3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
3.1 Өзен кен орынын игерудің технико-экономикалық көрсеткіштері
Өзен кен орынындағы мұнай және газ өндіру цехтары басқару аппараты және мұнай өндіру бригадаларынан құралған.
Өндірістік цехтар болып мұнай өнімдерін өндіру цехтары, зерттеу бригадалары, қабат қысымын ұстау, скважиналарды жөндеу цехтары табылады.
Орталықтандырылған инженерлік-техникалық қызметті белгіленген технологиялық кезеңге сәйкес мұнай өндіру жоспарын орындауды қадағалау жұмыстарын қадағалайды.
Мұнай және газ өндіру бригадаларын шебер басқарады. Шебер өндірістегі нағыз жауапты қызметкер, оған өзінің бөлімшесіндегі скважина қорларының жұмысын қадағалау және оны дер кезінде қамтамасыздандыру тапсырылған. Мұнай және газ өндіру операторлары скважинаның пайдалану және жұмыс істеуін тексеру, қондырғылардың ақаулы жерін анықтау, скважиналарды аралау, жұмыс істей кезеңінің сақталуын және тағы да басқа жұмыстарын іске асырумен айналысады. Қосалқы өндірістік цехтар қатаарына скважиналарды жерасты күрделі жөндеу цехтары қондырғыларын шыңдау-жөндеу цехтары электрмен қамсыздандыру және электр қондырғыларын қондыру және шыңдау-жөндеу цехтары енгізілген. Қосалқы өндірістік цехтарының басым көпшілігі өндірістік қамтамасыздандыру базасының құралына бекітілген. Өндірістік қамтамасыздандыру базасы, электр және механикалық шыңдау, оны жұмыс жағдайына сайма-сай күйінде ұстау, негізгі өндірістік объектілерде жұмыс қарқынын түсірмеу шараларын іске асырады.Арнайы технологияларымен техникалар басқармасы өндірістік объектілерді арнайы жабдықталған машиналар, өтергіштер. экскаваторлар және тағы да басқа сол сияқты қажетті техникаларымен жабдықтауды қамтиды.
2015 ж. 1-ші қаңтардағы есепті тізім бойынша мұнай өндіру басқармасында 1425 адам жұмыс жасайды. Оның ішінде 1064 адам қарапайым жұмысшы, ал инженерлік техникалық қызметкерлер саны 359 адам. Жұмысшылармен инженерлік техникалық қызметкерлердің 932 адам вахталық әдіспен жұмыс істейді. Мұнай және газ өндіру басқармасындағы жалпы орта тізімдік саны 1204 адам. Жұмысшылармен 214540 адам/сағ жасалды. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда календарлы уақыты коэффициенті 0,01 келіп 0,630 тең болды. Бір жұмысшымен 230 адам сағат жұмысы жасалды, бұл 2004 жылға қарағанда 0,5 күнге кем. Жұмысшылардың белгілі себептерімен келмеу уақыты 125544 адам-сағат болды, бұл мүмкін максималды 53 % қордың %-тін құрады. 2004 жылға қарағанда 1 % жоғарланған.
Жұмыс уақытының ысырап болуы 2014 жылға қарағанда 2,1 есе азайды. Бұған мысал ретінде 1 жұмысшыға 2004 жылы уақыты 0,5 күн болса, 2006 жылы 0,21 күн құрады.
Жұмысшылардың жалақысы жүйелі-сыйлықты және жанамалы-істелу жүйелері бойынша есептеледі. Жұмысшылардың орташа дәрежесі 2014 жылы 3,9 болды. Жұмысшылардың орташа жалақысы 1 адамға шаққанда 15683 теңге, соның ішінде өндірістік-кәсіптік қызметкерлер 16478 теңге, ал, шаруашылық құрылыс басқармасы бойынша 5683 теңге болды.
Жалақының келісімді жүйесі бойынша 2015 жылы 232 адам жұмыс істеді. Олардың жұмысты орындаудағы орташа үлесі-104,5% 2004 жылы 25 жұмысшы кәсіптерін шоғырландырды. Осының есебінен 15% қосымша жалақы алды. 6 адам шартты түрде босатылды.
Басқарма бойынша 37 бригада құралады. Оның 20-сы комплексті, 17-сі арнаулы бригадалар.
Достарыңызбен бөлісу: |