170 3-тарау.Белоктар
3.42-сурет. Антидене молекуласы. Қалыпты антидене молекуласы Y-пішінді болады және оның
антигенмен байланысатын екі бірдей сайты (әр иығында бір сайттан) болады. Белок дисульфидтік
байланыстармен ұсталатын төрт полипептидтік тізбектерден (екі бірдей ауыр және екі бірдей жеңіл)
құрылады. Әр тізбек бірнеше әртүрлі иммуноглобулиндер домендерінен құрылады (көк немесе сұр
түспен таңбаланған). Антигенмен байланысу сайты ауыр тізбектің вариабельдік домені (V
H
) жеңіл
тізбектің вариабельдік доменімен (V
L
) байланысқан жерде түзіледі. Осы домендер әртүрлі антидене-
лерде өзінің тізбегі мен құрылымы бойынша ерекше болады. Антидене молекуласындағы әр иығы-
ның ұшында осы екі домен антигенмен байланысатын ілмектер түзеді (24.5-бейнефильмді қара).
Тепе-теңдік тұрақтысы байланысу беріктігін анықтайды
Клеткадағы молекулалар өздерінің кездейсоқ термальдық қозғалысының нәтиже-
сінде бір-бірімен өте жиі соқтығысып отырады. Беттік сәйкестігі төмен молекулалар
соқтығысқанда олардың арасында түзілетін ковалентті емес байланыстар өте аз
түзіледі, сондықтан мұндай молекулалар тез арада диссоциацияланады. Ал ковалентті
емес байланыстар саны көп болған жағдайда соқтығысқан екі молекула ұзақ уақытқа
ассоциацияланады (
3.43-сурет ). Биологиялық функция молекулалардың ұзақ уақыт
бойы ассоциациялануын қажет еткен жағдайда ғана клеткада молекулалардың жоғары
деңгейдегі ассоциациясы орын алады. Мысалы, РНҚ мен белоктар бірігіп, рибосома
сияқты субклеткалық құрылымды қалыптастырады.
Біз екі молекуланың бір-бірімен қаншалықты күшті байланысқанын өлшей аламыз.
Мысалы, сұйықтықтағы бірдей антиденелер популяциясының лигандтар популяция-
сына тап болған жағдайды елестетіңіз. Белгілі бір уақыт аралығында лигандтың бір
молекуласы антидененің байланысу сайтымен байланысып, антидене-лиганд кешенін
түзеді. Антидене-лиганд популяциясы артады, бірақ өсу шексіз емес: уақыт өткен сай-
ын, термальдық жолмен индукцияланған жеке дара кешендердің ыдырауы орын алатын
екінші процесс маңызды бола бастайды. Нәтижесінде, антиденелер мен лигандтардың
БЕЛОК ФУНКЦИЯСЫ
171 популяциялары тұрақты немесе тепе-теңдік күйге жетеді және осы жағдайда әр секунд
сайын ассоциация мен дәл сол уақыт аралығында орын алатын диссоциация саны теңе-
седі.