Мүлікті жалға беру шарты


 ТӨЛЕУ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ТӘРТІБІ



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата08.01.2023
өлшемі249,92 Kb.
#60611
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Шарт-1

 
2. ТӨЛЕУ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ТӘРТІБІ 
2.1. Жалға алушы жалдау ақысын осы Шарттың 10-бөлімінде көрсетілген жалға 
берушінің тиісті шотына ай сайын аванстық төлем арқылы мүлікті жалдау айының 
алдындағы айдың 25-нен кешіктірмей төлеуі керек. 
2.2. Жалдау ақысына пайдалану, коммуналдық қызметтер және басқа шығындар 
кірмейді, оларды жалға алушы бөлек төлеуі тиіс.
2.3. Келісім-шарттың жалпы сомасы ҚҚС есептегенде ______ теңге құрайды. 
2.4. Жалға алу төлемінің мөлшері жалға берушінің талабы бойынша жалдаудың 
базалық ставкасы және қолданылатын коэффициенттер мөлшері өзгерген жағдайда қайта 
қаралуы мүмкін, бұл туралы жалға беруші жалдау ақысының келесі төлемді енгізбес 
бұрын 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей жалға алушыны жазбаша хабардар етеді.
2.5. Шартты мерзімінен бұрын бұзғанда немесе Жалға алушының бастамасы 
бойынша шартты бұзған жағдайда алдын ала төленген жалдау ақысы қайтарылмайды. 
2.6. Жалдау ақысы жалға беруші мен жалға алушы арасында мүліктік жалдау 
келісім-шарты жасалған күннен бастап есептеле бастайды. 
2.7. Коммуналдық және пайдалану шығындары жалға алу нысанын қайтару актісіне 
Жалға беруші мен Жалға алушының уәкілетті тұлғаларының қолы қойылған дейін, тіпті 
жалға алу мерзімі аяқталған жағдайда да жалдау ақысы есептеле береді. Бірақ бұл факт 
Нысанды жалға алу мерзімін ұзартуға негіз болмайды.


2.8. Пайдалану шығындары Жалға беруші ұсынған шоттар бойынша ай сайын 
ағымдағы айдың 25-ші күнінен кешіктірілмей төленуі керек.
2.9. Пайдалану шығындарын Жалға алушы жалға алынған нысанды қабылдау-
тапсыру актісіне қол қойған күннен бастап төлеуі тиіс. 
2.10. 01.06.2021 мен 15.08.2021 аралығында жалға алушы жалдау ақысын төлеуден 
босатылады. 
2.11. Коммуналдық шығындар Жалға беруші ұсынған шоттар бойынша ай сайын 
ағымдағы айдың 25-ші күнінен кешіктірілмей төленуі керек.
2.12. Коммуналдық шығындарды Жалға алушы жалға алынған нысанды қабылдау-
тапсыру актісіне қол қойған күннен бастап төлеуі тиіс. 
2.13. Күндізгі бөлімде оқитын білім алушылар қашықтықтан оқуға ауысқан 
жағдайда, Алға алушының өтініші бойынша жалдау ақысының құны қайта қаралуы 
мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет