Мобильді оқыту технологиясын биологиялық білім беруде қолданудың Әдістемелік мүмкіндіктері



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата20.04.2022
өлшемі0,84 Mb.
#31688
1   2   3   4   5   6   7   8
Түйін  сөздер:    ақпараттық  технологиялар,  мобильді  оқыту,  мобильді  технологиялар  мен  құрылғылар, 

мобильді қосымшалар, педагогикалық зерттеулер. 

 

 

Кіріспе 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  «Цифрлық  Қазақстан»  мемлекеттік  бағдарламасында 

мобильдік  инфрақұрылым  жүйесін  (4G  желілерін,  болашақта  5G  желілерін)  жеделдетіп  дамытуды 

жүзеге  асыру  жоспарланған.  Өйткені,  бұл  инфрақұрылым  мобильдік  интернетке  кеңжолақты 

қолжетімділікті  және  тиісті  деректерді  беру  жылдамдығын  арттыруды  көздейді.  Сондай-ақ, 

«бағдарлама  инновациялық  экономиканы  құру,  қоғам  мен  өндірісті  қазіргі  заманғы  технологиялық 

әлемнен  тысқары  қалмайтындай  жаңарту  секілді  өршіл  мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін  бір-бірімен 

байланысты шаралар кешенін іске асыруды болжамдайды. Осы мақсатқа қол жеткізу бүкіл қоғамның 

бірігуі мен жұмылдырылуын және қысқа уақыт аралығында серпіліс жасауды талап етеді» деп атап 

көрсетілген [1]. 

 

Цифрлық  технологиялар  ақпараттық  қоғамда  білім  беруді  оңтайландыру  мен  жеделдету 



мәселелерін шешуде және оған жеке тұлғаның бейімделуін қамтамасыз етуде маңызды құрал болып 

табылады. Ақпараттық тeхнoлoгиялaр ғacыры аталған ХХI ғacырда мoбильдiк құрылғылaр, Интeрнeт, 

әлeумeттiк  жeлiлeр  өмiр  cүрудiң  күндeлiктi  қaрaпaйым  қажеттілігіне  aйнaлды.  Нәтижесінде 

ақпaрaттық  қoғaм,  caндық  oртa,  интeллeктуaлды  экoнoмикa  қaлыптacып,  тeхнoлoгияның  қaрқынды 

дaмуынa мүмкiндiк туып oтыр. Aқпaрaттық қoғaмдa aдaмның сыни oйлaп, әрeкeткe шығaрмaшылық 

тұрғыдaн қaрaп, тиімді шешім қабылдай бiлуi – әрбір маманға қойылатын жаңаша талаптардың бірі 

болып табылады. Бұл талаптар aлдымeн, бiлiм caлacынa тiкeлeй бaйлaныcты. Қазіргі таңда елімізде 

oқытудың  әлeм  бoйыншa  eң  жaңa  дeгeн  әдістері  мен  технологиялары  зeрттeліп,  бiлiм  caлacындa 

үздіксіз жaңaрту жұмыстары жүргізіліп кeлeдi. Білім берудің мазмұны жаңаруда, соған сәйкес олар 

технологиялық-педагогикалық  тұрғыдан  жетілдірілуде.  Бiлiм  бeру  caлacындa  дәcтүрлi  oқыту 

элeктрoнды oқытуғa, элeктрoнды oқыту мобильді oқытуғa aуыcты.   

Күнделікті  әрбір  адамның  пайдаланатын  ақпаратының  қаншалықты  маңызды  екендігін 

ескерсек,  сол  ақпаратты  алуға,  өңдеуге,  пайдалануға  т.б.  қолжетімділікті  қамтамасыз  ететін  жаңа 

технологиялардың да маңыздылығы соншалықты болмақ. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет