Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет157/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

Антиденелер немесе иммуноглобулиндер – организмге енген бөтен молекулаларға 
иммундық жүйенің жауабы ретінде өндірілетін немесе түзілетін белоктар. Әр антиде-
не нысана молекуламен өте берік байланысады және оны тікелей инактивациялайды 
немесе ыдырауға бағыттайды. Антидене өзінің нысанасын (әдетте антиген деп атай-
ды) айтарлықтай жоғары спецификалық жолмен таңдайды. Тіршілігі барысында адам 
миллиондаған антигенге тап бола алатындықтан оның иммундық жүйесі миллиондаған 
антидене түзуге қабілетті болуы тиіс болды. 
Антиденелер, антиген молекуласы бетінің кішкентай ауданына комплементарлы 
болатын, екі бірдей байланысу сайты бар Y-тәрізді молекула болып табылады. Анти-
дененің антигенмен байланысу сайты жақын орналасқан белок домендері жұбының 
ұшынан созылатын полипептидтік тізбектің бірнеше ілмегінен тұрады (
3.42-сурет
). 
Антиденелер антигенмен байланысу сайттарының шексіз түрлерін түзеді. Байланысу 
сайттарының түрлілігі тек ілмектердің ұзындығы мен белоктың аминқышқылдық құра-
мының өзгеруі көмегімен қалыптасады. 
Осындай ілмектер басқа молекулаларды ұстау үшін ең тиімді болып табылады. Олар 
көптеген химиялық топтардың лигандты қоршай орналасуын және белок пен лиганд 
арасындағы көптеген әлсіз байланыстардың түзілуін қамтамасыз етеді және белок құра-
мындағы лиганд байланыстырушы сайттарды қалыптастырады.
3.41-сурет. 
Екі белоктың бір-бірімен байланысуының үш жолы. Екі белоктың тек әрекеттесетін ау-
дандары көрсетілген. (A) Бір белоктың қатты беті екінші белоктағы полипептидтік тізбектің ұзарған іл-
мегімен байланыса алады. (Ә) Екі α-спиральдар бір-бірімен байланыса отырып, суперспираль түзеді. 
(Б) Екі комплементарлы қатты беттер әдетте екі белокты байланыстырады. Байланыс әрекеттесулері 
кезінде β-тізбектер жұптаса алады (мысалды 3.18-суреттен қараңыз).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет