Мөж тақырыбы: Таласбек Әсемқұлов «Талтүс» шығармасы



бет6/6
Дата05.03.2023
өлшемі212,66 Kb.
#71568
1   2   3   4   5   6
Сөз соңында
Қорыта айтар болсақ, бұл мақалада біз «Талтүс» романының лейтмотивін, Әсемқұлов қолданған фокализация, вентрилокуизм эффектісін, еркін тікелей емес дискурс техникасын, флешбэк, флешфорвард, нарраторлық интрузия сияқты әдістерді ашып көрсету арқылы нарраторологиялық талдау жүргізіп көруге тырыстық. Осы әдістердің арқасында романның ризоматикалық сипаты қалай ашылатыны жайында да сөз қозғадық. «Талтүсті» логикалық призммен оқуға тырыстық. Постмодернистік элементтерді көрсеттік. «Талтүс» — асыра сілтеусіз, тұғыры биік роман. Мақалада айтылған ойлар романға жаңа конструктивті көзқарас тудырады деген ойдамыз.
Интертекст
«Талтүс» жайлы айтылар сөз әлі көп. Жұмбағы әлі жасырулы. Қызықты мәліметті интертекст ретінде келтіруді жөн санадық. «Талтос» сөзі мажар мифологиясында «бақсы» деген мағынаны береді. Әрине, бұл кездейсоқтық болуы мүмкін, себебі «ос» жұрнағы мажар тіліне ғана тән жұрнақ. Бірақ неміс ғалымдарының пайымдауынша, мажардың «талтосы» көне түріктің «талтыш» сөзінен шыққан. Түбірі – талт, талу, естен тану. Мажардың талтостары «естен танып, талғанша аспаптарын ұрғандықтан» осылай аталған болуы мүмкін. Венгриядағы талтостар киген киімдерге қарасаңыз, сібір түріктерінің бақсылары киетін киімнен қатты алыстамаған. Осы орайда, телеңгіт атты алтай түріктеріне келейік. «Талтүс» сөзі дәл осы қалпында көп түріктерде сақталмаған екен. Дәл осы қалпында сақтаған түріктердің бірі – телеңгіттер. «Тал туш», - дейді олар. Түстің дәл ортасы. Телеңгіттер мифологиясында талтүс уақыты екі киелі уақыттың бірі. Екіншісі – кештің батуы. Жалпы, қазақ түсінігінде де талтүс уақыт жай уақыт емес екені рас. Аспан – Тәңір болса, күннің дәл аспан ортасына келу мерзімі жай уақыт болуы мүмкін емес те. Шындығында, Талтүс, бақсылық, күйшілік, аян бір-бірімен ұштасып жатқан ұғымдар. Таласбек Әсемқұловтың да дәл осы уақыт мерзімін Әжігерейдің түссіз, елессіз, қара түнекке батқан кезі ретінде таңдауы кездейсоқтық болса да, үлкен символдық мәні бар деп білеміз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет