Еңбек қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету шаралары
Сақтандыру және қоршау қондырғыларын таңдау.
Машиналар мен механизмдер төзімді металдан жасалған қоршаумен, яғни, қозғалыста болатын бөлшекті жан - жақты қоршау керек.
Қозғалмалы бөлік қоршаудан 0,35 м қашықтықта болатын болса, ұстағыштармен, ал одан жақын болған жағдайда торлармен немесе қазықтармен бекітіледі.
Ұстағыш биіктігі механизмдердің қозғалмалы бөлікті өлшемдеріне байланысты белгіленеді. Оның биіктігі 1,25 м кем болмауы керек.
Төменгі белдемшелері биіктігі 15 см ден, ал қалған бөліктерінің арақашықтығы 40 см аспауы керек. Ұстатпа тіректердің арақашықтығы 2,5 м аспайды. Егер бөліктер тормен қоршалатын болса, тордың биіктігі 1,8 м кем болмайды. Яғни, биіктіктері 1,8 м болатын механизмдер толық көлемде қоршалуы керек. Тор кездердің өлшемдері 30х30 мм болуы шартты.
Байланыстырушылар белдіктерге ұстағыштармен қоршалады. Олардың биіктігі 1,5 м аспайды. Белдіктер үзілген кездердегі қауіпті жағдайлады сақтандыру барысында ол металл қорғандары арқылы қауіпсізднндіріледі.
Тісті немесе шынжырлы берілістер толық металды, яғни, жинақтаушы және тарқатып-ағытылуы бірыңғайланған саймандар және ағытпалы бөлшекті қалқанмен қоршалады.
Жұмысшының 0,75 м биіктікке көтерілуі керек объектіледе басқыштармен, ал одан да жоғары биіктікке көтерілетін басқыштармен қапталдық тіреуіштермен біріктіріле жасалады.
Мартерлі баспалдақтарда қапталдық тірегіштер биіктігі 1 м болып екі қапталда бірдей жасалады. Оның биіктігі басқыштың алдыңғы қырынан бастап вертикал етіп санап өлшенеді.
Электр қауіпсіздігі
Электр қауіпсіздігінің мұнай кәсіпшілігінің электрленуінің жоғарғы дәрежесі және электр жабдықтарын пайдалану жағдайларының ауырлығы (ылғалдылық ауыспалы температуралар, жанғыш, жарылғыш белсенді заттардың болуы, жермен түйісуі және т.б). Қызмет етуші персоналдың электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аса наза аударуды талап етеді. Адам ағзасына электр тогының әсерінің ерекшеліктері нақты қауіптілік нышандарының жоқтығы, тоққа түсудің кенеттен және күтпеген жағдайда болу, өліммен аяқталу мүмкіндішілігі. Электр зақымдары ток жүргізетін бөліктермен түйіскенде (бір немесе екі фазаға оқасыз тиіп қалуы), электр оқшаулаушының ашылып қалуы және ток жүргізбейтін металл конструкцияларында кернеудің пайда болғанында, жерде құлап қалған сымдарда немесе жерлендіргіш маңында токтың таралуы кезінде болады.
Электр қауіпсіздігі қолданылатын электр техникалық нормативтердің барлық талаптарын бұлжытпай орындаумен, қамтамасыз етіледі. Барлық өткізетін бөлшектер сенімді оқшаулануы, қол жетпес биіктікте тығылуы немесе орналастыруы керек. Оқшаулану сапасы мегаметрмен тексерілетін электр кедергісімен анықталады (0,5-1МОм). Электр жабдықтарын таңдау оның жұмыс жағдайларын ескере отырып жүргізіледі. Өндіруші кәсіпорындағы электр жабдықтары үшін арналған бөлмелердің көбісі жоғарғы қауіптіліктегі бөлмелерге немесе электр зақымдардың мүмкіндігі жоғары болып табылады. Мұндай бөлмелер үшін арнайы орындалудағы электр жабдықтары таңдалынады. Электр өлшеуіш құралдарының жинағы, сигнализация жүйелері, релелік қорғаныш және блоктау жүйелері электр қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайлар жасайды.
Ток жүргізбейтін металл конструкциясындағы кернеу ауысуы кезінде электр тогын қауіптілігінен сақтану үшін жерлендіргіштер қолданады. Тербеліс станоктарында станок іргетасынан ұңғы кондукторына 2 контурлық жерлендіргіштер, электрмоторына және басқару блогына жерлендіру жүргізу міндетті. Жерлендіру ретінде шегендеуші құбырлар табиғи жерлендіргіштер қолданылады. Табиғи жерлендіргіштерді топыраққа әр 3 метр сайын 5Ом болды. Жерлендіргіштің кедергісі келесіге тең болады:R=0.3p, мұндағы р-топырақтың есептік үлесті электрлік кедергісі Ом.м (құм үшін 1000Ом.м және саз үшін 100Ом.м)
Пайдаланылатын жерленгіштің кедергісі МС-0,8 өлшегішімен тексеріледі.
Электр қондырғыларында жұмыс істеу қауіпсіз жұмыс істеуге қажет квалификациялық топ тағайындалған адамдарға тапсырылады. Мұнайды өндіру операторлары үшін ең төменгі квалификациялық топ тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |