Атмосфералық ауаны қорғау
Өзен кен орыны Каспий маңы сениклигасының оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік жағынан Атырау облысының Жылыой ауданына жатады және Құлсары қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 40 км-де орналасқан.
Жобада атмосфераның ластануын шектеу үшін келесі негізгі технологиялық шешімдер қаралған.
ТУ-39-РК 1168001-97-ге сәйкесті таулық өнімдегі күкірт сутектің мөлшері келесіні құрайды:
1. тауарлық мұнайда 10ррм-нен артық емес, меркаптандар мөлшері 20ррт-ге дейін барады;
2. құрғақ газда 2г/100нм3 шамасында, меркаптанда 36/100нм3.
меркаптанды күкірт ЖККФ-да 0,025%, соның ішінде;
көмірсутектің мөлшері 0,003%;
этанды фракциялар 0,003%-н артық емес;
тауарлық күкіртте 100ррт-н артық емес.
Атмосфералық ауадағы зиянды заттардың ШМШ-ң (ПДК) мәндері келтірілген, олардың мәндерінің артып кетуі болмауы керек. Осы нормативтерге жету үшін жобада газдарды тазалау, күкіртті алу, соңғы газдарды толығымен тазалаудың қазіргі заманғы технологиялық үрдістердін пайдаланумен үш технологиялық желісі қаралған.
Атмосферада жайылу жағдайын қамтамасыз ету үшін күкіртті алу қондырғыларының түтін құбырларының биіктігі КТЖ-1 үшін 210м деп қабылданған болатын.
Атмосфераға күкіртті қоспалардың жалпы тасталуын қысқарту үшін №3 және №4 технологялық желілердің күкіртті пайдаға асыру дәрежесі 99,9%-ға жеткізілетін болатын (Клаусс-Скотт үрдістері). Бұл атмосфераға шығарынды тастауды 4 есе төмендетеді.
Клаусс-Сульфрен үрдісі орнына Клаусс-Скотт үрдісін қолдану қосымша күкірт тотығының 60%-і газдан аминмен күкірт тазарту қондырғысында алынады, күкіртсутекке дейін гидролиздендіріледі және пайдаға асырылады. Газды өңдеу қондырғысында аминмен тазартылған жеңіл көмірсутектердің кең фракциясының (ЖККФ)-өртелген газда 40%-ы шоғырланады. ЖККФ-ы кәсіпшілік суды қайта өңдеу қондырғысында пайдаға асырылатын сілтілі ерітіндімен меркаптандардан тазартылады.
Зауыттар тоқтап қалғанда және газдарды түсіруде күкіртсутекті газ шығарындыларының алдын алу үшін әрбір КТЖ-де екі факелден бар факелді шаруашылықтар қарастырылған, ал таза және күкіртсутектері бар газдар үшін бір факелді жүйені қолдану КТЖ-ң жабдықтарының 70%-ы күкіртсутегі бар ортада жұмыс жасауына байланысты.
Атмосфераны тиімді қорғау үшін ҚР “Атмосфералық ауа туралы” заңына сәйкес атмосфералық ауаны қорғау бойынша келесі талаптар қарастырылған:
ҚР нормативтік актілерін және қалдық тастаудың нормативтік шектерін сақтау;
ұңғыманы сынау бағдарламасы минимумға жеткізілуі керек;
ұңғыманы сынау барысында мұнайды өртеу үшін жанған өнімнің тарап кетуін қамтамасыз ететін алаулы оттықтарды қолдану;
химиялық реагенттерді тасымалдаудың, сақтаудың және дайындаудың жабық жүйелерін қолдану;
мониторинг жүргізу;
Атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтарды азайту шаралары
Атмосфералық ауаға әсер ететін көздер Өзен кен орнының технологиялық сұлбасына сай ұңғылар, топтық өлшеу қондырғылары (ГЗУ) мұнай сақтау резервуарлары факел қондырғысы болып табылады.
Тастандылардың ұйымдастырылған көздері келесілер:
мұнай резервуарлары;
факел қондырғысы;
Ұйымдастырылмаған көздер (фланецті қосылыстардың нығыздалмалы сальник, нығыздалмалы тығыздық реттеуші арматура) келесі болып табылады:
пайдалану ұңғылары;
топтың өлшеуіш қондырғылары;
Атмосфераға шығарылатын зиянды заттың шығарылуын азайту үшін негізгі шаралар келесілер:
а) НТУ мерзіміне технологиялық регламент жасау;
б) апаттық жағдайларға персоналды күреске үйрету;
в) өрткеқарсы нормалар мен нрежелерді орындау;
г) ЖЖТ төгілуін (жанар жағар май) болдырмау;
д) өндірістік қалдықтарды белгіленген орындарда сақтау;
Ластаушы заттардың тастандыларын азайтуға тікелей бағытталған шараларға келесілер жатады:
Резервуарлар мен фазалар бөлінуінде (су-мұнай) сұйықтықтың деңгейін автоматты реттеу жүйесін қолдана отырып су қабылдау, мұнай тұтынуын, су тұтынуын пайдаланудың “буферлік режимі”. Бұл резервуарлардан көмір сутектерінің буларының жалпы тастандыларын 5 есе төмендетуге мүмкіндік береді.
Резервуарларда қатпайтын ауа клапондарын қолдану, есебінен көмір сутек буларының концентрациясын төмендету, ауа клапондары газ көбігінің қысымын 0-19,6гПа шамада ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Жоғарыда көрсетілген мұнай өндіретін обьектілердің зиян әсерлерін төмендетуге бағытталған шаралар ауа, бассейінің ластануының есептік көрсеткіштері бойынша жеткілікті, өйткені ауа сапасына деген санатарлық талаптарын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |