Модуль№4 «Оқыту технологиялары»


Қазақ тілі сабағындағы шығармашылық жұмыстар мен тапсырмалар



бет68/92
Дата15.11.2023
өлшемі380,81 Kb.
#123760
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   92
Байланысты:
zhmzht keshen-3

Қазақ тілі сабағындағы шығармашылық жұмыстар мен тапсырмалар

10.1. Бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары).


10.2. Ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет, құжаттар, мұражай, т.б.).
10.3. Шығармашылық жұмыстар
10.4. Кейс-стади, таныстырылымдар, компьютерлік оқыту бағдарламалары; тренингтер, интервью, сауалнама, т.б.
10.5. ҚТС ойындар.
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә. Назарбаев. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік қабілетін ашу және оларды шығармашылыққа баулу туындайды.
Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеудің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез-келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа кезең мұғалімінің еншісіне тиері анық .
«Қыран – түлегіне қайтпас қанат сыйлайды,ұстаз – шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды»- демекші, ұстаз – қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Ал жеке тұлғаға білім беріп, тәрбиелейтін, дамытатын, әрине – ұстаз. 
Мұғалімнің қоғамдағы орнын, адамдықтың таразысы- ұстаздықты, белгілі ақын, алғашқы педагогикалық еңбектің авторы Мағжан Жұмабаев «Алты алаштың баласы бас қосса, ең қадірлі орын мұғалімдікі», деп жоғары бағалады.
Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Сондықтан, қоғам талабына сай шебер мұғалім болу заман талабы болып тұрғаны анық.
ХХІ ғасыр жан-жақты дамыған, білімді, өз ісіне де, өзгенің ісіне де әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына зор үлес қоса алатын тұлға тәрбиелеуді талап етіпотыр. Осыған байланысты бүгінгі күннің басты мәселесі-жас ұрпаққа нәтижеге бағытталған білім беру.
Бүгінгі таңда еліміз нәтижеге бағытталған білім беру моделіне көшті.
Нәтиже дегеніміз - жеке тұлғаның құзырлылығы. Ал нәтижеге бағытталған білім беру дегеніміз – жеке тұлғаның құзырлылығын қалыптастыру. Құзырлылық( құзіреттілік) - ол терең білім. Оқушының құзырлылығын қалыптастыру үшін мұғалімнің өзі құзырлылыққа жету керек. Құзыреттілік ( құзырлылық) – дара тұлғаның бойындағы өзара байланысты сапалардың (білім, білік, дағды) жиынтығы. Құзырлылық – белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны білдіреді.«Сompotens» латын тілінен аударғанда қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді деген сөзді
К.Құдайбергенова «Құзырлылық табиғаты- тұлғаның өзіндік дамуында» еңбегінде айтса, Б.А.Тұрғынбаева «Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту» еңбегінде «өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін, өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтады
Жалпы оқытудың негізгі мақсаты – оқушыны дамыту. Баланы дамыту, кең мағынада алғанда, оның организміндегі психикалық және физиологиялық өзгерістері және кез-келген қасиетіндегі қарапайымнан күрделіге, төменгі сатыдан жоғары сатыға көшу деп түсіндіріледі. 1930 жылдардағы педагогикада осы мәселелерді орыс психологі Л.С. Выготский тең жүретін процесс деп түсіндіреді және «оқыту дамудан бұрын жүреді, балаға неғұрлым білім берсек, ол баланы соншалықты дамытады» дегенді айтады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: « ... жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»,- деп атап көрсеткен.Мұғалімнің мақсаты – білім алушылардың пәнге деген қызығуын арттыра отырып сапалы білім беру болса, ал қазіргі заман талабына сай білім берудің жолы – тиімді педагогикалық технологияны басшылыққа алып сабақ өткізу.
Мен өз іс-тәжірибемде дамыта оқыту технологиясын қолданамын. Дамыта оқыту технологиясы арқылы қазақ тілі сабағының мазмұны мен сапасын арттыра отырып, оқушылардың ізденушілік, танымдық, өзіндік жұмыс істеу белсенділігінің шеберлігін шыңдауды мақсат етіп,мұғаліммен оқушы арасындағы ынтымақтастықты жетілдіріп, үлкен жетістіктерге қол жеткізуді міндет етемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет