Мүлікті жалға беру шарты



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата08.01.2023
өлшемі249,92 Kb.
#60611
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Шарт-1

3.4. Жалға алушы құқылы:
3.4.1. жалға берушіден Шартта көзделген міндеттерді орындауды талап етуге
3.4.2. жалдау ақысын бірнеше ай бұрын алдын ала төлеуге; 
3.4.3. жалға берушінің алдын ала жазбаша келісімін алған және белгіленген 
талаптарға сай болған жағдайда ғана, жалға берілетін мүлік бойынша бөлінбейтін немесе 
бөлінетін жақсартулар жасауға. Соның ішінде егер басқасы Шарт Тараптарының қосымша 
келісімімен тікелей белгіленбесе, Жалға алушының жасаған барлық жақсартулары жалға 
берушінің меншігіне өтеді. Мұндай жақсартулардың құны жұмыс берушіге қайтаруға 
жатпайды;
3.4.4. Келісімде, Қазақстан Республикасының заңнамасында және Жалға берушінің 
ішкі құжаттарында айқындалғандай, ортақ пайдалану орындарын пайдалануға.
4. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІ 
4.1. Тараптар осы Шарттың талаптарын бұзғаны (орындамағаны немесе тиісінше 
орындамағаны) үшін жауапты болады.
4.2. Жалға алушы осы Шарттың 2-бөлімінің 2.1, 2.9, 2.11-тармақтарында көзделген 
міндеттемелерді бұзған жағдайда, Жалға беруші әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін 
ай сайынғы жалдау ақысынан 1% мөлшерінде айыппұл талап етуге құқылы, ал жалға 
алушы оны төлеуге міндетті. Айыппұл міндеттемені толық орындаған күнге дейін 
есептеледі. 
4.3. Жалға алушы осы Шарттың 3-бөлімінің 3.3.20-тармағында көзделген 
міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Жалға алушы Шарттың 3.3.20-тармағында 
көрсетілген мерзімнің бұзылған күнтізбелік күндері үшін ай сайынғы жалдау ақысының 
1% мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті. Айыппұлдар міндеттемені толық орындаған 
күнге дейін есептеледі. 
4.4. Жоғарыда көрсетілген жауапкершілік шараларынан басқа, жалға беруші Шарт 
талаптарын бұзған Жалға алушыға қатысты кез-келген немесе бірнеше ықпал ету 
шараларын қолдануға құқылы:
4.4.1. Жалға алушының немесе оның жұмысшыларының жалға алу нысанына кіруін 
шектеу;
4.4.2. коммуналдық қызметтерді өшіру; 
4.4.3. тауарлы-материалдық құндылықтарды кіргізуге және (немесе) шығаруға 
тыйым салу.
Жоғарыда аталған ықпал ету шаралары бұзушылықтар, сондай-ақ олардың салдары 
тиісті түрде жойылған сәтке дейін қолданылады.
4.5. Жалға алушы үшінші тұлғаларға, үшінші тұлғалардың мүлкіне залал келтіру, 
шарттық міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау салдарынан моральдық 
зиянды өтеу туралы талаптарға байланысты туындайтын кез-келген талап-арыздарға, 
кінәрат-талап
тарға, қаржылық міндеттемелерге және т.б. өзі жауапты болады. Жалға 
алушы жалға берушіні мұндай дау-дамайлардан қорғауға және оған келтірілген кез келген 
шығындардың орнын толтыруға міндетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет