Аймақтағы ірі мейрамханалық операторлар: AB restaurants: Нұр-Сұлтан қаласында 7 мекеме.
Жақында Нұр-Сұлтан қаласында Del Papa брендімен екі мекеме ашу жоспарда бар.
Қазақстан нарығындағы үлесі 3%, Нұр-Сұлтан қаласындағы үлесі 1,2%.
Брендтер портфолиосы: – бұл италия стиліндегі жайлы мейрамханалар, олар осы тамаша елдің жылы шырайы мен тыныштығына толы. Тек біздің мейрамханамызда шынайы тальятелле, равиоли немесе, мысалы, үйде дайындалғандай чиабаттаның дәмін татып көруге болады.
– көне Еуропаның тамаша дәстүрлерінде жасалған мейрамхана. Ол ұстамды классикалық интерьерімен және француз аспазы Жана-Филипп Гоме дайындаған тағамдар мен жеңіл тамақтардың, сондай-ақ сыраның таң қалдырарлықтай алуан түрімен ерекшеленеді. «Augustin» мерамханасын үлкен компанияларға демалалатын керемет орын ретінде ұсынамыз.
– Кавказға саяхаттан, Грузия қонақжайлығынан, Армения қарапайымдығынан, Әзербайжан ықыласынан шабыт алып ашылған мейрамхана. Интерьер мен шынайы кавказ тағамдары арқылы кавказ елдерінің толық ахуалы мен көңіл-күйін беруге тырыстық.
– колоритті тағамдары мен шынайы бөшкедегі сыраның элитті түрлері бар сыра мейрамханаларының желісі. Өмірдің тынымсыз ағымы, философиялық және достық әңгімелер, сыра мейрамханасының ең жақсы дәстүрлеріндегі көңіл және қонақжай қызметін көрсету. Дизайн қарапайым жайлылық пен айрықша жылулықпен ерекшеленеді.
– "Клава, давай!" бары осы бір провокациялық ұранымен өз келушілерін әрі қарай тоқтаусыз көңіл көтеруге шақырады. Бардың атауы қонақтарды ескі американдық сериалға және "Сплин" рок тобының әніне сілтейді. Біздің кезінде аналарымыз бен әжелеріміз тұрған коммуналдық пәтер рухында жасалған мекеменің интерьері осыдан ондаған жыл бұрынғы Кеңес Одағы кезін елестетеді, сол жылдардағы кітаптар, жиһаз, техника және басқа да атрибуттар қойылған.
Good Project: Жергілікті оператор
Нарықтағы үлесі 0,7%.
Брендтер портфолиосы: - Сән ауыспалы, бірақ әрқашан "бірінші орындарда" қалатыны да бар. «Бархат» lounge мейрамханасы сәнді көрермен үшін әлі де сүйікті де бірегей орын мәртебесін өзінде ұстап қалып отыр: бұл – гастрономиялық қуаныш, қызықты өмір мен көп күткен кездесулер орны. Интерьер авторлары классикалық сюжетті үйреншікті қалыптан тыс түрде үйлестіре алған, оның элементтерінің арасында сәнді шамдар, фотосуреттер, түрлі түсті және өлшемдегі орындықтар мен креслолар бар. Lounge-де танымал кинорежиссер Джордж Лукастың студияларында орнатылғандай жабдық арқылы сапалы дыбыс шығарып, жағымды ахуал қалыптасады.
- Good Project мейрамхана мәдениеті мен жазғы демалысты өткізудің жаңа деңгейін - Chivas Lounge террасасын ұсынады. Танымал сусынмен рухтандырылған ауа террасасы шу мен суықтан жақсы жасырылған қалалық, динамикалық өмірдің жүрегінде орналасқан.
Жайлы тоқылған креслолар, күн сәулесі, жасыл түсті, үлкен және жұмсақ жастықтар, қайталанбас жайлылық пен жеңіл романтика атмосферасы тез тамақтанғаннан кейін демалуға және достармен кешкі жағымды отырыстарға арналған. Ал әрбір уикенд сайын Chivas lounge түнгі ойын-сауық орталығына және жарқын, жарық оқиғалар мен ұмытылмас кештерге арналған алаңға айналады!
- Қытайда тағам адамдарға аспаннан беріледі деп саналады: мұнда «ас ішу» ұғымы жоқ, тамақтану асықпай рахаттануға айналады. 2013 жылдың көктемінде Good Project компаниясы елордада бірінші қытай кантон асханасының мейрамханасы Dim Sum-ды ашады.
- Қалалық қарбалас, әрдайым асығыс және шаршаңқылық... Кей кезде басқа өмір, асығыссыз өмір бар жерге кетіп қалғың келеді. Good Project Нұр-Сұлтандағы алғашқы жазғы террасасы бар "На крыше" панорамалық мейрамханасын ашты, бұл – стильді интерьер, аспан мәзірі және елордаға ашылатын керемет көрінісі бар бірегей орын. Романтика атмосферасына орану, өмір қозғалысын биіктіктен бақылау немесе ойдың тұңғиығына бату..., әркім бұл жерде өз сюжетін ойлап табады. " На крыше" мейрамханасында кездескенше!