Мысал: «noname» кофеханасын ашуға арналған бизнес жоспар жобаның сипаттамасы мен оны іске асырудың мақсаттылығы



бет5/13
Дата02.12.2023
өлшемі1,7 Mb.
#132564
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
мысал, бизнес план

Тауардың немесе қызметтің атауы



+ бәсекелесіңізден сіздің артықшылығыңыз қандай?

+ Неге?



Кофехана

Мекеменің негізгі өнімі – кофе және шай сусындары, десерттер, сендвичтер, сорпа мен салаттар. Сонымен қатар іскерлік әдебиет әуесқойлары үшін кітап дүкені де жұмыс жасайды.



кофехана мен «workshopcafé» түріндегі мекеменің симбиозы

Мекемеде кітап дүкені де жұмыс жасайды.


Мәзір тұрақты түрде маусымдық ұсыныстармен толықтырылады.


Ұялы қосымша
Клиент тап сол күнгі персонал құрамын қарай алады.
Жобаның интерьері ерекше.

Жұмыс істеу үшін келген адамдарға ыңғайлы және жағымды жағдай жасау үшін мекемеде жылдам вайфай және әр үстелдің жанында тоққа қосқыштар орнатылады.
Мекемелер меймандарына қуырылған әртүрлі дән мен хош иістендірілген кофе сортын ұсынады.
Сондай-ақ меймандардың кофені шығарған елі мен бағасына қарап, таңдап алу мүмкіндіктері бар.
Клиент ұялы телефон қосымшасының көмегімен үстел брондай, алдын-ала тапсырыс бее және пікір қалдыра алады.
Осылайша, даяшылар да өз клиенттерінің базасын қалыптастыру мүмкіндігіне ие. Бұл, өз кезегінде, шайпұл түріндегі жақсы сыйақы алу мүмкіндігін береді.
Кофехананы ашудың негізгі идеясы – демалысқа арналған жайлы орын жасау. Қажеті жоқ қарбаласты сыртта қалдырып, клиент дәмді сусын мен авторлық ас мәзірін өзіне ұнайтын жандармен бірге рақаттана іше алады. Бұған мекеменің қайталанбас интерьері де ықпал етеді.



4.МАРКЕТИНГТІК ЖОСПАР

Аталған тарауда біз жарнаманы орналастыру, клиенттер қорын іздеу үдерісін ұсынамыз. Маркетинг үдерісін белсенді жарнама науқанынан бастаймыз, өйткені жарнама – сауда қозғалтқышы.


Кофехана маркетингі клиенттерді өзіне тартуға бағытталған барлық іс-шараларды қамтиды. Оған кофехана тұжырымдамасын жасау, интерьерлік шешімдерді әзірлеу және жарнамалық іс-шараларды жоспарлау кіреді.
Маркетинг компания брендісін қалыптастырудан басталады. Бұл – компанияның фирмалық стилі және ішкі қарым-қатынас тұжырымдамасы. Бірінші тармағы кофехананың атауын, логотипін, ішкі дизайнын, сондай-ақ визиткаларды, маңдайшалар мен мәзірді безендіруді қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл – кофехананың барлық жарнамалық науқандары өткізілетін жалпы тұжырымдаманы құру деген сөз. Ішкі қарым-қатынас қызметкерлер арасында да, ресурстарды жеткізушілер арасында да өзара әрекеттесудің белгілі бір ережелерінен тұрады.
Қоғамдық тамақтандыру сияқты жоғары бәсекеге қабілетті салада түрлі акциялар мен арнайы ұсыныстар маңызды рөл атқарады. Көбінесе белгілі бір жұмыс сағаттарында немесе бонустық бағдарламаларда жеңілдіктердің болуы сізге әлеуетті клиенттер тартады.
Тұрақты сатып алушылардың үлкен санын бонустық жүйені енгізу есебінен қалыптастыруға болады. Мұндай жүйе сатып алушының ақшалай емес, арнайы картаға есептелетін бонустар түрінде жеңілдік алуына есептелген. Бір бонус бір рубльге теңестіріледі. Бұл жерде осы бонустарды тек сіздің мекемеңізде пайдаланып жұмсауға болады. Яғни сіз клиентті қосымша сатып алуға алдын ала ынталандырасыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет