Мөж пән: Мәтін лингвистикасы Тақырып



бет5/5
Дата06.01.2022
өлшемі74,29 Kb.
#16113
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мәтін композициясы МӨЖ

Қайталауға жақын тәсілдің бірі – күшейту. Бұл тәсіл шығармада жай қайталап қою жеткіліксіз болғанда, бірыңғай детальдар не месе образдарды санамалай отырып,көркемдік әсерді күшейту мақсатында қолданылады. М.Жұмабаевтың "Сен сұлу" өлеңінің композициясы осы тәсілге құрылған: автор Май сұлу, найзағай сұлу, Ай сұлу, жел сұлу, жер сұлу, су сұлу, күн сұлу, түн сұлу дей келіп, "толып жатыр түрлі сұлу дүниеде, бәрінен де маған, сәулем, сен сұлу" деп аяқтайды.

Күшейту мен қайталаудан оқшаулау тұрған қарама-қарсы-қою тәсілі. Атынан айқын болғандай, бұл композициялық тәсіл образдарды қарама-қарсы қою, антитезаға арқылы жасалады, мысалы, М.Жұмабаевтың "Өмір" өлеңіндегі: "Жайнаған жаз көреді адам алдын, // Өткен күн – көңілсіз күз, желді салқын. // Қуаныш қайғыменен қатар жүрмек, // Болмайды толық минут жүзі жарқын". Мұндағы белгіленген метафоралар композициялық мән үстеген қарама-қарсылыққа құрылған.

К.Ахметованың "Соңғы хабар" өлеңінде қарама-қарсылық тұтастай өлеңді қамтып, шығарма композициясы кереғар бастаулардың майданына құрылған өмір туралы идеяны негіздеуге қызмет еткен:

Қарашы!


Ақ пен көктің арасы, Хақ пен көптің арасы, Бар мен жоқтың арасы, Аш пен тоқтың арасы,

Қасірет пен шапағаттың арасы, Зұлымдық пен махаббаттың арасы, Адалдық пен арамдықтың арасы, Жақсылық пен жамандықтың арасы, Өтірік пен шындықтардың арасы, Тазалық пен ұрлықтардың арасы, Теңіздер мен құрлықтардың арасы, Сұлулық пен сұмдықтардың арасы Күннен-күнге ұлғайған

Арпалысты бір майдан!

Қарама-қарсы қою – шығарма композициясын талдауда назар аударуды қажет ететін тиімді әрі күшті тәсілдің бірі.



Қазіргі әдебиеттануда зерттеліп жүрген композицияның тағы бір түрі – монтаж. Кино өнерінен әдебиетке көшкен бұл ұғым шығарма құрылысының бірнеше бөліктерге бөлініп, "құранды", "үзік" сипат алуын көрсетеді. Орыс зерттеушілері монтажды авангардизм, модернизм эстетикасымен байланыстырады.

Бүгінде "монтаж" сөзі кең мағынаға ие болған. Монтажды композицияда шығармадағы кейіпкерлердің, оқиғалардың, детальдардың, әркелкі эпизодтардың арасында сырттай қарағанда қисынды байланыс жоқ сияқты көрінеді. Алайда олар алыстан ой арқылы қиыстырылған. Автор үшін кеңістіктік-уақыттық, себепсалдарлық сыртқы байланыстан гөрі ішкі, эмоционалдық, мағыналық байланыс пен ой үндестігі маңыздырақ.

Монтажды композиция көп жағдайда бірбірімен қиысуы қиын әркелкі эпизодтарға, "кірме" әңгімелерге, лирикалық шегіністерге құрылған, "оқиға ішінде оқиғасы" бар көп желілі сюжетті шығармаларда кездеседі.



Мұндай күрделі композиция түрі Ш.Айтматовтың бірқатар романдарына тән. "Боранды бекет" шығармасында шегіністер, естеліктер арқылы Едігенің өткені мен бүгінгі өмірін суреттеген негізгі оқиғамен қатар бірнеше басқа желілер де бар. Олар: Найман ана мен

мәңгүрт, Раймалы аға жайындағы аңыздар, "ғарышкерлік" хикая, күн жүйесінен тыс орналаскан Орман Төс планетасының өмірі, кейіннен қосымша тарау ретінде қосылған "Шыңғысханның ақша бұлты" әңгімесі. Романда осы оқиғалар мен ондағы қаһармандар арасында тікелей қарым-қатынас көрінбейді, жеке желілер арасындағы уақыттық, кеңістіктік жалғастық та әлсіз, уақыт барысындағы алмастырулар мол. Алайда бейнеленген барлық үзік оқиғалардың басы мағыналық тұрғыда бір бағанға берік байланып, автордың адам мен қоғам, адам мен табиғат туралы ортақ ой-көзқарастарының төңірегіне топтастырылған.

ХХ ғасыр әдебиетінде баяндау барысын кілт үзіп, қаһармандардың түрлі кезеңдегі өмірін суреттеп кету, кенет күтпеген философиялық пайымдауларға бару, кейінге, алыс өткен күндерге лириалық шегініс жасау, болмаса болашаққа "озып ету", күнделікті өмір көріністерін үзілмелі кескінде бейнелеу кеңінен тараған. Лирикалық шегіністер – ең алдымен, автордың жеке суреткерлік тұлғасы, ішкі сезімдері, дүниені қабылдауы көрініс беретін, автордың өз дүниетанымын бейнелейтін поэтикалық форма. Кейде баяндаушы шығармада оқиғаны әңгімелеп қана қоймай, өзінің оқиғаға қатысын, сезім-күйлерін, қуанышы мен ренішін білдіреді, оқиғаны кейіпкерлермен бірге өз басынан кешіреді және кейіпкерлерінің тағдырына селқос, немқұрайлы қарай алмайтынын аңғартып қояды.

С.Ерубаевтың "Менің құрдастарым" романының композициясы қызғылықты әрі күрделі. Шығарма монтажды композиция үлгісінде жазылған. Ол прологтан, кірме әңгімелерден, шегіністерден, сюжеттік шырғалаңы мол тараулардан тұрады. Шығарма Қарағанды көмір өндірісінің қайнаған өміріне үңіліп, жас мамандардың қалыптасу, өсу жолын, Рахмет пен Лиза арасындағы махаббатты суреттейді. Оқиға басталмас бұрын автор "Роман туралы әңгіме" немесе романның увертюрасы деп атаған прологында оқырмандарымен сырласып, романның жазылу тарихы туралы, шығармаға қалай кіріскені, оның жанына, сезіміне не әсер еткені туралы әңгімелейді. Бірінші жақтан "Мен" деп баяндалатын алғы сөзде жазушының балалық шағы жайындағы естеліктері, жазушыны толғандыратын, азаматтық тұлғасының қалыптасуына әсер еткен жағдайлар де сөз болады. Түйіндей айтқанда, роман композициясында бір-бірімен ой арқылы алыстан байланысқан авторлық ойлар, авторлық сезімдер, естеліктер мен оның өміріне қатысты кейбір сәттер, сюжетке қатысы жоқ кірме әңгімелер ("Терек пен қызыл гүл", "Мәңгілік өмір туралы жыр"), сюжеттік баяндау желісіндегі кейіпкерлердің қазіргі өмірін суреттей отырып, өткен тіршілігіне жасалған шегіністер (ретроспективтік тәсіл) үйлесімді өріліп кетеді.

Қазіргі қазақ әдебиетінде монтажды композиция модернистік ыңғайда жазып жүрген жазушылар шығармаларында көрінеді. Д. Амантайтайдың көп дау тудырған, композициясы күрделі "Гүлдер мен кітаптар"" романы Әлішердің тағдырын, автор толғаныстарымен аралысып келген көне түріктер туралы аңызды мозаикалық баяндауға құрылған. Бір қарағанда, роман сюжетінде Әлішерге қатысты бүгінгі күн оқиғалары мен ықылым замандардағы түркілердің көне тарихын қозғайтын хикаяның, гүлдер мен кітаптардың тізімі мен руханият турасындағы пайымдаулардың қабысуы қиын, бірақ олар бірбіріменқаламгердің ой қуаты арқылы өзара жалғанып, қиыстырылған. Әрине, бұл бір жағынан шығармаға құрылымдық өзгерістер енгізуге ұмтылатын жазушы жаңашылдығымен, ізденістерімен де ұштасып жатыр.

Композициялық тәсілдер шығарманың барлық деңгейлерімен байланысып жатады. Көркем шығарма құрылымының алуан түрлі қырлары бар. Оған кейіпкерлер жүйесі мен олардың ара-қатынасы, суреттелетін оқиғалардың орналасуы (сюжет композициясы), заттық-психологиялық болмысты беру, бейнелеу ерекшеліктері (портрет, пейзаж, ішкі көрініс, диалог, монолог), баяндау тәсілдерінің динамикасы, тілдік бірліктердің, оның ішінде өлең фор масы элементтерінің сабақтастығы да кіреді. Яғни, композиция туындының тұтастайкөркемдік пішінін түгел қамтып, әр бөлігін ретімен орналастырады. Түйіндей айтсақ, композиция шығарма құрылымының барлық деңгейлерін: идеялық-тақырыптық жүйені, образдар қатары мен кейіпкерлер жүйесін, сюжет пен фабуланың құрылымын, уақыт пен кеңістікті, көркем тіл мен баяндау түрлерін ұйымдастырады.

 
Пайдаланатын әдебиеттер



Әдебиеттану. Хрестоматия құрастырған С.Мақпыров А., 1991. Қосымша

З.Ахметов «Абайдың ақындық әлемі» А., «Ана тілі» 1995

М.Атымов «Көркем шығарманың композициясы туралы» А., 1969

М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991

ТолстойЛ.Н. Полн. собр. соч.: В 90 т. –Т. 30. – С. 131.

Есембеков Т.У. Көркем мәтінді талдау негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 52 б

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет