204 3-тарау. Белоктар
3.3-КЕСТЕ. Белоктармен ковалентті байланысатын кейбір молекулалар олардың функциясын реттейді Модификациялаушы топ Кейбір функциялары Сер, Тре немесе Тир фосфаты Белоктардың үлкен кешендерге жиналуын іске асырады
(15.11-суретті қара)
Лиз-дегі метил
Гистондарда моно-, ди-, триметиллизиндер құру көмегімен
хроматинде ерекше аудандарды қалыптастыруға мүмкіншілік
береді
Лиз-дегі ацетил
Гистондарды модификациялау көмегімен хроматиндегі
гендерді активтеуге көмектеседі
Цис-дегі пальмитил
Осы май қышқылының қосылуы белоктардың
мембраналармен әрекеттесуін қоздырады
Сер немесе Тре-дегі
N- ацетилглюкозамин
Глюкоза гомеостаздағы ферменттің белсенділігі мен
гендердің экспрессиясын реттейді
Лиз-дегі убиквитин
Моноубиквитиннің жалғануы көпіршіктердегі мембраналық
белоктар тасымалын реттейді
Полиубиквитин тізбегі белокты деградацияға бағыттайды
Убиквитин – 76 амин қышқылынан тұратын полипептид; сүтқоректілер клеткаларында, кем
дегенде, 10 убиквитинге қатысты белоктар болады.
Белоктың коваленттік модификацияларын комбинаторлық реттегіш код ретінде қа-
растыруға болады. Спецификалық модификациялаушы топтар сигналға жауап ретінде
белоктарға жалғанады немесе ажыратылады да, белоктың әрекетін өзгертеді (
3.79-су- рет ). Нәтижесінде, клетка қоршаған орта жағдайларының өзгеруіне тез арада жауап
бере алады.
Белоктар әрекеттесуінің күрделі торы клетка функциясын айқындайды
Клеткалық биологтар қазіргі таңдағы геномдық ақпаратқа бай кезеңде көптеген
қиыншылықтарға тап болып отыр. Үлкен белоктық кешендердің функциясын түсіну
үшін кешеннің әр мүшесін айырып, таза күйінде бөліп алып, зерттеу қажет. Осының
нәтижесінде жүйенің әр мүшесінің функциясы мен маңызын түсінуге болады. Бұл өте
ауқымды мәселе. Бірақ қазіргі таңда біз клетканың әр субкомпонентінің басқа макро-
молекулалармен әрекеттесетінін және белок-белок немесе белок-нуклеин қышқылдары
әрекеттесуі сияқты кең ауқымды тор түзетінін білеміз. Клетканы түсіну үшін біз осы
әрекеттесулердің барлығын талдауымыз қажет.
Осындай белок-белок әрекеттесулерінің дәрежесін жалпылама болжауға болады.
Қазіргі таңда мыңдаған белоктар туралы ақпарат ғаламтордағы дерекқорларда жи-
налған. Негізінде, компьютерге негізделген биоинформатикалық құралдар роботтық
технологиялармен біріге отырып, бір талдау ауқымында мыңдаған белоктарды зерт-
теуге мүмкіншілік береді. Белоктардың үлкен топтарын зерттейтін ғылымның бағыты
протеомика деп аталады.
Аффиндік таңбалау және масс спектрометрияға негізделген биохимиялық әдіс
клеткадағы көптеген белоктардың байланысу әрекеттестігін анықтау үшін өте тиімді
болып келеді. Ғаламтордағы көптеген ақпараттар белоктардың кіші жиынтықтарын
зерттейтін ғалымдарға олар зерттейтін белоктар жиынтығы басқа белоктармен қалай
әрекеттесетіні және байланысатыны туралы ақпарат бере алады. Белоктардың әрекет-