Өртке қарсы шаралар
Мұнай өнеркәсібінде өрт қауіпсіздігі «А» категориясына жатқызылады, яғни олар 100% - ке дейінгі жарылыс шегінде буды, газды қолданып, сонымен қатар оларды өндіруші жұмыстармен байланысты өнеркәсіп қатарына жатқызылады.
Осыған байланысты өндірістік ғимараттарды орналастыру кезінде келесі жағдайлар орындалуы керек:
-мұнараға дейінгі автомобиль жолының арақашықтығы 25 метрден кем болмауы керек;
-тұрғын үйлер, клубтар, асханалар, т.б. мұнай өндірудің территориялық аймағынан оқшау салынуы керек.
1200С тұтанғыш температура мұнайды айдау үшін сорап станциясы 1 және 2 сатылы өрт қауіпі бар ғимараттардан алыс, яғни 1 және 2 дәрежедегі өрт қауіпсіздігі бар жерлерде салынуы тиіс.
Оттың аяқ алуынан сақтану мақсатында мұнай өткігіштерінде әрбір 100 метр сайын 0,2 метр ұзындықты сулы «жер асты » гидравликалық затворлар қондырылады.
МГӨБ қамдандыратын өрт сөндіру командаларына ерікті өрт сөндіру дружинасы ұйымдастырылады.
Өрт қауісіздігі
Ұңғы өрттерді келесі ерекшеліктерімен сипатталады:
- құрамы бойынша:мұнайлылық (10-50%); газдық (90% газ);
- сыртқы ерекшеліктері бойынша оларды жалын түрі және ұңғы қоршаған ортаға мұнайдың шашылуына байланысты бөлінеді;
Жалын конфигурациясы бойынша: ағын (фонтандау ашық шегендеу немесе горизонталь құбыр немесе пайдалану тізбегі, үштік, крестовина арқылы жүреді); шашыраңқы (шашылу тығыздалмаған немесе бұрғылау жабдығымен басылған сағадан шығып жатыр);
ұңғылар саны бойынша: жеке және топтық;
дебиті бойынша: әлсіз, орташа және қуатты.
Өртті сөндірудің шарты мен тәсілін анықтайтын фонтанның негізгі параметрлерінің бірі ұңғы дебиті.
Дебитті анықтаудың бірнеше тәсілдері бар:
Q=0.0025HФ- газ үшін
Q=0.086VS- мұнай үшін
Мұнайдағы V- жылдамдық, м/c; S- қима ауданы, м2.
Шағын фонтанның жалын биіктігін келесі (35) формуламен анықтауға болады:
HФ=24Q0.4 (35)
Ұңғы сағасынан жалын фронтына дейінгі қашықтық сөндіру тәсіліне әсерін тигізеді және L=0.4-3.5 Q=0.5-2 млн.м3/тәу-ке тең.
Өрт сөндіруді ұйымдастыру.
Өртті жою үшін штаб құрылады, ол жұмысты жүргізуге және жағдайына жауапты болады.
Су қоры жиналады, көбіне бұл 2.5-5 мың м3 көлем.
Ұңғылар фонтанын сөндірудің этаптары.3этап бар:
1-этап – сөндіруге дайындау, өрт аймағындағы жабдық пен техниканы салқындату, сонымен бірге фонтан жалынын оқшаулау, ұзақтығы 1сағ.
2-этап - 1-этапта қарастырылған операцияларды жалғастыра отырып (ұңғы) фонтанынт сөндіру;
3-этап – ұңғы сағасын салқындату және фонтанды сөндргеннен кейін оқшаулау, ұзақтығы 1сағ.
Өрттісөндірудің негізгі тәсілдері фонтан түріне байланысты:
2) газсулы сөндіру автомабильдерінің ағындары арқылы, лафетті оқпаннан су ағындарымен сөндіру;
3) ВВ зарядтарын жару, өрт сөндіруші ұнтақтармен, сонымен бірге аралас тәсілмен.
Саға жабдығы арқылы сумен сөндіру. Ұңғыда су айдау үшін сорап қосуға мүмкіндік беретін саға жабдығы болса. Бұл үшін жоғары қысымды цементтеу агрегаттары қолданылады.
Шағын су ағындарымен сөндіру. Фонтан дебиті 3 млн. м3/тәул. газ немесе 2500 м3/тәул. мұнай шағын ағынды сөндіру үшін қолданылады.
Ағынды беру ПЛС-20 типті лафетті оқпан көмегімен орнатылады. Оларды жел жағынан біркелкі доғамен 210-2700С орнатады. Су ағындарын фонтан жалынына енгізудің бірнеше тәсілі бар:
1) су ағындарын фонтанның негізгі ағындарына енгізеді, содан соң 30-60 сек-қа 1-2 метрден тоқтату арқылы;
2) су ағындары фонтанның газ ағынына екі этаппен енеді. Алдымен фонтанның жанбайтын бөлігіне екі су ағынын енгізіп, осы қалыпта өрт сөндіргенше ұстайды. Судың қалған ағынымен өртті бірнеше тәсілдегідей жолмен сөндіреді. Бұл тәсіл бірінші тәсілмен салыстырғанда озық болып табылады. Фонтанның жанбайтын бөлігіне екі ағынды енгізу өрт фронтын көтеріп, жалын биіктігін төмендетеді және жылулық сәуле шашу қарқынын әлсіретеді.
3) лафеттік және қол оқпандарын бірігіп қолдану болып табылады. Лафеттік оқпандардың су ағындары өрт жалынын 7, 8 метр ұңғы сағасынан биікке көтеріп жалынның толық биіктігін және жылулық сәуле шашу қарқыны төмендетеді. Содан соң қол оқпандарын ұңғы сағасына 1,5-2 метрге жақындатып, фонтан ағынына су шашады. Бұл тәсіл өрт сөндіруге кететін су шығынын 30%-ға төмендетеді. Өрт сөндіру уақыты 60 минут. Кесте 4.1 ПЛС-20 лафетті оқпандарын қолданған кездегі су шығынының көрсетеді.
Осындай жұмыстар кезінде мүмкін болатын кәсіби жарақаттанудың қауіпі зор болып келеді. Яғни бу айдау кезінде шлангілердің үзіліп кетуі, қысымының жоғарлығынан ысытылған мұнай немесе химиялық реагенттер айдаған кезде муфталық байланыстар әлсіздігінен қысым әсерімен айдалушы элементтердің шашырауы, құбырлардың ұшуы мүмкіндіктерінен де біршама қауіп туады.
Кесте 4.1
ПЛС-20 лафетті оқпандарын қолданған кездегі су шығыны.
Саға диаметрі, мм
|
Фонтан ағынының түрі
|
Дебит
|
0,5
|
1
|
1,5
|
2
|
3
|
65
|
Шағын
|
20
|
30
|
45
|
60
|
90
|
100
|
35
|
50
|
60
|
70
|
90
|
150
|
65
|
80
|
90
|
100
|
120
|
200
|
100
|
120
|
130
|
140
|
180
|
250
|
100
|
160
|
180
|
200
|
220
|
300
|
100
|
200
|
240
|
260
|
|
АГВТ-100(150) автомабилінен газсулы ағындармен сөндіру.
Автомабильді басқару платформадан немесе шығармалы пульт көмегімен қашықтан орындалады. Газсулы ағын 60% су және 40% газ болады.
Тәжірибелік түрде орнатылғандай, газсулы ағын үлкен салқындату әсерге ие, мысалы суды 60 литр/с-пен (АГВТ-100) 5 минут ішінде берген дефонтанды арматураның температурасы 950-ден 1500С-ге төмендейді. Сөндірудің тиімділігі ағындағы судың құрамына байланысты және оптимальды мәні 50-60 л/с.
Бір АГВТ-100 сөндіре алатын фонтанның шекті дебиті 3 млн. м3/тәул. немесе 2500 м/тәул. АГВТ-150 – 4,5 млн. м3/тәул. немесе 3750 т/тәул. мұнай.
Сөндіруге қажетті АГВТ саны келесі (36) формуламен анықталады:
NАГВТ = Q/g (36)
Мұндағы Q - фонтан дебиті;
g – бір автомабильдің сөндіре алатын шекті дебиті.
Өрт сөндіруші ұнтақтармен сөндіру. Сөндіру үшін АП–3 және АП-5 өрт сөндіру автомабильдері қолданылады. Лафетті оқпандардан ПСБ ұнтақтарының шығыны 20 және 40 с. Автомабильдерді ұңғы сағасынан 10 метр қашықтықта орнатады. Бұл сөндіру тәсілі шағын фонтанды сөндіргенде тиімді, ұнтақты беру қарқыны 1кг/кг мұнай немесе 1 кг/м3 газ, есептік уақыты 30 с.
Сонымен бірге ППП-20 пневматикалық ұнтақты жалынбасқыш қолданылады. Сығылған ауа энергиясы әсерінен ұнтақ шашылады, қондырғылар саны 3 млн. м3/тәул. газ, 2500 т/тәул. мұнай дебиті фонтанға бір қондырғы алынады.
Ұңғылардағы өртті сөндіруді есептеу методикасы
№105 ұңғының өртін сөндіруді есептеу.
Q=1,5мың м3/тәул. 200 мм жеке ұңғы өртенді деп есептейік.
Сөндіру үшін ПЛС-20 лафеттік оқпаннын қолданамыз. 18-ші кестеден 200мм. ұңғы сағасына және фонтан деьиті бойынша қажетті су шығынын аламыз 130 л/с-ке дейін.
Фонтанды сөндіруге қажетті оқпан санын есептейміз:
N=130/20=6,5
N=7 деп қабылдаймыз.
Көрініп тқрғандай бізге ПЛС-20 типті 7 лафетті оқпан қажет, әр қайсысының өнімділігі 20 л/с.
7 лафетті оқпандарды жел жағынан 210-нан 2900С-ға дейінгі доғамен орнатамыз.
Оқпандарға мәліметтер, кестелер және орындалатын нормативтер бойынша алынғандықтан, талап етілетін уақыт нормативтерін қабылдаймыз.
120 мин * 60 сек =7200 сек
7200 сек * 130 л/с = 936000 литр немесе 936 т.
Достарыңызбен бөлісу: |