Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


  Белоктың бетінен шығып тұратын полипептидтік ілмектер басқа молекулалар- дың байланысу сайттарын қалыптастырады. 3.4



Pdf көрінісі
бет191/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

3.3 
Белоктың бетінен шығып тұратын полипептидтік ілмектер басқа молекулалар-
дың байланысу сайттарын қалыптастырады.
3.4 
Фермент белсенділігінің ең жоғары деңгейіне субстраттың жоғары концентра-
цияларында жетеді, себебі оның құрамында субстраттың байланысу сайттарының саны 
тұрақты болады.
3.5 
Ферменттің жоғары концентрациялары қайта қолдануының жоғары деңгейін 
көрсетеді.
3.6 
Кооперативтік аллостерикалық ауысуларға ұшырайтын ферменттер көптеген 
суббөліктердің симметрилық жиынтықтарынан тұрады.
3.7 
Протеинкиназалар мен протеинфосфатазалармен фосфат топтарының үздіксіз 


БЕЛОК ФУНКЦИЯСЫ
209
алынуы мен қосылуы энергияны тиімсіз пайдалануы болады, себебі олардың біріккен 
әрекеті АТФ-ті жұмсайды, бірақ бұл фосфорильдеу көмегімен реттеудің қажетті салда-
ры болып табылады.
Келесі мәселелерді талқылаңыз.
3.8
Келесі пікірді талқылаңыз. «Ұзындығы 300 амин қышқылынан тұратын кез 
келген бір молекуланы өндіру үшін бүкіл әлемдегі атомдар жеткіліксіз болады». Бүкіл 
әлемнің ауқымын ескерсек, осы пікір дұрыс бола ала ма? Атомдарды санау қиын бола-
тындықтан, мәселені атомдар массасы жағынан қарастырыңыз. Көрінетін бүкіл әлемнің 
массасы шамамен 10
80
грамм. Амин қышқылының орташа массасы шамамен 110 Даль-
тон болатынын болжау отырып, ұзындығы 300 амин қышқылынан тұратын кез келген 
бір молекуланың массасы қандай болады? Ол бүкіл әлемнің массасынан көбірек бола 
ма?
3.9 
Туыстастығы жағынан алшақ болатын гомологты белоктарды аныңтаудың ор-
тақ стратегиясына белгілі-бір белок функциясының қысқа таңбалық тізбектер көрсет-
кіштері көмегімен дерекқорларда ізденіс жасау жатады. Неге қысқа тізбектер көмегімен 
зерттеу ұзын тізбектер арқылы ізденіс жасаудан тиімдірек болады? 
3.10 
Kelch мотиві β-пропеллер түзетін атты құрылымды қалыптастыратын төрт тіз-
бекті β-қатпардан тұрады. Әдетте ол 4-7 рет қайталанады және мультидомендік белок 
құрамында kelch доменін түзеді. Осындай қайталмалы kelch домені 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет