Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет190/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   330
208 3-тарау. Белоктар
Белоктар көптеген қайтымды пост-трансляциялық модификацияларға ұшырайды. 
Соның ішінде фосфат немесе ацетил топтарының қосылуын атап кетуге болады. 
Осындай модификациялаушы топтардың қосылуы белоктардың белсенділігін реттеу- 
де маңызды рөл атқарады. Протеомика көмегімен зерттеушілер бір талдау ауқы-
мында көптеген белоктарды зерттей алады. Нәтижесінде алынатын белоктардың 
әрекеттесу картасы әртүрлі организмдердегі көптеген белоктардың ұқсас түрлерін 
анықтауға мүмкіндік береді. Дегенмен, күрделі белоктық әрекеттесулер мен қатынас- 
тарды түсіну үшін жаңа биохимиялық, математикалық және сандық құралдар мен 
әдістер қажет.
БІЗ НЕНІ БІЛМЕЙМІЗ
• Белоктар құрамында табылған фолдингке ұшырамаған тізбектердің орасан зор 
түрлерінің функциясы қандай болады?
• Белок функцияларының қаншама түрі әлі ашыла алады? Оларды ашудың көп 
үміт көрсететін тәсілдері қандай?
• Қашан зерттеушілер кез келген аминқышқылдық тізбекті алып, оның үш кеңістікті 
құрылымы мен функциясын нақты түрде болжай алады? Осы маңызды мақсатқа 
жету үшін қандай жаңалықтар мен ашылулар қажет?
• Белок машинасының функциясын анықтау мақсатында әр бөлігінің үлкен көлем-
де бөлініп алуын қажет етпейтін амалдар мен тәсілдер бар ма? 
• 3.3-кестеде келтірілген коваденттік модификацияларға қоса басқа көптеген моди-
фикациялар типтерінің рөлі қандай? Олардың қайсысы клетканың функциялары 
үшін маңызды және неге?
• Неге амилоид клеткалар үшін улы келеді және ол Альцгеймер ауруы сияқты ней-
родегенеративтік ауруларға қалай үлес қосады?
МӘСЕЛЕЛЕР
Қай пікір шындық? Неге шындық немесе шындық еместігін түсіндіріңіз.
3.1 
β-қатпар құрамындағы әр тізбек айналымы екі амин қышқылы болатын спираль 
болып табылады.
3.2 
Белоктардың ішкі ретсіз аудандарын гидрофобтығы жоғары және заряды төмен 
болатын амин қышқылдарын кодтайтын гендерді биоинформатикалық әдістер көме-
гімен іздеу арқылы анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет