Министрлiгi министерство образования и науки республики



Pdf көрінісі
бет2/50
Дата31.03.2017
өлшемі4,16 Mb.
#10785
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50

Әдебиеттер 

1.Ушаков  А.А.  Содержание  и  структура  личностно-профессионального 

саморазвития педагога в интегративной образовательной среде. М.: 2012. 

2.Вешнякова С.М. Профессиональное образование. М.: 2010. 

3.Равен  Дж.  Компетентность  в  современном  обществе:  выявление,  развитие  и 

реализация. М.: 2002  

4.Митина 

М. 

Возможности 



коррекции 

модели 


профессиональной 

жизнедеятельности педагога. М.: 2010. 

5.Ниязова  А.  Использование  метода  проектов  при  формировании  у  учащихся 

информационной и социально эффективной работы в группе. М.:  2012. 

6.Кенжебеков  Т.  Профессиональная  компетентность  преподавателя  высшей 

школы. Астана: 2012. 



Резюме 

В  статье  проанализированы  различные  подходы  к  определению 

профессиональной компетентности будущего специалиста 

Sammary 

In  the  article,  the  analysis  razlпсnэe  approaches  detection  the  professional 

competence of future professionals 

 

 



ӘӚЖ 159.9 

 

ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҦЛҚЫНЫҢ ҤЙЛЕСПЕУШІЛІГІН 

БОЛДЫРМАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ 

 

       АӘИУ-нің магистранты Абдикеримова К. 



   Ғылыми жетекшісі п.ғ.к. Утебаева А.Т 

 

Қазіргі  балалар  ӛте  эмоционалды  болып  келеді.  Себебі  бала  дүниесінің 



басқа балалар дүниесімен, үлкендермен және түрлі заттармен соқтығысуы олар 

үшін 


әсер 

қалдырады. 

Оқушыларды 

осы 


жағдайлардың 

әсерінен 

кӛзқарастарының  және  жалпы  қалыптасуының  бұзылуы,    тілек  және 

дағдыларының  ӛзгеруі  орын  алады.  Осындай  келеңсіз  жағдайлардың  барлық 

бала  ӛмірінде    кездеседі,  ал  балалар  ӛмірі  мектеппен  тығыз  байланысты. 

Сондықтан  мектептегі  кезең  оқушылары  үшін  «сыналу»  кезеңі  болып 

табылады.  Сыналу  кезеңі  дейтініміздің  себебі,  бала  нақ  осы  мектеп  жасында  

жас ерекшелік кезеңдестіру бойынша маңызды болып табылатын бірнеше қиын  

кезеңдерден  ӛтеді.  Яғни,  сыналу  кезеңі  дегеніміз,  түрлі  құбылыстарға  толы 

белгілі  бір  ӛтпелі  кезең  және  баланың  осы  кезең  аралығынан    ӛте  алу 

мүмкіндігі.  


10 

 

Бірінші  –  баланың  мектепке  түсіп,  жаңа  ортаға  бейімделуімен 



сипатталады.  Сонымен  қатар  бала  ағзасында  дененің  күрт  ӛсуі,  ішкі 

мүшелердің үлкейуі вегетативті қайта құрулар сияқты  эндокриндік ӛзгерістер 

бірден  жүреді.  Бұл  ӛзгерістер  баланың  әлеуметтік    қарым-қатынас  жүйесімен 

іс-әрекетіндегі  кординалды  ӛзгерістер  оның  ағзаларындағы  барлық  жүйелер 

мен функцияларының қайта құруымен сай келеді. Сондықтан бұл аралық үлкен 

күшті талап етеді; 

Екінші  –  баланың  ӛтпелі  кезеңімен  тап  келуімен,  яғни  қиын  саналатын 

кризистік  кезеңмен  сай  келеді.  Бұл  кезең  біріншіден  пубертаттық  кезеңде 

келетін морфологиялық және физиологиялық  ӛзгерістер жеткіншектік ағзасын 

біршама  ӛзгертуге  ұшыратады  да,  олардағы  соматикалық  аурулар  кауіпін 

тудырады, сонымен бірге, тура осы жеткіншектік кезеңде кӛптеген жүйке және 

психикалық  аурулар  кӛрініс  береді,  екіншіден  осы  кезеңге  тән  әлеуметтік 

қарым-қатынас  сферасының  (позитивті  болмауы    мүмкін)  кеңеюі 

жеткіншектерге  меңгеруге  қиын  болып  табылатын  жаңа  әлеуметтік 

тәжірибелер  береді.  Ӛтпелі  кезең  –  жас  ерекшелік  дамудың    ӛте  жауапты 

сатысы.  Бұл  кезеңнің  ӛзіндік  ерекшеліктері  П.П.Блонский,  Л.С.Выготский 

еңбектерінде  анық  жазылған.  П.П.Блонский  ӛтпелі  кезеңде  жүріп  жатқан  

ӛзгерістердің бірден болып жатқанына кӛңіл бӛлсе; Л.С.Выготский бұл кезеңді 

ескінің ӛшуін сипаттайтын жас деп кӛрсетеді. Олай болса, ӛтпелі жас дегеніміз, 

баланың бір сатыдан екінші сатыға  ӛту аралығы. Бірақ бұл уақытта балада оны 

біршама    жоғары  сатыға  дайындайтын    барлық  негізгі  психологиялық    жаңа 

құрылымдар  қалыптасуы    қажет.  Әйтсе  де,  бұл  екі  жас  қиылысып,  осы 

қиылыста  кризис  тууы  мүмкін.  Ал  кризис  дегеніміз  негативті  байланыстарды 

шақырушы, мінез-құлық моделінің  ауытқуын кӛрсететін негізгі құбылыс. 

Үшінші  –  бұл  оқушылардың  жеткіншектік  жаспен  ересектік  жас 

аралығындағы  және  олардың  10-11  сыныпта  кездесетін  қиындықтарымен  сай 

келеді.  Бұл  уақыт  адамның  тұлғалық  дамуының    ӛте  маңызды  және  жауапты 

кезеңі  болып  табылады.    Тіпті,  Ж.Ж.Руссо  («Эмиль»  немесе  «Тәрбие 

еңбегінде»)  саналық  ӛзіндік  анықтауды    жасӛспірімдік  кезеңдегі    тұлғаның 

екінші  туылуының  негізгі    мазмұны  ретінде  қарастырады.  Сонымен  қатар, 

жасӛспірімдік  кезеңде    ағзаның  физикалық  дамуы,  жыныстық  жетілуі  жүреді 

және  бұл  кезеңдегі  психикалық  дамудың    ерекшелігі  дамудың  әлеуметтік 

жағдайымен  де  байланысты.  Сондықтан  да,  бұл  кезеңдегі  әрбір  қадамның 

жауапкершілігі артады, сондай-ақ бұл кездегі әрбір  қатенің белгілі бір кӛлемді 

салдары болуы мүмкін, ал кей кезде ол  драмалық сипатқа ие болуы да мүмкін. 

Сондықтан да бұл жас аралығын немесе  осы жас аралығындағы оқушыларды 

«қиын жас» немесе «қиын балалар» категориясына  кіргізуіміз мүмкін. «Қиын 

жасты» екі сӛзді талдау арқылы  түсіндіруге болады: 1. Кризистік; 2. Ӛте қиын, 

қауіпті.  Ӛйткені  бұл  кезеңде  де  физикалық  әлсіздік,  мінез  сипатының 

ерекшеліктері,  қарым-қатынас  ерекшеліктерінің  жоқтығы,  эмоционалды 

жетілмеушілік,  жағымсыз  сыртқы  әлеуметтік  орта  сияқты  т.б.  кӛптеген  

факторлар  жалғаса  беруі  мүмкін.  Осындай  факторлардың  салдарынан  «қиын 

балалар» пайда болуы мүмкін. 


11 

 

Қиын балалар дегеніміз, дамуы мен мінез-құлқында жалпы қабылданған 



нормалардан ауытқуы бар, ӛзінің психоәлеуметтік дамуы  қалыптасуының жаңа 

сатысын басынан нәтижелі ӛткізе алмайтын балалар. 

Сонымен  мектептегі  үш  кезеңге  сүйене  отырып,  біз  барлық  мектеп 

жасындағы уақытты  кризистік жас деп айта аламыз.  

Л.С.Выготский  «Кризистік  кезең»  теориясы  бойынша  кризистік  жас 

дегеніміз,  бір  жағынан  балалардың  қоғамдық  қарым-қатынас  жүйесіндегі 

ӛзгерулері  жататын,  екінші  жағынан  баланың  «ішкі  позициясынан»  ӛзгеруі 

жататын  дамудың әлеуметтік ситуациясының қайта құрылу нәтижесі.  

Сонымен,  баланың  жас  ерекшелік  психологиялық  сипаты  оның  бӛлек-

бӛлек  жаңа  құрылымның  немесе  ерекшелігінің  жиынтығымен  анықталмайды, 

ол  оның  әр  жас  кезеңіндегі    жеке  адамдық  қасиеттерінің    қалыптасуымен 

анықталады. 

Оқушылардың  басқа  да  психологиялық  ерекшеліктерін  анықтау 

мақсатында КСРО мамандары С.Хатауэй және Э.Монакези жүргізген «Роршах» 

және  «Тематикалық  апперцепция»  тесті  бойынша  12-16  жас  аралығындағы 

оқушылардың    мазасыздану  деңгейінің  жоғары  болатындығы,  сонымен  қатар, 

Кеңес  уақытында  үлкен  маман  болып  табылатын  жасӛспірімдер  психиатры 

А.А.Мехрабянның  мәліметі  бойынша,  осы  жас  аралығындағы  балалардың 

жекелік    ауытқуларының бірден ӛсетіндігі  дәлелденді.  Сонымен  қатар,  әр  жас 

кезеңіндегі    мазасыздану  деңгейінің  ерекшелігіне  байланысты  В.Д.Кисловская 

«проективті  тест»  кӛмегімен  мазасызданудың    жас  ерекшелік  динамикасын 

қарастырды. Оның нәтижесі бойынша,  кіші мектеп жасындағы оқушылардағы  

мазасыздану  бейтаныс  үлкен    адамдармен  қарым-қатынас  кезінде    және 

қатарластарымен  қарым-қатынас  кезінде    кӛрінсе,  жеткіншектерде  бейтаныс 

адамдармен  жеткіншектерден  гӛрі,    қатарластары  және  ата-анасымен  қарым-

қатынас  кезінде,    ал  жасӛспірімдерде  мазасыздану  барлық  қатынас  

сферасында,  әсіресе    ата-аналармен  немесе  балалар  тәуелді  болып  табылатын  

басқа  да  үлкендермен  қарым-қатынас  кезінде    кӛрінеді  екен  және 

жасӛспірімдерге  мазасыздану    деңгейінің    жоғарылылығы  тән  болып  шықты. 

Мұның  себебі,  жеткіншек  кездегі  эмоционалды  реакцияның  әсерінен 

дифференциацияның  жалғаса  беруінде  және  эмоционалды  реактивтіліктің  

тӛмен дәрежеде болуында. 

Оқушылардың  мінез-құлқындағы  ситуацияларды    талдай  отырып, 

ситуациялық  мінез-құлықты  едәуір    ӛзгертетін  нәрселерді    атап  ӛткен  жӛн.  

Оқушылардағы  үйлеспеушілік  құрамына  қарай  едәуір  болады.    Олардың 

құрамы күрделі. Оқушылардың мінез-құлқының  үйлеспеуіне тән сипаттың бірі 

– олардың  кейбіреуінің  жынданғаннан ӛлуге дейін баруы. Оның негізгі себебі 

-  ӛмірлік  қиындықтар,  әсіресе  отбасындағы  түсінбестік    еркелетудің, 

махаббаттың  жетіспеушілігі  болып  табылады.  Яғни,  баланың  жан  талаптары 

отбасында  қанағаттандырылмайды, оның әрбір қадамда  кӛңілі қалып отырады. 

Ӛмірдегі мұндай жағдайлар балаларға соққы болып тисе, екіншілері, керісінше 

барлығына  кӛңілі  толмай  кек  алғысы  келіп  тұрады,  бәрін  керісінше  істейді. 

Олардың  себепсіз  іс-әрекеттері  ӛздіктерінше  дұрыс  саналады.  Егер 

оқушыларының  бірнеше  мағынасы  бар  мінез-құлқын  нақты  жағдайдағы  



12 

 

шындық  ӛмірге  кӛрсетсе,  онда  ол  мағына  басқаларға  мағынасы  үйреншікті 



«басқаша оқу» немесе айналадағыларға жаңаша тіл болып кӛрінеді.  

Ол  біріншіден,  түсініксіз  екіншіден,  қабылданбайды:  үшіншіден,  әшейін 

аффективті 

түрде 


қабылданбайды. 

Осы  жерден 

қиын 

тәрбиелену 



қиыншылықтары  туындайды.  Сонымен  бірге  эмоционалды  үйлеспеген 

оқушыларды    зерттеу  барысында  олардағы  қажеттіліктер  отбасында 

қанағаттандырылмайды  және  ата-аналардың  ӛз  дегені  бойынша    балалардан 

бірнәрсені талап етуі оларға керісінше әсер етеді. Оқушыларда еліктеу жоғары 

дәрежеде  болады,  сондықтан  да  олардың  жоғары  талап  қоюшылығы  немесе 

біреуден  бірдеңе  талап  етушілігі,  олардың  мінез-құлқының  бұзылуына  әкеліп 

соғады.  Оқушылардағы  мазасыздану  деңгейінің  жоғарылауы,  отбасындағы 

қарым-қатынастың 

шектелуімен, 

стерстерімен 

сипатталады. 

Мұндай 


балалардан ашық агрессия сирек пайда болады. Оларға когнетивті стиль, ӛзінің 

мүмкіншілігін  байқай  алмаушылық  тән  және  оларда    «ешкім  кӛмектеспейді» 

деген  кӛзқарас    немесе  айналаға  жаушылық  кӛзқараспен  қарау  тереңдік  алып 

отырады.  Жеткіншек  жасындағы  балалардың  ӛмірі  мен  дамуы  нақты 

әлеуметтік  жағдайларымен  байланысты  және  баланың  ересек  адамдар 

дүниесіндегі қоғамдық жағдайды меңгеруімен анықталады. 

Балаларда  эмоционалды  үйлеспеу  олардың    сабақты  үлгермеушілігімен 

де сипатталады. Мысалы, балаларға кӛмектескенде егер де ол тапсырманы ұзақ 

түсінбесе    кері  эмоцияны  ғана  емес,  сонымен  бірге,  тапысрманы  нәтижелі 

орындаудың  жолдарын  қарастырмай  мұндай  әрекетттерден  алдын-ала  іштей 

бас  тарта  бастайды.  Оқушыларды  психологиялық  «энергетиканың» 

жоғарылауы  және  тӛмендеуі  болады,  осының  әсерінен  балалар  бір  уақытта  

кӛңілсіз  болып  жүрсе,  бір  уақытта    жеткілікті  қарсылық  кӛрсететіндігі  және 

жақсы  бейімделген  қабілетте  болады.  Бұл  жердегі  бірінші  жағдай    екінші 

жағдайға қарағанда  жиі кӛрінеді. Сондықтан да баланың ӛмір жағдайына кӛңіл 

бӛлу  керек.  Мысалы,  бала  отбасындағы  екінші  баланың    пайда  болуына 

байланысты  жат  қылықтар    кӛрсете  бастайды,  сондай-ақ  мектеп  ауыстыру 

дәрежесінде тәуелділік, мазасыздану сезімі пайда болады. Ата-аналарға негізгі 

кӛңіл  бӛлу  керек  нәрсе  -    кӛп  балаларда  мұндай  стресс  эмоционалды  

үйлеспеушілікті  зерттеген  зерттеушілер  пікірін  талдау  нәтижесінде 

оқушылардың  эмоционалды    үйлеспеуіне  әсер  ететін  негізгі  факторларды 

анықтадық. Олар: 

1. Биологиялық ерекшеліктер

2. Әлеуметтік орда. 

Осы  факторлар  бойынша,  А.Бек  жүргізген  зерттеулер  эмоционалды  

үйлеспеушілікке  әсер  ететін  факторлар  қиындықтар  жүйге  келтірілген  және 

олар біртіндеп балалардың мінез-құлқындағы үйлеспеушілікке алып келеді деп 

кӛрсеткен. 

Сонымен  «үйлеспеушілік»,  «эмоция»  және  «мінез-құлық»  бір-бірімен 

тығыз  байланысты  екен.  Ӛйткені,  эмоцияның  белгілі  бір  сипаттары 

үйлеспеушілікті    тудырса,  пайда  болған  үйлесімсіздік  мінез-құлықтың  белгілі 

бір  кӛріністерін береді, яғни теріс немесе оң мінез-құлықты кӛрсетеді екен. 

 


13 

 

Әдебиеттер 

1.

 

Гудкина Н.И. Несколько случаев из практики школьного психолога. -               



М: 1991. 

2.

 



Добсон Дж. Непослушный ребенок. Под ред. Н.Коршуновой. - М: 1992. 

3.

 



Донченко Е.А., Титаренко Т.М. Личность: конфликт, гармония. - Киев: 

1989. 


4.

 

Дружинин В.В. и др. Введение в теорию конфликта. - М: 1989. 



 

Резюме 

В 

данной 

статье 

рассматриваются 

пути 

предотвращения 

несоответствия поведения у подростков 

Summary 

 This article discusses ways to prevent inappropriate behavior in adolescents 

 

 

ҚОЛӚНЕР ҚҦНДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫ ЖАСҦРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕ 

ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕМЕЛЕРІ 

 

Аймақтық әлеуметтік -инновациялық университеттің 

Магистранты Абдуллаева А., 

аға оқытушысы Досанова Б.А. 

 

Қазақ  қол  ӛнерінің  құндылығын  арттыруда,  қолӛнердің  бейнелілік 

бағытын  меңгертуде,  халқымыздың  бай  мұрасын  игертуде  құнды 

педагогикалық  тұжырымдар  мен  танымды  түйіндердің  негізін  қазақ 

ағартушыларының дүниетанымдық кӛзқарастарынан байқаймыз. 

Қазақ  қол  ӛнерінің  құндылығын  арттыру  маңызы  және  оның  жеке 

тұлғаның  рухани  дамуына  тигізер  әсері  туралы  ой-пікірлердің  қалыптасуына 

Ш.Уәлиханов  ,  Ы.Алтынсарин,  А.Құнанбаев,  Ш.Құдайбердиев,  М.Шоқай, 

Ж.Аймауытов,  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  М.Жұмабае  сынды  халқымыздың 

ойшылдары, ағартушылары мен ӛнер қайраткерлерінің қосқан үлесі зор болды.  

Ш.Уәлихановтың  эстетикалық  кӛзқарасы  қоғамдық  саяси  және 

философиялық  кӛзқарастармен  тығыз  байланысты  болды.  Ӛзінің  зерттеу 

жұмыстарында  ол  қазақ  халқы  мен  Орта  Азия  халықтарының  тұрмыс-

тіршілігіне,  ұлттық әдет-ғұрпына,  салт-дәстүріне  баса  кӛңіл  бӛледі.  Сӛйтіп,  ӛз 

халқының  ауыз  әдебиеті,  эстетикалық  танымы  арқылы  сол  халықтың 

эстетикалық  мәдениетінің  мәнін  ашуға  ұмтылады.  Ол  қазақ  халқының  ӛткен 

ӛмірі  мен  болашағы  жайлы  ой-арманын,  тілегін  кӛрсетіп,  ұмытылып  бара 

жатқан  салт-дәстүрлерге,  қолӛнерге  кӛңіл  аударуды,    оны  халық  тәрбиесінің 

құралы,  әдіс-тәсілі  ретінде  пайдалануды  және  халық  тәрбиесінің  жастар 

тәрбиесіне  де  ол,  қазақ  қол  ӛнерінің  құндылығын  арттыру  қажет  екенін 

ескерткен. 

Ш.Уәлиханов  қазақтардың  ұлттық  қол  ӛнерін  талдай  келе,  сӛз  ӛнерінің 

халық психологиясын, тыныс-тіршілігін, мінез-құлқын, салт-санасын білдіретін 

қазақ қол ӛнерінің құндылығын арттыру негізінде жазды. 



14 

 

ХІХ ғасырдың екінші жартысында ұлы ағартушылардың бірегейі Ыбырай 



Алтынсарин  осы  негізде  игілікті  іс  бастағаны  белгілі.  Ы.Алтынсарин  ұлттық 

қолӛнер  бұйымдарын  жасауға  жас  ұрпақтарды  үйрету  мәселесін  кӛтерген.  Ол 

қазақтың  қолӛнерін  ӛте  жоғары  бағалаған  және  сол  ӛнерге  баулу  мақсатымен 

бірнеше  қолӛнер  мектебін  ашқан.  Бұларда  ағаш  ұсталығы  және  киім  тігу 

жұмыстары жақсы жолға қойылса, Красноуфимскідегі реальное училищесі мен 

ауыл  шаруашылық  мектептерінде  тері  илеу,  қыш  құмыра  жасау  ӛнері 

меңгертілген және қазақ қол ӛнерінің құндылығын арттыруды сол кездің ӛзінде 

айтып кеткен.  

Ол  ӛзі  ашқан  мектептерінде  жастар  арасында  қыздарға  ұлттық  қолӛнерді 

үйретіп, сәнді ұлттық киімдер тігуге, тоқуға, кесте тігуге баулыған. Торғайдағы 

қазақ  қыздары  үшін  ашылған  мектепте  ұлттық  киімдер,  кесте  тігу,  киім  пішу, 

шәлі  тоқу,  жіп  шалу  және  қазақ  халқында  кӛп  болатын  жүн,  қыл  сияқты 

материалдардан  ӛрмек  тоқу,  киіз  басу,  бау  және  тақыр  кілем  тоқу  сияқты 

жұмыстар  жүргізілді.  Яғни,  Ыбырай  Алтынсарин  халықтың  қолӛнеріндегі 

әдемілікті,  әсемдікті  ӛзі  ғана  түсініп,  қызықтаумен  шектелмей,  сол  кездің 

ӛзінде-ақ ӛнерге балаларды да ынталандыруға, қазақ қол ӛнерінің құндылығын 

арттыруға ат салысқан. Оның ұмыт болып бара жатқан әдет-ғұрыптарды тезірек 

меңгеріп,  құнды,  пайдалы  жақтарын  алып,  ӛмір  қажетінен  шығара  білуге 

шақыруы,  кәсіптік  біліктіліктерді  меңгертіп,  сол  арқылы  оларды  қазақ  қол 

ӛнерінің құндылығын арттыруға кӛңіл бӛлуді жазып кеткен.  

Ы.Алтынсарин  ұлтымыздың  жас  ұрпақтарының  білімді,  ӛнерлі,  шебер 

болуын  аңсаған,  сӛйтіп,  осы  ұлы  мақсатты  қазақ  жеріне  алғаш    жүзеге  асыру 

үшін кӛп еңбек еткен педагог-ғалым болды. 

ХIХ ғасырдың екінші жартысында Абай ӛмір сүрген кезеңнен бастап Дала 

адамының  жаңа  моделі,  жаңа  педагогикалық  идеал  қалыптаса  бастады. 

Заманымыздың  заңғар  ақыны,  данышпан  Абай  Құнанбаев  «Басқа  елдің 

мәдениетін,  тілін  үйренген  адам  сол  халықпен  терезесі  тең  болады»  деген 

болатын. Ол адамның қай ұлтқа жатпасын, бірдей биологиялық-әлеуметтік мәні 

болатынын,  қажеттіліктері  мен  мүдделерінің  ұқсас  екендігін  айтты.  Қазіргі 

уақытта 


біз 

Абайдың 


әлеуметтік-педагогикалық 

кӛзқарастарының 

К.Д.Ушинскийдің,  Л.С.Выготскийдің,  А.Бӛкейханов  және  басқа  да  әлемге 

әйгілі  социологтар,  психологтар,  педагогтардың  пікірлерімен  ұштасып 

жатқанын  аңғарамыз  және  осының  бәрі  қазақ  қол  ӛнерінің  құндылығын 

арттыруға негіз болады деп қарастыруға әбден болады.  

Абай  қазақ  ағартушыларының  алғашқысы  болып  екі  маңызды  алғы 

шарттың  басын  ашты,  олар:  жеке  тұлғаны  тәрбиелеу  және  әлеуметтендіру. 

«Адам дүниеге екі түрлі болып келеді, – дейді, – біреуі – үйренсем, білсем деп, 

екіншісі  –  ішсем,  жесем  деп».  Мұнда  Абай  ӛнерді  үйрену  арқылы  қоғамды 

дамытуға болатынына мән береді  

Абай  жас  ұрпақ  тәрбиесіндегі  халық  мұрасының  тәрбиелік  мәнін  жоғары 

бағалады. Ол ӛзінің ӛлеңдері мен қара сӛздерінде халықтың мақал-мәтелдерін, 

нақыл  сӛздерін,  салт-дәстүрлерін  орынды  пайдалануы  арқылы  балалардың 

болмысқа  деген  кӛзқарасын  қазақ  қол  ӛнерінің  құндылығына,  сезімін, 

мәдениетін  қалыптастыруға  ықпал  етті.  қырық  үшінші  қара  сӛзінде:  «...  егер 



15 

 

мал керек болса, қолӛнер үйренбек керек, мал жұтайды; ӛнер жұтамайды» – деп 



жастарды  ӛнерге  баулиды,  оларға  тәлім-тәрбие  берумен  қатар  ӛнердің 

қажеттілігіне  ерекше  кӛңіл  бӛледі  Еңбекті  адал,  таза  істейтін  еңбекқор 

ұрпақтарына арнаған: 

   


 

Сыбыр, ӛсек дегенді сырттай жүріп, 

   

 

Ғылым, ӛнер, мал таппақ, жұртқа жақпақ – 



деген  ӛлеңінде  ғылым  мен  білімді,  мәдениет  пен  ӛнерді  еңбекпен  ал,  сол 

жұғымды болады деп үйретеді  

Абай  ғақлияларының  қазақ  қол  ӛнерінінің  мәнін  ұқтырып  тәрбиелеудегі 

маңызы зор. Жиырма жетінші қара сӛзінде: « ... әуелі кӛзді кӛрсін деп беріпті, 

егер кӛз жоқ  болса,  дүниедегі кӛрікті нәрселердің  кӛркінен  қайтіп  ләззат алар 

едік?» десе, қырық үшінші қара сӛзінде, осы ойды әрі қарай толықтырады: «Ол 

хабарлардың  ұнамдысы  –  ұнамды  қалыппен,  ұнамсызы  –  ұнамсыз  қалыппен, 

әрнешік  ӛз  суретімен  кӛріне  түседі»    деп  адамның  шығармашылықты  сезініп 

қабылдауы әсемдікке, сұлулыққа қызығуы, рухани ләззат алуы баланың сәбилік 

шағының  дамуымен,  ӛсіп  жетілуімен  байланыстылығын  айқындай  келіп,  он 

тоғызыншы сӛзінде,  «адам  жақсы,  жаманды  кӛріп, үйреніп  жүріп, ой елегінен 

ӛткізіп,  таразылап  санасында  ӛлшейді.  Ол  дүниеге  келгеннен  бастап,  ӛзін 

қоршаған  ортаны  тану  сияқты  күрделі  кезеңді  басынан  кешеді.  Сол  таным 

арқылы адамның қол ӛнерінің құндылығын терең пайымдауға қаншалықты жол 

ашатындығын байқаймыз», – дейді. 

Мұстафа Шоқай білім алу алғы шартын ұлттық рухани мәдениетпен, қазақ 

қол  ӛнерінің  құндылығын  арттыруды    байланыстырып  қарастырады,  қазақтар 

«қазақ қол ӛнерін  күллі әлемге, соның ішінде Еуропаға да таныту керек екенін 

білуге  тиіс»  деп  жазады.  М.Шоқай  «Түркістан»  журналына  шыққан 

мақалаларында  білімді  меңгеруде  ұлттық  ерекшелікке,  қазақ  қол  ӛнерінің 

құндылығын арттыруға мән беру керек екенін айта келіп, патша үкіметі кезінде 

«бұратана»  халықтардың  дамуына  кісен  салынғанын,  ұлттық  сана-сезімнің 

қалыптасуына  зиян  келтіретінін  кӛрсетеді.  Оның  пікірі  бойынша,  білімділікке 

жетудің  басты  шарты  –  ұлттық  рухтың  күшті  болуы.    Ал  ұлттық  рухтың 

кӛтерілуі,  әрине,  ұлттық  салт-дәстүрге,  қол  ӛнеріне,    мәдениетке  тікелей 

қатысты деп қарастыруға болады.  

Халыққа  білім  мен  мәдениеттің  қажеттігі  туралы  А.Т.Құлсариева, 

Б.Ж.Мұқанованың сияқты қазақ әйелдерінен шыққан алғашқы қарлығаштар ӛз 

еңбектерінде құнды пікірлер айтқан. 

Қазақ  қол  ӛнерінің  құндылығын  арттыру  белгілі  бір  маманға  ғана  емес, 

барлық адамзатқа қажетті. Қандай маман болмасын, оның шығарған туындысы, 

біріншіден,  ұлттық  тұрғыдан  бағаланады.  Сонымен  қатар  ол  кӛркем  ойдың 

кедені  емес,  халықтың  шексіз  шығармашылық  іс-әрекеті.  Халық  қашанда 

кӛркем  шығармашылықтың  объектісі  және  субъектісі.  Сондықтан  да  біз 

халықты  оның  қолӛнері  шығармашылығы,  мәдениеті  арқылы  бағалаймыз. 

Соның ішінде сәндік қолданбалы-ӛнердің алатын орны ерекше.  

Қазақ халқының баға жетпес мәдени мұрасын құрайтын сәндік-қолданбалы 

қолӛнердің құндылығы  туралы еліміздің белгілі ғалымдары: Ә.Сәдуақасов Х., 

Арғынбаевтың,  С.Е.Нұрмұратовтың  [96],  С.Қасимановтың,  Ә.Марғұланның, 


16 

 

Ж.Мүтәліпов, С.Мұқановтың, Н.Нұрмұхамедовтың, Н.Адамқұловт.б. еңбектері 



құнды да қызғылықты мағлұматтар мен материалдарды қамтиды. 

Қазақ  қол  ӛнерінің  құндылығын  арттыру  теориясы  бойынша  жүргізілген 

ғылыми-зерттеу  жұмыстары  мен  педагогикалық  тәжірибелерде  де  сәндік-

қолданбалы  қолӛнерді  жас  ұрпақ  тәрбиесінде  пайдалану  ӛзекті  алғы 

шарттарының бірі ретінде қарастырылып келді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет