Әдебиеттің халықтығы
Әдебиет-ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы; шығарма арқауы-шындық. Жазушы өмір құбылыстарын өзінің дүниетанымы мен әлеуметтік көзқарасы тұрғысынан саралайды, оны өмір сүріп отырған қоғамдық орта белгілейді. Ол өзі қаласын, қаламасын-бәрі бір белгілі бір «таптың көзі, құлағы мен үні» (М.Горький). Демек, әдебиет-таптық.
Әдебиеттің таптығы әдеби шығармадағы шындықтың шынайылығына, қаламгердің шеберлігіне тікелей байланысты.
Әдебиеттің таптығының жоғары түрі-әдебиеттің халықтығы.
Әр ұлттың тарихи тағдырына сай, туған топырағына, өсіп-өркендеген табиғи ортасына лайық мінез-құлқы, әдет-ғұрпы, салт-санасы қалыптасатыны мәлім. Мұны бәрі әр ұлттың зіне тән өзгешеліктерін-сыртқы түріндегі ғана емес, ішкі сырындағы айрықша сипаттарын белгілейтіні хақ. Дегенмен, ұлттық сипат халықтық сипатқа нық байланысты бола тұра оған дәлме-дәл келе бермейді, оған балама бола алмайды, оның орнын ауыстыра алмайды. Ұлттықтың ең таңдаулы сипаттары ғана-халықтық
Ілгерішіл әдебиет пен өнер-әрқашан өмірдің мектебі; шындықтың шежресі, сәулетті болашақтың болжаушысы.
Өнердің кәусар туындысы халық мірінің терең және мөлдір қайнарынан шымрлап шығады да, сол халықтың өзінің рухани сусынына айналады.
Халықтық-әдеби шығарманың терең мазмұнында жатқан түсінік. Халықтық шығарманың тақырыбынан, белгілі бір тақырып арқылы автордың алға қойған мақсатынан дамып, көркемдк шешімге дейін баратын, геройдың мінезін, дүниетанымын, іс-әрекетін қамти келе автордың тілі мен стиліне, бағыты мен әдісіне, эстетикалық идеалына көшетін ұғым.
Халықтық сипат ең алдымен белгілі бір көркем шығармада бүкіл халықтық мәні бар мәселенің сөз болуында жатады. Мысалы, Абай өзінің бүкіл ақындық өнерінің өн бойында туған халқы үшін заманның ең келелі мәселелерін көтеріп отырды. Ұлы ақын биік эстетикалық идеал тұрғысынан өзі өмір сүрген қоғамдқ ортадағы керенаулық пен кеселді, оспадарлық пен опасыздықты сынау арқылы қазақ даласындағы феодализмнің дағдарысын көрсетуі-бүкілхалықтығының бір жағы.
Халық не үшін маңызды мәселені көтеру бар да, оны халық тұрғысынан шешу не шешпеу бар. Демек, халықтықтың екінші шарты-көркем шығармада суреттелегн шындық алға тартқан келелі мәселені халықтың мақсаты мен мүддесіне сай шешу. Ұлы ақын өзінің барлық көркем туындылары арқылы оқушы алға, арманға бастады, жарқын келешекке шақырды. Жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа сүйіндіре отырып биік мұратқа жетелейді. Абай халықтығының екінші жағы осында жатыр.
Нағыз халықтыққ шығарма халыққа жетімді, түсінікті болуы шарт. Талант неғұрлым ірі болса, соғұрлым қарапайым болатыны, көркем шығарма неғұрлым шебер жазылса, соғұрлым ұғымды болатыны мәлім. Абай шығармалары қарапайым халыққа да, ойшыл ғалымға да бірдей ұғынықты, екеуіне де әсерлі.
Сонымен, әдебиеттің халықтығы-оның халықтық ірі мәселелерді халыққа түсінікті түрде, халық мүддесіне сай көркем шешуі болып табылады.
Осындай көркем шешімі өте сәтті шыққан бірегей туынды-М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы.
Мұндағы Абай образының осылай саңлақ шығуының басты себебі-оны халық өмірімен байланысты, халықтың жақсы дәстүр, қасиеттерін бойына сіңірген және заманның озат, жаңашыл идеясы тұрғысынан еңбекші бұқараның «жоғын іздеген» қайраткер етіп бейнелеуінде.
Абай жолы-халық жолы, халық жолы-Абай жолы. Осы тамаша бірлікті тарихи шындыққа сай және асқан көркемдік шеберлікпен көрсету М.Әуезовтің ұлы творчестволық жеңісі болып табылады.
Романның бірінші бетінен соңғы бетіне шейін алдымен терең ақындық сыр шертіледі, ақындық үн, әуен естіледі, ырғақ сезіледі-…ақынның барлық бастан кешкен арман-мүддесі, қуаныш-сүйініші, қайғы-қасіреті, тоғаныс-тебіренісі өз басыңнан өткендей әсер аласың. Оның сыры, үні, лебізі жүрек пен құлақтан мәңгі үзілмейтін тәрізді…
Абай образының тағы бір маңызды ерекшелігі-оның интеллектілік қасиеті. М.Әуезовтің көрсетуінде есейген Абай-ақындығымен бірге білімді, парасатты философ адам. Ұлы ақынның бұл қабілеті оның әрбір қадамынан көрінеді. Не нәрсенің терең сырын, мағынасын, себебін түсінуге тырысу, не істесе де сол істің байыбына барып, пайымдап, топшылап алып іске кірісу, айтыс-таластарға логиканы қару ету, халқының қадірі және болашақ тағдыры туралы шексіз толғану, өлеңдерін ұдайы философиялық, даналық ой-пікірлерге негіздеу-осының бәрі Әуезовтің шебер суреттеуінде ұлы Абайдың бойына жарасқан.
Романның жан толқытарлық, керемет көркемдік қасиеттері, шындықты суреттеу шеберлігі, өмір құбылыстарын аам характері арқылы терең де толық бейнелеуі оның шынайы халықтық шығарма екендігінің айғағы.
«Абай жолы»мынандай бір түйінді пікірдің дұрыстығына айғақ бола алады: нағыз ұлттық, шынайы халықтық шығарма екендігінің айғағы.
«Абай жолы» мынандай бір түйінді пікірдің дұрыстығына айғақ бола алады: нағыз ұлттық, шынайы халықтық шығармаға ұлттық шағындық, үстірттік сықылды ұғымдар мүлдем жат. Нағыз ұлттық шығарма өзінің идеялық және эстетикалық ықпал,әсерімен жалпы интернационалдық рухта қызмет ететіні ақиқат.
Сол себепті қазақ халқының ұлттық топырағында туған және халық рухынан нәр алған көркем эпопеясы дүние жүзінің барлық халықтарына бірдей ұғымды да түсінікті.
Қысқасы, эпопея әдебиеттің барлық жанрынан да жетілген жазушының серпінін танытқандай. Біресе лирик ақынның риясыз таза көңілінен ақтарылған нәзік жүрек сырын, біресе эпик әңгімешінің шымырлаған дария ағысындай шалқи толқыған сабырлы хикаясын, біресе, жалынды драматургтің от шашып түтіккен өткір де уытты диалогін кездестіресіз, біресе туған дала табиғатының әр мезгілдегі құлпырған көп бояулы көріністерін суреттейтін тамаша пейжаз картиналарды көресіз, біресе эпопеядағы есебі жоқ көп, ала-құла адамдардың әрқилы характерлерін, аз сөзбен қысқа қайырып, шебер түйетін дәлме-дәл мінездемелерді табасыз. Байқағыштық, көрегендік, сол байқап көргендерінің ішінен ең маңыздысын, түйіндісін тауып, саралап ала білушілік суреткерге ең қажет қабілет. Дүниетанымы терең, өмір шындығын кеңінен білетін, олданған әдеби әдісі, таланты, шеберлігі бірін-бірі толықтырып тұратын М.Әуезовтей саңлақ суреткер ғана «Абай жолы» секілді халықтық шығарма жаза алады.
К.Симоновтың сөзімен айтқанда: «Қазақтың ұлы ағартушысы Абай образын романның негізгі өзегі ете отырып, автор сонымен бірге халық өмірінің картинасын және мейлінше жомарт көрсетеді. Абайдың көрегендікпен ұға білуінде жатыр».
Достарыңызбен бөлісу: |