Келушілердің жынысына, жасына қатыстылығы Нұр-Сұлтандағы дәмхана мен мейрамханаларға келушілердің негізгі бөлігін 25-тен 34 жасқа дейінгі жастар және 35-тен 44 жасқа дейінгі ересек адамдар құрайды. Олар мейрамханалар мен дәмханаларға барлық келушілердің 53%-н құрайды. Егер толығымен алатын болсақ, соңғы үш айдың ішінде Нұр-Сұлтан тұрғындарының 3/5 дәмхана мен мейрамханаларда уақыт өткізді деуге болады.
Әлеуметтік мәртебе Мейрамхана меймандарының тең жартысы үйленген/тұрмыстағы адамдар, 27% бойдақ/тұрмыста жоқ, 11% жолдастарымен тұрып жатыр. Бұл жерде жесір, ажырасқан немесе жолдасымен азаматтық некеде тұрып жатқан ер адамдар мейрамханаларға дәл сондай жағдайдағы әйелдерге қарағанда аз баратынын атап өткен жөн. Сонымен бірге мейрамханаларға баратын бойдақ ер адамдар тұрмыста жоқ әйелдерге қарағанда 12% артық.
Мейрамханаларда уақыт өткізетін адамдардың көбі аяғына нық тұрған және өзінің тұрмысының ауқатты екеніне сенімді адамдар. Негізінен, әртүрлі мамандар (23%), қол еңбегіне қатысы жоқ білікті жұмысшылар мен қызметшілер (34%). Зерттеу көрсетіп отырғандай, мейрамхана меймандарының 41% айына орташа алғанда 50-ден 100 мыңға дейін табысқа ие, ал олардың отбасына бөлгендегі айына орташа табысы 100 мыңнан астам. Сонымен бірге, соңғы кезде мейрамханаларға барған адамдардың көбі (68%) тамақ өнімдеріне шамамен 30-дан 70 мың теңгеге дейін жұмсайды.
Меймандардың үлкен бөлігінің (52%) материалдық жағдайы соңғы жылда өзгермеген, тұрақты сипатқа ие. Сонымен бірге келушілердің 64% алдағы 12 ай ішінде материалдық жағдайларының өзгеретіндігіне сенімді. Мейрамхана меймандарының білім бағдарына назар аударатын болсақ, бұл нәтижелер таң қалатындай емес. Бұл жерде бір немесе бірнеше жоғары білімі бар меймандардың көбі әйелдер екендігін, ал орташа, орташа-арнайы, аяқталмаған орташа білімі барлардың көп бөлігі ер адамдар екендігін атап өткен жөн.
Андерсон дәмханасының орналасқан жеріне қарағанда, оның Нұр-Сұлтан қаласындағы тікелей бәскелестері – балалар бөлмесі, тамақты жеткізу, сондай-ақ негізгі қызметтен басқа (қоғамдық тамақтандыру қызметін ұсыну) кондитерлік және нан өнімдерін өндіру және оларды сатумен айналысатын отбасы түріндегі дәмханалар мен мейрамханалар.