Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет156/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

3.40-сурет
SH2 доменіне қолданылған эволюциялық қадағалау әдісі. (A) SH2 доменінің алдыңғы 
және артқы көрінісі. Эволюциялық тұрғыдан консервативтік амин қышқылдары сары және белоктың 
орталық жағына жақын орналасқан амин қышқылдары қызыл түспен таңбаланған. (Ә) Белокпен бай-
ланысқан әр спецификалық SH2 доменінің құрылымы.
Осы суретте лигандтан 0,4 нм-де орналасқан амин қышқылдары көк бояумен таңбаланған. Екі 
маңызды амин қышқылы сары, ал басқалары күлгін түспен таңбаланған. (А) және (Ә) арасындағы 
сәйкестілікке назар аударыңыз (O. Lichtarge, H.R. Bourne and FE. Cohen, J. Mol. Biol. 257: 342-358, 1996 
көзінен Elsevier рұқсатымен алынды; PDB кодтары: 1SPR, 1SPS).
Геномның секвенирленуі функциясы белгісіз көптеген белоктарды ашуға септігін 
тигізді. Белок туыстастығының бір мүшесінің үш кеңістікті құрылымы белгілі болған-
нан кейін эволюциялық трейсинг көмегімен биологтар осы туыстастық мүшелерінің 
байланысу сайттарын анықтайды да, белок функциясын анықтауды бастай алады.
Белоктар басқа белоктармен интерфейстердің бірнеше түрлерінің көмегімен 
байланысады
Белоктар басқа белоктармен көптеген жолдармен байланыса алады. Көп жағдайда бір 
белок бетінің ауданы екінші белок полипептидтің ұзарған ілмегімен («тізбек») әрекетте-
седі (
3.41А-сурет
). Осындай беттік-тізбек әрекеттесулер SH2 доменіне екінші белоктың 
фосфорильденген полипептидтік ілмегін тануға мүмкіншілік береді. Сонымен қатар, 
осы әрекеттесулер протеинкиназаларға қай белокты фосфорильдеу керектігін анықта-
уға көмектеседі. 
Белок-белоктық әрекеттесулердің екінші түрі әр белоктың α-спиралі бір-бірімен 
әрекеттесіп, суперспираль түзген жағдайда қалыптасады (
3.41Ә-сурет
). Осындай белок 
интерфейстерінің түрлері гендерді реттейтін белоктардың бірнеше туыстастықтарында 
кездеседі (7-тарау).
Дегенмен, белоктар әрекеттесуінің ортақ жолы бір белоктың қатты бетінің басқа 
белок бетімен нақты жұптасуы арқылы іске асады. Осындай әрекеттесулер өте берік 
бола алады, себебі екі бет арасында көптеген әлсіз байланыстар түзіледі. Осыған орай, 
бетке-бет түріндегі әрекеттесулердің спецификалығы жоғары бола алады және осының 
арқасында белок мыңдаған белоктар арасында өзінің тек жалғыз ғана жұбын табады.


БЕЛОК ФУНКЦИЯСЫ
169
Антиденелер байланысатын сайттар ерекше көпжақты болады
Барлық белоктар өзінің функциясын толықтай атқару үшін белгілібір лигандпен байла-
нысуы тиіс. Антиденелер туыстастығына жататын белоктар өздерінің берік, әрі жоғары 
спецификалық байланысу қасиетіне байланысты өте маңызды молекулалардың бірі 
болып табылады (24-тарауда қарастырылады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет