Мүлікті жалға беру шарты


 ЕҢСЕРІЛМЕЙТІН КҮШ ЖАҒДАЙЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата08.01.2023
өлшемі249,92 Kb.
#60611
1   2   3   4   5   6
 


5. ЕҢСЕРІЛМЕЙТІН КҮШ ЖАҒДАЙЛАРЫ 
5.1. Егер еңсерілмейтін күш жағдайларының салдарынан міндеттемелер толық 
немесе ішінара орындалмаған болса, Тараптар жауапкершіліктен босатылады. 
5.2. Еңсерілмейтін күш жағдайларына Тараптар Шартқа қол қойғаннан кейін 
Тараптар көздей алмайтын және оларға тәуелді емес төтенше жағдайлар нәтижесінде 
пайда болған жағдайлар жатады.
5.3. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш жағдайлары 
орын алатын уақытқа жылжытылады. 
5.4. Егер еңсерілмейтін күш жағдайлары 1 (бір) айдан астам уақытқа жалғасса
Тараптардың әрқайсысы Шартты одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы, бұл жағдайда 
Тараптар нақты жалдау мерзімі мен төленген төлемдерге Шарт бойынша өзара есеп 
айырысуды жүзеге асыруға міндеттенеді. 
 
6. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ 
 
6.1. 
Шартта көзделмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының 
заңнамасымен реттеледі. 
6.2. Шартты орындау, өзгерту, бұзу үдерісінде туындайтын барлық даулар мен 
келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. 
6.3. Егер күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде келіссөздер жүргізу арқылы келісімге 
қол жеткізілмесе, даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына 
сәйкес Жалға берушінің орналасқан жері бойынша соттық тәртіпте шешіледі. 
7. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ, ОНЫ ТҮЗЕУ ЖӘНЕ 
ТОҚТАТУ ТӘРТІБІ 
7.1. Шарт жасалған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар өз міндеттемелерін 
толық орындағанға дейін қолданылады. 
7.2. Шарт талаптары Тараптардың келісімі бойынша Қазақстан Республикасы 
заңнамасының және жалға берушінің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес қосымша 
келісімге қол қою арқылы өзгертілуі және / немесе толықтырылуы мүмкін. 
7.3. Шартты айыппұл санкциясынсыз мерзімінен бұрын тоқтату Тараптардың өзара 
келісімі бойынша Шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы келісімге қол қоюы арқылы 
жүзеге асырылады.
7.4. Жалға беруші Келісімшарттың келесі шарттарын бұзған жағдайда, Жалға 
алушыға 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын ескерту жасай отырып, айыппұлдарды төлемей, 
келісімді мерзімінен бұрын біржақты бұзуға құқылы, егер: 
7.4.1. жалға алушы Шартта көзделген төлемдердің кез келгенін (толығымен немесе 
ішінара) 30 (отыз) күнтізбелік күннен астам уақытқа кешіктірсе;
7.4.2. жалға алынған нысанды мақсаттты тағайындамасына сай пайдаланбаса;
7.4.3. жалға алушы Шарт бойынша өз міндеттемелерін бұзса;
7.4.4. жалға алушы 3.3.22 тармақшаларындағы міндеттемелерді бұзса;
7.4.5. жалға берушінің Шартта көрсетілген немесе жалға берушімен жазбаша түрде 
келісілген мерзімдегі талабы бойынша бұзушылық уақытылы жойылмаған жағдайда
7.4.6. белгіленген тәртіппен Жалға алушыны банкрот деп танылса немесе жалға 
алушыны тарату туралы шешім қабылданса;
7.4.7. Егер Жалға алушы Жалға берушінің Шартта көзделген тексеріс немесе 
бақылау шараларын жүзеге асыруға кедергі жасаса. 
7.5. Шарттан мерзімінен бас тартқан жағдайда, Жалға алушы Жалға берушіге осы 
шартта көзделген өсімпұлды төлеуге міндетті, сонымен қатар Шарттан бас тарту туралы 
хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тиісті төлемдерді төлеуі 
керек.


7.6. Жалға алушыны 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын алдын ала хабардар ете 
отырып, Жалға беруші мерзімінен бұрын және айыппұл санкцияларын төлемей, біржақты 
тәртіпте Шарттан бас тартуға құқылы, егер: 
7.6.1. Жалға беруші жалға алынған нысанды өзінің өндірістік қажеттіліктері үшін 
алу туралы шешім қабылдаса; 
7.6.2. Жалға алушыға оның жазбаша келісімімен басқа жалдау нысанын берсе; 
7.6.3. Жалға беруші Жалға алушының конкурстык комиссияның мүшесімен 
(мүшелерімен) және / немесе нәтижесінде Шарт жасалған конкурс нәтижелерін шығару 
күнінде болған конкурстың басқа қатысушыларымен үлестес болуы туралы фактілер 
(мүдделер қақтығысы) анықталса; 
7.7. Жалға алушы Шарттан мерзімінен бұрын бас тартқан жағдайда Жалға берушіге 
30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Шартты тоқтататындығы туралы жазбаша хабарлауға 
міндетті.
7.8. Жалға алушының бастамасымен Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, 
соңғысы Шарттың мерзімінен бұрын бұзылуы туралы тиісті хабарлама жіберілген күннен 
бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Жалға берушіге 2 айлық жалақы мөлшерінде айыппұл 
төлейді.
7.9. Егер Шарттың қандай да бір ережесі оның қолданылу мерзімі ішінде сот 
шешімімен немесе басқаша түрде күшін жойса, бұл Шарттың қалған ережелерін жарамсыз 
қылмайды.
7.10. Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, Жалға алушының басқа 
тұлғалардың алдында жаңа мерзімге мүліктік жалдау шартын жасауға басымдық құқығы 
жоқ. 
7. 11. Осы Келісім-шарт екі данада Тараптардың әрқайсысына бір-бірден жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет