Ақпараттық коммуникациялық технология оқу барысында компьютерді пайдалануға,
модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс
істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына, сандық білім беру ресурстарын қолдануға негізделеді.
Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 3(83), 2020
22
Қашықтықтан білім беру, онлайн курстар мен тренингтер, бейне конференциялар мен дәрістер,
вебинарлар, мобильді оқыту, электрондық және цифрлық білім беру ресурстары т.б. трендтер жаңа
технологиялардың білім саласындағы күшті ықпалының нәтижесінде қалыптасты. 2000 жылдан
бастап, бүкіл әлемде адамдар ұялы байланыс құрылғыларын қолдана бастады, өйткені мұндай
құрылғылардың сапалы, жылдам және арзан модельдеріне кез-келген адам оңай қол жеткізе алды.
Әсіресе, мобильді оқыту (m-learning) технологиялары инновациялық жетістіктердің негізгі
құраушыларына айналды және қоғамның барлық салаларын толық қанағаттандыруға мүмкіндік
береді. Білім беру жүйесінде осы жаңа технологияларды қолдану мәселесі өзекті болып отыр.
Ғылыми ақпараттардың қуатты ағыны, білімнің моральдық тұрғыдан тез ескіруі жоғары білім беру
жүйесіне жаңа оқыту
технологиясының кеңінен енуіне негізгі себеп болып табылады. Сәйкесінше
білім беру стратегиялары мен әдістері, оқыту формалары m-learning оқыту технологияларын енгізуге
бағытталуда. Осыған орай, бұл оқыту технологияларын теориялық, әдістемелік және
ұйымдастырушылық жағынан зерттеумен қатар, оны білім беру жүйесіне енгізу мәселесін де
қарастыру қажет. Бұл, білім беру жүйесін ақпараттандырудың жалғасы, жаңа буыны ретінде
қарастырылады.
Мобильді оқыту технологияларын білім саласына енгізу жобаларын жүзеге асыруда түрлі
мобильді құрылғылардың: смартфондар, mp3 плеерлер, планшеттер мен дыбысты құралдардың
дидактикалық мүмкіндіктері зерттеліп, білім алуға оңтайландырыла бастады.
Мұндай оқыту
технологиялары ұтқырлығы мен бәсекеге қабілеттілігі ұлттық білім беру жүйесінің жаһандық білім
беру кеңістігіне қосылуына септігін тигізеді.
Оқу үдерісінде мынадай мобильді байланыс құралдары қолданылуда:
телефондар: ұялы телефондар, смартфондар, коммуникаторлар;
әртүрлі портативті мобильді құрылғылар: MP3/4 плеерлер, нетбук, GPS навигаторлар,
электронды ойындарға арналған құрылғылар және т.б.;
планшеттер, портативті компьютерлер.
Күнделікті өзiмiз қoлдaнып жүргeн cмaртфoн, плaншeттi кoмпьютeр, нeтбук, элeктрoнды
кiтaп, cмaртбук секілді құрылғылaрғa aрнaлғaн oпeрaциялық жүйeлерді Google, Apple,
Microsoft компаниялары әзірлеген. Мысалы, Android System операциялық жүйесін Google, iOS-ті
Apple, Windows Mobile-ді Microsoft қолданысқа шығарған. Қолданылып жүрген oпeрaциялық
жүйeлeрдiң бaрлығының дa өзiндiк eрeкшeлiктeрi мeн aртықшылықтaры бaр. Ең тaнымaлы деп
Android операциялық жүйесін айтуға бoлaды және салыстырмалы түрде ұялы байланыс құралдарына
арналған жаңа платформа болып табылады. Android жетілдіруге арналған тегін және ыңғайлы
құралдары бар болуының арқасында жылдам түрде кеңінен таралуда. Android плaтфoрмacы түрлi
өндiрушiлeрдiң көптeгeн құрылымдaрынa oрнaтылғaн. Android oпeрaциялық жүйeci Samsung, LG,
Lenovo, Acer өнiмдeрiнiң бaрлығындa да қолданылады. Қaндaй құрылғыны aлcaңыз дa, жeлiлiк
тeхнoлoгиялaр әлeмiндe интeрнeтciз, жeлiлeрciз жұмыс істеу мүмкiн eмec. Смaртфoн, плaншeттер eң
aлдымeн, шaпшaң aқпaрaт aлу, жeткiзу, тaрaту көзi болып табылады. Олардың бaрлық
мүмкiндiктeрiн тeк интeрнeткe қocылу aрқылы ғaнa жүзеге асыруға болады.
Мобильді оқыту деп – білім беру мақсатында оқу үдерісін жеңілдету, қолдау, оңтайландыру
және кеңейту үшін әрдайым қол жетімді ыңғайлы ұялы байланыс құрылғылары мен сымсыз
технологияларды пайдалануды айтамыз. Яғни, ол - портативті құрылғылар мен технологиялар
арқылы жүзеге асырылатын оқыту әрекеті. Мұндай
оқыту технологиялары білім беру қызметінде
жаңа сапаға қол жеткізуге, кез келген уақытта оқу ақпаратын жылдам алуға, оқытудың жаңа әдістерін
пайдалануға, білім алушының өздігінен білім алу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы m-
learning технологиясын зерттеумен қатар «әрдайым қол жетімділік» және «Интернетке қол
жетімділік» ұғымдарын нақтылауға мән беріледі. Интернетке қол жеткізуде ең көп таралған
құрал, ол - ұялы телефон болып табылады.
Бүгінгі таңда мобильді технологияларды білім беруде қолдану мәселелерін зерттеу ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды білім беру саласына енгізуге бағытталған зерттеулердің жалғасы
іспеттес. Жоғары оқу орындарында студенттердiң болашақ кәсiби iс-әрекетiнде ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану даярлығын қалыптастырудың аспектiлерi
Л.В.Нефедова, А.В.Добудько, Е.Н.Бидайбеков, В.В.Гриншкун, Г.Б.Камалова, Д.Н.Исабаева,
Б.Ғ.Бостанов, С.К.Абдибекова, Г.Г.Бегаришева, А.З.Тұрсынбаев, А.Б.Раисова, Л.С.Галкина секiлдi
зерттеушiлердiң еңбектерiнде қарастырылса, мектептегі биологияны оқытуда және жоғары оқу