Мобильді оқыту технологиясын биологиялық білім беруде қолданудың Әдістемелік мүмкіндіктері



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата20.04.2022
өлшемі0,84 Mb.
#31688
1   2   3   4   5   6   7   8
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 3(83), 2020 

 

24 



 

оқыту және оқыту технологияларын, соның ішінде m-learning технологиясын қолданады [11]. Жалпы, 

мобильді  оқыту  электронды  оқытуға  қарағанда  тез,  әрі  шапшаң  жүреді  және  оның  контенттері 

шағын, оқуға ыңғайлы түрде беріледі.  

 Bransford  M.,  Douglas  J.  өз  зерттеулерінде  m-learning  мен    е-learning  айырмашылықтарына 

тоқталып,  мобильді  оқытудың  ерекшелігі  уақыт  пен  кеңістік  бойынша  оқытылатын  материалға 

тұрақты  қол  жетімділікті  қамтамасыз  ететіндігін  және  білім  алушыға  оқу  материалы  жөнінде 

толықтай түсінік қалыптастыратындығын (life-long education) атап көрсеткен [12]. 

Оқытудың  педагогикалық  жағы  С.В.Титованың  еңбегінде  былай  көрсетілген:  «...мобильді 

оқыту – кез келген портативті құрылғылардағы WAP немесе GPRS технологияларын қолдана отырып 

оқу ақпаратын алу, жіберу және оның көмегімен интернетке кіру, материалдарды іздеу, форумдағы 

сұрақтарға жауап беру, тест жасау және т.б.» [13; 13]. 

Біздің  пікірімізше,  «m-learning»  –  уақыт  пен  орынға  (мекен-жайға)  тәуелсіз,  яғни,  Интернет 

желісіне қолжетімді кез келген орында уақыттың кез келген мезетінде мобильді құрылғылар арқылы 

білім беруді жүзеге асыру үдерісі. 

Бұл  жаңа  оқытудың  пайда  болу,  қалыптасу,  білім  беру  қызметіне  енгізілу  тенденциясына 

тоқталатын  болсақ,  ХХІ  ғасырдың  басында,  яғни   2000-2001  жылдарда  алғаш  рет  ағылшын  тілді 

ғылыми-педагогикалық  әдебиеттерде  «мобильді  оқыту»  («m-learnіng»)  туралы  жиі  айтыла  бастады. 

Уақыт  өте  келе,  біздің  еліміздің  білім  беру  жүйесінде  ақпараттандыру,  жаңа  ақпараттық-

коммуникациялық технологияларды  және электронды оқыту жүйесін жасау, енгізу бағдарламаларын 

іске  асыру  кезеңінде   «мобильді  оқыту»  мәселесі  талқыланып,  тіпті  жекелеген  педагогтермен 

қолданысқа  енгізіле  бастады.Бұл  құрылғылардағы  оқушыларға  қызықты,  қолжетімді  түрлі  оқыту 

бағдарламалары  мен  қосымшалары  және  сенсорлық  интерфейспен  жабдықталған  құрылғылар  білім 

алудың қосымша көзіне айналды.   

Білім  берудегі  ұялы  байланыс  құрылғылары  мен  білім  беру  ресурстарының  теория  мен 

практикада  қолданылу  мәселелері  әртүрлі  шетелдік  ғылыми  орталар  мен  ұйымдарда  талқыланып, 

дамытыла бастады. Мысалы, 2002 жылдан бастап  «MLearnCon» халықаралық конференциясы, 2005 

жылдан бастап Европада «Мобильді оқыту» (International Conference Mobile Learning), 2007 жылдан 

бері  Англияда    «The  Mobile  Learning  Network  Project»  (MoLeNET  –  Мобильді  оқыту  жүйесі) 

халықаралық  конференциясы  жүргізілді.    Мақсаты  –  мобильді  оқыту  технологияларын  жасау  және 

тарату,  әлем  мектептері  мен  колледждері  үшін  біртұтас  виртуалды    оқыту  жүйесін  жасау  болып 

табылады [14]. 

Американдық  «Mobile  Learning  Environment  Project»  (The  MoLE  –  мобильді  оқыту  ортасы) 

жобасы  осы  оқыту  технологияларын  түрлі  пәндерді  оқытуға  бағыттап, 

 

білім  беру  ресурстарын 



құрастырып және оны меңгеруге арналған қолданылу әдістемесімен бірге бірыңғай платформа жасап

қолданысқа енгізді. 

2010  жылы  ЮНЕСКО  ұйымы  мен  ақпараттық  технологияларды  дамыту  институты  бірлесе 

дайындаған «Мобильді оқыту сапалы білім мен әлеуметтік дамуға» бағдарламалық құжатында қазіргі 

педагогтер мен оқушылардың арасында сұранысқа ие ұялы байланыс  құрылғыларын оқыту үдерісіне 

оңтайландыру жолдарын қарастыру мәселесі қарастырылды. 

Оқыту үдерісінде мобильді құрылғыларды қолдану тенденциясы біраз уақыттан бері қалыптасып 

келеді, атап айтқанда, олар: 

 Wi-Fi – байланыс құралы; 



 

Коммуникатор – бір-бірімен ақпарат алмасу; 



 

Фотоаппарат – мәтінді суретке түсіру; 



 

Диктофон – дәріс беретін оқытушының  дауысын жазып алу



 

Мобильді браузер – сайттарға қол жеткізу; 



 

Аудиоплеер – дәрісті дыбыстық қолдаумен тыңдау; 



 

Секундомер – эксперимент жүргізуде уақытты қадағалау; 



 

Instagram, Facebook, Вконтакте,т.б. әлеуметтік желілерді қолдану; 



  Ms Word, Ms Excel, Power Point офис пакеттерін пайдалану

 

Аударма –мәтінді шетел тіліне аудару, т.б. [15; 18]. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет