Мобильді оқыту технологиясын биологиялық білім беруде қолданудың Әдістемелік мүмкіндіктері



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата20.04.2022
өлшемі0,84 Mb.
#31688
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
325-449-1-SM

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 3(83), 2020 

 

23 



 

орындарында  биолог-студенттерді  дайындауда  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды 

қолдану  негіздері  О.Г.Петрова,  О.И.Беляков,  Л.А.Сычева,  Л.Н.Орлова,  Т.И.Крылова  т.б. 

ғалымдардың еңбектерінде зерттелген. 

Ал,  мобильді  оқыту  технологияларын  оқыту  үдерісiнде  қолданудың  әдiстемелiк  нeгiздeрi  

Д.О.Королева, А.П.Авраменко, М.А.Григорьева, В.А.Маслов, Е.Г.Михалкина, О.В.Жуков, М.Б.Файн, 

Г.О.Дуйсеева  және  т.б.  зерттеулерінде  қaрaстырылғaн.  Сонымен  қатар,  бұл  жаңа  технологияларды 

қашықтықтан  оқыту  жүйесінде  қолдану  мәселелерін  В.А.Куклев,  О.М.Горева,  Ю.Тихомирова 

зерттеген. 

В.А.Куклев  [3]  ғылыми  еңбегінде    m-learning  концепциясының  теориялық-әдіснамалық  және 

әдістемелік негіздемесін жасап, «мобильді оқулық» түсінігіне анықтама беріп, оны жүзеге асырудың 

технологиясын қарастырды. 

М-learning мүмкіндіктері мен перспективалары шетелдік ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты 

зерттелген.  Атап  айтсақ, түрік  ғалымдары  Abdulvahap  Sonmez,  Lütfiye  Gocmez,  Derya  Uygun,  Murat 

Ataizi  мақаласында  [4]  аталған  технологияларға  қатысты  әдебиеттерге  шолу  жасап,  оның  зерттелу 

жағдайы мен даму бағыттарына талдау жасап, олардың электронды оқытудан ерекшелігіне тоқталып, 

оның артықшылықтары мен қиыншылықтарын атап көрсеткен.   

Dimon R., Pettit L., Cheung C., Quinnell R. мақаласында [5]  биолог-студенттерге ботаникалық 

сауаттылықты жоғарылату мақсатында  өсімдіктер орналасатын жерлердің онлайн карталарын жасап, 

кампустағы  өсімдіктер  туралы  білім  бере  отырып,  олардың  қоршаған  ортаға  тигізетін  әсері  туралы 

CampusFlora  қосымшасын  ұсынады.  Сонымен  қатар  Kalana  M.H.A.,  Junaini  S.N.,  &  Fauzi  A.H. 

еңбегінде  [6]  биологияны  оқытуға    арналған  APPLearn,  MagicBook

 

қосымшаларына  шолу 



жасалынған. 

 Matthew  L.  Bernackia,  Jeffrey  A.  Greenea,  Helen  Crompton  мақаласында  [7]  жалпы  мобильді 

технологиялар  мен  оның    білім  берудегі

 

рөлі  мен  жетістіктері,  Camilleri  М.A., Camilleri  A.C. 



мақаласында [8] ұялы байланыс құралдарындағы қосымшалармен оқыту дайындығы қарастырылады.  

Педагогикалық және әдістемелік зерттеулерде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды 

қолдану  мәселесінің  жан-жақты  зерттелуіне  қарамастан,  қазіргі  кезде  мобильді  технологияларды 

жоғары  оқу  орнында  биология  мұғалімдерін  даярлау  үдерісінде  қолдану  өзекті  мәселе  болып  қала 

береді.  Бұл  аталған  технологиялардың  орасан  зор  мүмкіндіктері  мен  болашақ  биология 

мұғалімдерінің  кәсіби  құзіреттілігін  қалыптастыру  мақсатында  оларды  білім  беру  тәжірибесінде 

қолдану  үшін  ғылыми-әдістемелік  негіздеменің  жеткіліксіздігі  арасындағы  қайшылықты  шешу 

қажеттілігіне байланысты туындайды. 

Жетекші педагог ғалымдардың пікірлерін негізге алатын болсақ, бұл жаңа технологиялар үнемі 

шығармашылық  ізденіс  үстінде  жүретін  әрбір  мұғалімнің  дидактикалық-әдістемелік  құралына 

айналуы тиіс. 

Бүгінгі  таңда  оқытудың  бұл  жаңа  түрі  туралы  көптеген  анықтамалар  жасалды  және  жаңа 

технологиялардың  қарқынды  дамуына  байланысты  бұл  анықтамалар  аз  уақыт  ішінде  өз  күшін 

жоғалтып,  жетілдіріліп  келеді.    Сол  себепті  әдебиеттерде  жиі  қолданылатын  және  қазіргі  кездегі 

көкейтесті болып саналатын төмендегі анықтамаларды қарастырдық. 

Технологиялық  ерекшелігі  мен  дидактикалық  мүмкіндігіне  байланысты  «мобильді  оқыту» 

жөнінде  ғылыми  әдебиеттердің  өзінде   бірнеше  анықтама  келтірілген.  Мысалы,  MoLeNet 

(

www.molenet.org.uk



)  жобасы    «мобильді  оқыту»  ұғымын  оқушының  білім  алуына  оңтайландыру 

және  қолдау  көрсету  үшін  ақпараттармен  жұмыс  істеуін  қанағаттандыратын,  оқу  әрекеттерінің 

тиімділігін  арттыруға  пайдаланылатын  портативті,  сымсыз,   ыңғайлы  және  қолжетімді  құрал  деп 

қарастырады [9]. 

Мобильді оқыту білім беруде педагогтердің жұмысын жеңілдетуші, мүмкіндіктерін кеңейтуші, 

білім  тереңдігін  күшейтуші  технология  және  негізгі  оқыту  формасына  қосымша  көмекші  құрал 

ретінде де қарастырылады. 

Ғалым  Traxler  J.  «Мобильді  оқыту  толығымен  оқыту  үдерісін  өзгертеді,  материалдардың 

берілуін,  оған  қолжетімділігін  түрлендіреді  және  таным  түрлері  мен   менталитеттің    жаңа 

формаларын қалыптастырады» деп тұжырымдайды. Осы ортаны зерттеп жүрген ғалымдар мобильді 

оқытуды өз уақытында (just-in-time), жеткілікті деңгейде (just enough) және жеке тұлғаға (just-for-me) 

бағытталып жүріп жатқан үдеріс деп санайды [10]. 

Viberg O.  «Мобильді оқыту - электронды оқыту іс-әрекетінің бөлігі» деп көрсетті. Ерекшелігі, 

m-learning  портативті  шағын  технология  құралдарына  қолданылады,  ал  электронды  оқыту  барлық 






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет