3.36-су- ретте көрсетілген жолмен байланысады. Осындай қатынастардың көпшілігі әрекетте-
сетін жақтардың біреуі немесе екеуінің сериндік бүйір тізбектерінің фосфорильденуі
көмегімен реттеледі. Дегенмен, жаңадан анықталған осындай құрылымдар терең зерт-
теулерді қажет етеді және олардың эукариоттық клеткадағы биологиялық рөлін анықтау
алдағы уқытта шешілетін мәселе деп айтуға болады.
3.35-сурет. «Қайтымды амилоидтар» арасындағы ассоциацияны өлшеу. (A) Тәжірибелік жағдай.
Талшық-түзуші домендер күрделілігі төмен домендері бар белоктардан олардың ДНҚ тізбегін E.coli-
ге клондау көмегімен үлкен көлемде алынды. Кейін осы белок домендері аффиндік хроматография
көмегімен тазартылды. Осы домендердің (FUS домені) концентрлі сұйықтығының кішкентай тамшы-
сы микроскоп шынысына қойылып, гельге айналдырылды. Кейін, гель флуоресценттік таңбаланған
күрделілігі төмен домен сұйықтығында инкубацияланды (нәтижесінде гель флуоресцентті болды).
Белок сұйықтығын буфермен алмастырғаннан кейін әртүрлі домендердің бір-бірімен байланысу күші
флуоресценция көмегімен анықталады. (Ә) Нәтижелер. FUS белогының күрделілігі төмен домені өз-
өзімен hnRNPAl немесе hnRNPA2 белоктарының күрделілігі төмен домендеріне қарағанда берігірек
байланысады. Бөлек тәжірибелер көмегімен осы үш РНҚ-байланыстырушы белоктардың аралас
амилоид талшықтарын түзу арқылы ассоциацияланатыны анықталды (M.Kato et al., Cell. 149: 753-767,
2012 көзінен алынды).
3.36-сурет. Қайтымды амилоид- тар көмегімен түзілетін кешеннің бір түрі. Көрсетілген құрылым
РНҚ полимераза және ДНҚ транс-
крипциясын реттейтін белоктың
күрделілігі төмен доменінің әре-
кеттесуінің зерттелуіне негіздел-
ген (I. Kwon et al., Cell. 155:1049-
1060, 2013 көзінен алынды).