Модуль Статика Дәріс Тақырып 3: Центрге және өске қатысты күш моменті



бет3/3
Дата31.12.2021
өлшемі125,37 Kb.
#23234
1   2   3
2.1 мысал. Шеттеріне Р1 және Р2 жүктері бекітілген жіп, А және В блоктары арқылы тасталған (2.7, а - сурет). Жіптің О нүктесінде салмағы

Р = 1000Н жүк ілінген. Жүктер жүйесі α = 60°, β = 30° жағдайында теңдестікте болады. Блоктардың өстеріндегі үйкелістерді ескермей Р1 және Р2 жүктердің салмақтарын табу керек.







Шешуі. Жіптердің және керу күштерінің модулдері жүктердің салмақтарының модулдеріне тең. Берілген есепте блоктар күштердің мағыналарын өзгертпей тек қана бағыттарын өзгертеді. О нүктеде барлық күштердің , әсер сызықтары қиылысады, сондықтан оның тепе – теңдігін қарастырайық (2.7, б - сурет). Тепе теңдік шарттарын құрастыруға олардың аналитикалық түрін қолданайық:

Басын О нүктесінде таңдап, координаттар жүйесін құрайық (2.7, в - сурет). Күштерді координаттар өстеріне проекциялап, табатынымыз:

Осылардан

немесе


Сан шамаларды орындарына қойып, табатынымыз:

Т22=500Н; Т11=866Н.

Анықталған Т11, Т22 мәндердің оңдығы олардың бағыттарының дұрыс таңдалғандығын көрсетеді. Р12 болуы да дұрыс, себебі олай болмаса



тепе – теңдік шарты орындалмаған болар еді.

Статиканың есептерін шешкенде кейде үш күштер теоремасы қолданған ыңғайлы болады. Параллель емес бір жазықтықта жататын үш күштер әсер ететін дене тепе – теңдік жағдайында болса, онда осы үш күштердің әсер сызықтары бір нүктеде қиылысады.



ГЛОССАРИЙ

Нүктеге қатысты күш моменті

Момент силы относительно точки

Moment of force about point

Өске қатысты күш моменті

Момент силы относительно оси

Moment of force about axis

Күш иіні

Плечо силы

Moment arm

Қос күш

Пара сил

Couple

Қос күш иіні

Плечо пары

Arm of couple

Қос күш моменті

Момент пары

Moment of couple


Тақырыпқа қатысты сұрақтар:

1. Егер вектордың өске проекциясы: а) оң; б) теріс; в) нөлге тең болса онда оның өспен жасайтын бұрышы қандай болады?

2. Қатты денеге және күштер әсер етеді. Олар үшін шарт орынгдалады. Бұл күштер әсерінен дене тепе – теңдікте бола ма?

3. Бір нүктеге қатысты екі әртүрлі күштің моменттері бірдей болуы мүмкін бе?

4. Егер а) бір центрге қатысты; б) кез келген центрге қатысты екі күштердің моменттері бірдей болса, бұл күштер эквивалентті бола ма?

5. Қос күштердің вектор – моменті – еркін вектор. Неге?



6. Әртүрлі екі қос күштер эквивалентті болуы мүмкін бе?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет