Оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс мынадай кезеңдер бойынша дайындалады. 1-кезең. Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың мақсатын айқындау.
2-кезең. Кейсті түзуге материалдар жинау. Сыныптағы оқушылар саны және білім деңгейлері мен сөздік қорының көрсеткіші;
3-кезең. Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмаларды жинақтау;
4-кезең. Сабақтың қай кезеңінде кіргізуге болатынын болжау;
5-кезең. Оқушылардан күтілетін нәтижені болжау;
6-кезең. Нәтижеге қол жеткізу үшін кейсте кемшіліктерді жою.
7-кезең. Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмаларды қазақ тілі сабағына енгізу.
Кейс технологияның құрылымы: 1. Презентация – мұғалім оқушылардың барлығына бірдей сабақтың мақсатына қарай белгілі бір проблема қояды.
Осы проблеманы түсіндіреді.
2. Ұстанымы – оқушылар мұғалім түсіндірген проблема бойынша өз пікірлерін дәптерлеріне жазады. Әрбір оқушы өз идеяларын жеке жазып, басқа оқушылардан көшірмейді. Оқушылардың жазған ұстанымдары кейінірек проблеманы топ болып талқылағанда қажет болады.
3. Проблеманы талқылау– оқушылар проблеманы топ ішінде талқылап, дұрыс шешім шығарады. Топ ішінде оқушылар бір-біріне үйретеді және үйренеді.
4. Шешім шығару – топ ішінде қабылданған шешімді басқа топтарға айтып, өзінің пікірін дәлелдеу. Басқа топтарда айтылған пікірге өз көзқарастарын білдіреді.
Кейс технологиясының ұтымдылығы төмендегідей:
Балалар өзара пікірталастыруға, өзінің пікірін дәлелді құруға дағдыланады;
Топ ішінде белсенді тілдік қатынас орнайды;
Проблеманы өздігінен шешуге ұмтылады, шығармашылық жұмыстарды орындауға үйренеді;
Тапсырмада берілген сұрақтарға жауап іздеп, өзіндік пікір айтуға дағдыланады;
Ауызша сөйлеу дағдылары жетіліп, мәтін құрастыру біліктері дамиды.