В) Модуль дегеніміз – белгілі бір тақырып ішіндегі бөліктердің өзара топтастырылған жүйесі+ С) тұтас жүйенің бір бөлшегі, пәннің негізгі заңдылықтарын ашатын ұғымдардың бір-біріне байланысты элементтердің жиынтығы.
Д) Жеке тұлғаның қалыптасып, ой – өрісінің дамуы, белсенділігіні, білім алу қажеттілігі, оны өмірде іс – тәжірибеде қолдану, шығармашылық міндеттерді ойдағыдай шешудің негізгі құралының бірі – оқушылардың өзіндік жұмысы болып табылады.
Е) мектепте оқу үрдісіне қажетті амал, тәсіл, әдіс, дидактикалық талап секілді психологиялық – педагогикалық іс ‑ әрекеттердің жүйелі түрде жүргізілуі.
ГЛОСАРИЙ
№
Терминдер
Мағынасы:
1
Құзіреттілік
тұлғаның қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындығы. Сыртқы ресурстарға білім, білік, дағды, құзіреттіліктер (іс-әрекет тәсілдері), психологиялық ерекшеліктер, құндылықтар .
2
Лингвистикалық әдістер
тіл білімі қолданылымын зерттеу амал-тәсілдерінің жүйесі.
3
Әдіс
нақты бір міндетті шешуге арналған практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы.
4
Педагогикалық менеджмент
қағидалардың, әдістердің, ұйымдастырылған формалардың, технологиялық әдіс жинақтарының қызметін көтеруге және дамытуға бағытталған педагогикалық жүйелерді басқару
5
Оқу бағдарламасы
жоғары және жоғарыдан кейінгі кәсіптік білім беру мамандықтарының МЖМБС сәйкес пәнді оқыту мақсатын, міндетін, мазмұны мен технологиясын анықтайтын құжат
6
Модульдік оқыту технологиясы
білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
7
Педагогикалық инновация
бұл педагогикалық жүйенің ішкі ресурстарын жинақтайтын және қорытынды деңгейін көтеретін жаңашыл идея
8
Оқыту
оқыту-оқытушы мен оқушының білімді, біліктілікті және дағдыларды игеруге бағытталған, соның барысында ақыл-ой қабілеттері және танымдық қызметтің әдістерін иеленуі дамитын, ғылыми дүниетанымы қалыптасатын екі жақты қызметінің процесі
9
Дамыта оқыту
баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыра оқыту. Дамыта оқыту сабақтарындағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас.
10
Интерпсихикалық түр
бірлесе жасаған қызмет аясындағы қарым-қатынас механизмдер түрі.