліп жатқан тілде сӛйлеп,
мен де басқалармен бірдей екенмін ғой, мен де біледі екем деген ойда болады.
Психологтардың айтуы бойынша бастауыш сыныптардың балалары ойын іс-
әрекетінен оқу іс-әрекетіне кӛшеді. Дегенмен, ойынның маңызы бұл жаста мол.
6-7 жастағы балалардың қызығушылығы мол, жаңа тақырыпты қабылдағанда
әдемі, қызықты заттарға назар аударады, бірақ олардың назары тұрақсыз болып
келеді. Балалар 2-3 минуттан астам әңгімесін тыңдай алмайды, сондықтан сабақ
түсіндіргенде сұрақ-жауап тәсілін қолданған жӛн. Бастауыш сынып оқушылары
355
ұзақ отыра алмайды,тез шаршағыш болады, сондықтан 10-15 минут сайын
ойындар, қимыл іс-әрекет жаттығулар ӛткізген жӛн.
Таңдап алынған ойындар оқушылардың сӛз байлығын, тіл қорына
сай болу керек. Мұғалім кез- келген ойынды ӛткізу үшін алдын-ала жоспар
құрып алуы керек. Тиімді пайдаланған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп
отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне
кӛмектеседі. Ӛйткені бастауыш сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан
гӛрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез
серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар
барлық сыныптарда қолданылады.
Сонымен бірге сынып ішінде ойнайтын ойындар мен іс-әрекеттер
арқылы да оқытуға болады. Біз сынып ішінде ойындарынды қашан
қолдануымыз керек. Мысалы сабақ үстінде жаңа сӛздерді қайталау үшін,
ӛтілген жаңа сабақты еске түсіру үшін қолданған жӛн.
Сынып ішінде мынадай ойындарды ойнауға болады:
What’s in the bag?
Around the world
Board Race
Order Race
Question race
Bingo
Go fish
Бұл ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, білім мен білік
шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды
жақсы біліп, сӛз іскерліктерін меңгеруіне кӛп кӛмектеседі.
Ойындар
оқушылардың
танымын,
ақыл–ой
белсенділігін
қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама
материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете
түсуді, әрі пысықтауды кӛздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі
жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта –
ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау қабілеттерін
дамытады. Ойындар арнайы мақсатты кӛздейді және нақты міндеттерді
шешеді.
Ойын сабақтың әр кезеңдерінде, тақырыбына қарай мұғалім ӛзі
таңдап алып, қолданып отырады. Сондықтан осы жобада да тілді
меңгерту мақсатында сабақта қолданылатын түрлі ойындармен
таныстыра кетуді жӛн кӛріп отырмын.
1.What’s in the bag? (Сӛмкеде не бар?) ойыны.
Мұғалім алдымен балаларға бір сӛмке алып келеді. Балалардан сұрайды.
Балалар сӛмкеде не бар? Балалар ішінде дәптер, қалам, кітап бар деп айта
бастайды. Мұғалім бұл ойынды сабақ соңында қолданса болады. Әсіресе
жаңа сӛздерді еске түсіру үшін қолдануға болады. Мұғалім сӛмкенің ішіндегі
заттармен таныстырады. Сӛмкеде не бар? Мұғалім оқушылардан What’s this?
сұрағы арқылы затты кӛрсету арқылы сұрайды. Мысалы: Pen, copybook, pencil,
ruller,
rubber
деп
кӛрсетеді.
Сосын
оқушыларға
жеке-жеке
356
қайталатады.Сӛздерді ұмытпау керек. Сосын оқушыларға сӛмке ішіндегі
заттарды таратып беріп, оқушылардан осы заттарды мына сұрақ арқылы
сұрауға да болады. Мысалы: Who has a pencil? Who has a ruller? Жауап
бергенде оқушылар кімде екенін табу керек. Оқушылар тапса Janatbek has a
pencil деп табу керек. Бұл ойын оқушының cабаққа деген қызығушылығы
артып, сӛздік қорлары молайып, есте сақтау қабілеті артады.
2.Board race (Тақта сайысы) ойыны
Бұл ойынның шарты:
Мұғалім оқушыларды екі топқа бӛліп, ойынның ережесімен
таныстырады. Бұл ойында мұғалім түстер, сандар, сӛздер айтады, сол
айтылған сӛздерді, сандарды оқушылар қатесіз жазу керек. Келесі оқушы әрі
қарай жалғасын жалғастырып отырады. Соңында оқушылардың жазғанын
тексеріп қателерін жӛндеп қай топтың жеңгенін анықтайды.Мысалы:
P-1 P-2
Pink Pink
Six Six
Stone Stone
Summer Summer
Table Table
Осылай рет - ретімен оқушылар жалғастырып болған соң қателерін
жӛндеп қай жақтын жеңгенін айтады. Бұл ойында оқушылар шапшаңдықты,
дұрыс жаза білуді, есте сақтау қабілеттері артады.
3.Question Race (Сұрақтар сайысы)
Бұл ойынның шарты:
Мұғалім сол сабаққа қатысты сұрақтар қойылады. Осы сұрақтар
оқушыларға таратылып беріледі. Оқушылар сол сұрақтарға дұрыс жауап
беру керек. Мысалы жыл мезгілдерін ӛткен кезде суреттер арқылы да
мынадай сұрақтар арқылы қолдануға болады.
1.How many seasons are there in a year?
2.What are they?
3.How many months are there in a year?
4.What are they?
5.What season is it now?
6.What month is it now?
7.How many days are there in a week?
8.What are they?
Осы сұрақтар арқылы оқушылардың сӛйлеу қабілеттері артып,
сӛздік қорлары молайып, сабаққа деген қызығушылығы артады.Оқушының
ойынға белсенді қатысуына қарай еңбегі бағалануы қажет.
Қорыта келе, бастауыш сынып барлық білімнің қалануының негізі.
Бастауыш сынып оқушыларына нені үйретсең, соны санасына сіңіретін нағыз
қабылдау жасында болғандықтан, мейлі қандай тіл болмасын ӛте тез игеріп
алуға болады. Тұғырлы тілді алға ұстаған қазіргі кезде біздің мектептерімізде
ағылшын тілі бірінші сыныптан бастап ӛтуді негіз етіп отыр.
Балдырғандарымыз тіл жағындағы қадамын нық басса, алдағы болашақта
357
нұрлы жолға қадам тастауына негіз қаланар еді. Бастауыш сынып
оқушыларының тілі толық дамып жетілмегендіктен әрине, ағылшын тілі
басында қиынырақ сезілігенімен, соңына келе біртіндеп қалыптасып,
жаттығып, ағылшын тілінде әдемі сӛйлеуіне болады. Бастауыш сынып
оқушылары ауыр сабақ жүгін алып жүре алмайтындықтан, біз балаларды
ағылшын тілінен жалықпауы үшін кӛбінесе жаңаша үйрету тәсілдерімен
тәрбиелеуіміз қажет. Елдің болашағы келешек ұрпақтың қолында, яғни олар
мұратты, тәртіпті болумен қатар мықты білім иесі болуы тиіс. Мұнымен қоса
дүниенің қай бұрышында болмасын ӛзін алып шығатын қабілетке ие болулары
керек емес пе? Бұған қазіргі заманда дүние жүзінің ортақ тіліне айналған
ағылшын тілінің қатысы қалай болмасын.
Әдебиеттер
1.
«Ойын әрекеті арқылы белсенділікке баулу». Петров А.В. 2001.
2.
«Бастауыш мектептегі ойын технологиясы арқылы оқыту». Калмыкова Е.В,
2007.
3.
Шетел тілін оқыту әдістемесі №3/17 2007ж 21 бет
4.
Т.В.Рогова, Т.Е.Сахарова «Методика обучения иностранного языка в
средней школе» Москва 1998г 162 бет
5.
Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері. 2008 ж. №5
Резюме
В данной статье рассматриваются особенности обучение чтению
английского языка в начальных школах.
Summary
This paper considers peculiarities of teaching reading at English lessons in
primary schools.
ӘОЖ 71.75.785
СПОРТТАҒЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ: СПОРТТАҒЫ
ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІ,
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҤЗЕТУ, ПСИХОСАУЫҚТЫРУ,
ПСИХОТРЕНИНГТЕР МЕХАНИЗМДЕРІ
Жолдасбекова Б., Артыгалина Г.
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті,
Шымкент қаласы
Спорттық психодиагностика - ағымдағы қолданбалы міндеттерді шешуге
бағытталған және спортшылардың психикалық ерекшеліктерін ӛлшеу және
бақылау мақсаты болып табылатын спорт психологиясының бӛлімі болып
табылады. Психодиагностиканы практикалық тұрғыдан қолдану спорттық
дайындыққа уақыт пен шығынды қысқартуға мүмкіндік береді, оның
358
тиімділігін жоғарылатуға және спортшыларды бақылаусыз қысқартуды
тӛмендетуге, спорттық нәтижелердің тұрақтылығы мен деңгейін кӛтеруге
мүмкіндік береді.
Психодиагностикалық ӛлшеулер теориясы
Тестілеу – жеке-дара айырмашылықты ӛлшеудің ерекше әдісі. Тест әдісі
ХІХ ғасырдың соңынды пайда болды. Әуел бастан-ақ ол психикалық процестер
мен жеке адам ерекшеліктерін объективті ӛлшеулер кӛмегімен ӛлшеудегі
экспериментальді кӛзқарастың түрлі түрі ретінде есептелді. Эксперимент бұл
жағдайда сынаушы және ӛлшеу сипатына ие болады, яғни әрі ол қасиеттің
деңгейін анықтауға бағытталған.
Тестілуді тәжірибе жүзінде қолданбас бұрын оның келесі психометрия
талаптарына сай келуін міндетті түрде ескеру керек. Ол талаптар: сенімділік,
валидтылық, стандартизация, прогностикалық құндылық, практикалық
құндылығы. Тек осы жағдайда ғана спортшылардың психикалық
ерекшеліктерін бейнелейтін адекватты сандық бағалар алынды.
Сенімділік.
Психодиагностикалық ӛлшеулер нәтижелерінде мәнді немесе түкке
тұрмайтын қателер кездесуі мүмкін. Психодиагностика процесінде басқа кез-
келген ӛлшеулердегі сияқты үш негізгі қателер класы пайда болады:
1) қателіктер - ӛлшеу процедурасының ӛте дӛрекі түрдегі түрлі
салдарынан болады. Олар оңай анықталып, әрі нормадан ауытқитын
мәнділіктерді ескермеу арқылы жайылуы мүмкін;
2) жүйелі түрдегі қайталайтын қателіктер үнемі немесе заңды түрде
ӛлшеуден ӛлшеуге дейін сол күйінде қалуы мүмкін; осы ерекшеліктер негізінде
олар ертерек, яғни алдын-ала айтылуы мүмкін, бұл топқа мәліметтерді
жинақтаудың түрліше әдістерін қолдануда пайда болатын әдістер жатады;
3) кезектес түрде тұрақты сипаттамаларды ӛлшеу барысында кездейсоқ
қателер кездесіп, түрлі сандық бағалар алынуы мүмкін (ӛлшенетін сипаттама
уақыт бойынша ӛзгермей, ал барлық ауытқулар ӛлшеулердің дәлдігінің дәлдігі
болмай шарттасады. Ӛлшеулердің сенімділігінің бағасы тәжірибесінде 3
негізгі әдіс қолданылады.
1.Қайталап ӛлшеу.
Сенімділікті ӛлшеудің негізгі тәсілдерінің бірі – сыналушылар тобын бір
және сол әдіспен және белгілі бір уақыт аралығы және бірдей жағдайлар
барысында қайта тестілеу болып табылады. Қайта тестілеу әдісін қолдану
барысында уақытқа байланысты тестілеу нәтижелері тұрақтылық дәрежесі
бағасына ие болады.
2. Параллельді ӛлшеу.
Бұл жағдайда қайталап ӛлшеу параллельді немесе эквивалентті тестілер
кӛмегімен, яғни бірдей қателіктермен сол және бір психика қасиетін ӛлшейтін
тестілер кӛмегімен анықталады (бағалар спортшылардың зерттелетін психика
қасиетінің байқалу дәрежесіне тәуелді болады).
359
Параллельді тестер арасындағы корреляцияның жоғары мәндері осы
тестілердің сенімділігіне және олардың мазмұнының эквиваленттілігіне
кӛрсетіледі.
3.Бӛлу.
Бұл әдіс параллельді тестілеу әдісінің дамуы сияқты болады. Бұл әдіс
жекелеген тест формаларының параллельдігіне ғана емес, әрі бір тест ішіндегі
жекелеген тестілерге де негізделеді. Бұл әдісті қолдану барысында тест
жекелеген тапсырмаларға немесе тапсырмалар тобына бӛлінеді.
Нәтижесінде, тестінің ішкі келісім коэффицентіне қол жеткізуге болады.
Тестің келісімділігі - ӛлшеу нәтижелерін біржақты белгілеуге арналған міндетті
түрдегі жағдай: гомогенді емес (келісілмеген) тест жағдайында бір және сол
сынаушылар үшін бір және сол бағалар түрліше түсіндіруді қажет ететін
болады.
4.Валидтылық.
Тестінің валидтылығы сол психикалық қасиетті қаншалықты кӛлемде
(қасиет, қабілет, сипаттама және т.б.) ӛлшейтіндігін кӛрсетеді. Валидтылығы
жоқ тестілер практикалық тұрғыдан қолдануға жарамайды.
Қазіргі таңдағы психодиагностикада валидтылықтың 4 түрін ерекшелеп
бӛледі.
1. Мазмҧнды валидтылық
Тест мамандар пікірлеріне қатысты валидты болып табылады. Мазмұнды
валидтылықты анықтау үшін, экспертті әдістер қолданылады. Экспертизаның
объектісі тест мазмұны болып табылады.
2. Мҥмкін болатын валидтылық
Бұл валидтылық түрі сыналушылар кӛзқарасы тұрғысынан ӛлшеу заты
туралы әсерді білдіре отырып, үлкен маңызға ие, себебі ол ең алдымен
сыналушының зерттеп сынауға қарым-қатынасын анықтайды.
3. Эмпирикалық валидтылық
Тест қатал анықталған адам мінез-құлқының формасы мен психикалық
ерекшеліктерінің индикаторы (немесе болжаушысы) қызметін атқаруы мүмкін.
Тестінің эмпирикалық валидтылығын ӛлшеу үшін сыртқы критерийлі
тест нәтижесінің корреляция коэффициенті анықталады.
Ең негізгі мәселе критерийді таңдау болып табылады. Шартты түрде 3
топ критерийлерін бӛледі:
1) Экспертті критерий спортшының психика қасиеттерін тәуелсіз ӛлшейді
және оған баға береді. Эксперт рӛлін жаттықтырушылар орындайды. Бірақ,
арнайы зерттеулер кӛрсеткендей, жаттықтырушылардың эксперттік бағалары
тӛменгі валидтылық пен сенімделікке ие болады. Осыған орай, валидтылықтың
экспертті критерийлері ӛте сирек, яғни сыртқы критерий ретінде кәдімгі
қарапайым сандық ӛлшеу әдістерін қолдану қиын немес қолдану мүмкін
болмағанда ғана қолданылады.
2) Эксперименталды критерий ӛз критерий ретінде сыналушыларды ӛзге
тест арқылы бір мезгілде және тәуелсіз тестілеудегі нәтижелер валидтылығын
шығаруда қолданылады.
360
3) Ӛмірлік - ӛлшенетін қасиетке байланысты психологиялық теориялар
негізіндегі шынайы мінез-құлықтың сипаттамасы критерийі болып табылады.
Мысалы, психомоторлы қабілеттер тестісі үшін спорттық іс-әрекеттің
табыстылық кӛрсеткіштері қолданылады.
4.Тҧжырымдамалы валидтылық
Ол
валидталынатын
тест
негізінде
қойылған
теориялық
тұжырымдамалардың
дұрыстығын
тексеру
жолымен
анықталады.
Тұжырымдамалы валидтылықтың тесте болуын 3 кезең арқылы, яғни 3
кезеңнен ӛтетінін айту керек:
1) валидталынатын тестің орындалуын түсіндіретін теориялық
тұжырымдама анықталады;
2) валидталынатын тестпен ӛзара байланысты бір немесе бірнеше
болжамдарды теориялық тұжырымнан шығарады;
3) алға тартылған болжамдардан эмпирикалық тексеру жүргізіледі. [2]
Психодиагностика жеке адамның қасиеттері мен жеке-дара байқалу
ерекшеліктерін зерттеуге бағыттала отырып, бірқатар әдістер мен тәсілдер
кешенімен белгілі. Олардың негізгі мақсаты – спортшыларды іріктеу мен спорт
командасын жинақтауға, табысты болжауға, спортшылардың психикалық күйін
бағалауға байланысты міндеттерді шешу. Тестілердің мақсаты алдын-ала мәнді
деп танылған қасиеттер мен процестерді бағалау болып табылады.
Тестілік жеке-дара әрі топта жүргізілуі мүмкін тестілеу процедурасын
кӛптеген рет жүргізу арқылы алынған материалдың объективті, шынайы
болуына қол жеткізуге болады. Әрі спортшының жеке басының психикалық
процесінің, күйі-қалпы мен қасиетінің динамикасын бақылауға мүмкіндік
береді және оқу-жаттықтыру процесін коррекциялауды жүзеге асыруға қол
жеткізеді. Зерттеушінің жауапкершілігі тестілеу арқылы алынған материалды
дұрыс интерпретациялауда кӛрінеді, әрі қажет болады.
Психодиагностикада қолдануға болатын К.К.Платоновтың жеке адамның
картасы дегенге назар аударайық. Медицина және психология ғылымының
докторы К.К.Платонов ұсынған «жеке адамның картасы» бұл жеке адамның
функционалды динамикалық құрылымының тұжырымдамасына қатысты және
оның бӛлшектері жүйелі негізге құрылған болып табылады.
К.К.Платонов бойынша жеке адамның құрылымы негізгі 4 құрылымнан
тұрады, ол құрылымға жалпыланған жеке тұлға қасиеттері, мысалы, мінез бен
қабілет кіреді. Жеке адам картасы сыналушының биографиялық мәліметтері,
оның денсаулық жайы мен ӛмір сүру салты туралы толығатын құрылымды
сипаттамадан тұрады. Ол карта адамның жеке басын зерттеуде жан-жақты
қарауда, әрі педагогикалық ықпал етуде шаралар мен әдістерді қолдануда кӛп
кӛмекші себебін тигізеді. [4]
Әдебиеттер
1.
Богданов Я.М., Краковяк Г.М., Минх А.А. Гигиена. – М.,1966.
2.
Бурачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь-справочник по психодиагностике. –
М.; Харьков; Минск, 1999.
3.
Бриль М.С. Отбор в спортивных играх. – М., 1980
361
4.
Ганюшкин А.Д. Задачи, формы и методы совместной работы психолога и
тренера. – Смоленск, 1989.
5.
Генов Ф. Психологические особенности мобилизационной готовности
спортсмена. – М., 1971.
6.
Гогунов Е.Н., Мартьянов Психология физического воспитания и спорта:
Учеб. пособие для студ. Высш.пед.учеб. заведений. – М., 2004.
Резюме
Практическая психология в спорте: дидактические и психологические
основы в спорте, психологические поправки, психологическое оздравление,
механизмы психологических тренингов
Summary
The practical psychology in sport: the diagnostics psychology in sport, the
psychology reifications, the psycho training of mechanism
ӘОЖ 71.75.785
Достарыңызбен бөлісу: |