216 4-тарау. ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
4.2-сурет.
ДНҚ-ның генетикалық материал екендігін дәлелдейтін тұңғыш тәжірибе. Осы тәжірибе-
лер 1920-шы (А) және 1940-шы (Ә) жылдары іске асырылды. Тәжірибеде тазартылған ДНҚ-ның бак-
терияларға қосылуы бактерияның қасиетін өзгертетіні мен келесі ұрпақтарға берілетіні көрсетілген.
Streptococcus pneumoniae
бактериясының туыстас штаммы бір-бірінен пішіні пен патогендігі бойынша
ерекшеленеді. Бір штамм тегіс (S) және тышқанға енгізілген кезде өлімге әкеледі. Басқасы бұдыр (R)
және тышқанды өлтірмейді. (А) Бастапқы тәжірибе S штамында R штамын S штамына айналдыратын
(трансформациялайтын) және оның тұқым қуалайтынын тудыратын белгісіз зат бар екендігін көрсе-
теді. (Ә) Осы тәжірибе R штамы S штамынан бөлініп алынған бірнеше биологиялық молекулалармен
инкубацияланады. Нәтижесінде осы заттың ДНҚ екендігі анықталды.
Соңғы екі онжылдықта ДНҚ молекуласындағы суббөліктер ретін анықтауда ғылым
алға үлкен қадам басты.
Нәтижесінде, бір ұрықтанған жұмыртқадан адамның толық
қалыптасуына қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін 3,2 миллиард нулеотидтер жұбы
мен көптеген басқа да организмдердің ДНҚ тізбектері белгілі болды. Осы тізбектердің
түпкілікті терең талдануының арқасында эволюция процесі туралы көптеген белгісіз
мәліметтер белгілі болды.
Осы тарау клетканың ДНҚ-дағы генетикалық ақпаратты қалпында сақтау, реплика-
циялау мен экспрессиялау сияқты генетикалық механизмдерге арналған. Келесі тарауда
ДНҚ-ның репликациясы мен репарациясы талқыланады. Сонымен қатар біз генетика-
лық рекомбинация кезінде ДНҚ-ның қалай құрылатынын қарастырамыз. Гендер экс-
прессиясы 6-тараудың басты тақырыбы болады. Ал, 7-тарауда гендер экспрессиясының
реттелу механизмдерін талқылаймыз.
ДНҚ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ФУНКЦИЯСЫ
217
ДНҚ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ФУНКЦИЯСЫ
1940 жылдары биологтар ДНҚ-ның қалай генетикалық
материал бола алатындығын
дәлелдеу айналасында қиыншылықтарға тап болды. Молекула өте қарапайым болып
көрінді: бір-бірімен химиялық жолмен бірігетін тек төрт түрлі суббөліктен тұратын
ұзын полимер. 1950 жылдардың басында ДНҚ молекуласы, молекуланың үш кеңістікті
атомдық
құрылымын анықтайтын, рентген сәулелік дифракциялық талдау көмегімен
зерттелді. Зерттеу нәтижесінде ДНҚ-ның спираль түрінде ширақталған екі полимерден
тұратындығы анықталды. Осы мәлімет ДНҚ құрылымының Уотсок-Крик моделінің
ашылуына негіз болды.
ДНҚ молекуласы нуклеотидтердің комплементарлы екі тізбегінен тұрады
Достарыңызбен бөлісу: