Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет199/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) молекуласы төрт әртүрлі нуклеотидтік суб-
бөліктерден құрылатын ұзын полинуклеотидтік тізбектерден тұрады. Осы тізбектің 
әрқайсысы ДНҚ тізбегі деп аталады. Екі тізбек бір-біріне антипараллель болады және 
негіздер арасындағы сутектік байланыстар екі тізбекті байланыстарады (
4.3-сурет
). 
Нуклеотидтер бес көміртекті қант қалдығынан, фосфор қышқылының бірнеше қал-
дығы мен азоттық негізден құрылатындығын көрдік. ДНҚ нуклеотидінің құрамында 
жалғыз фосфат тобына жалғанған дезоксирибоза және азоттық негіз ретінде аденин 
(А), цитозин (Ц), гуанин (Г) 
немесе тимин (Т) бола 
алады. Тізбектегі нуклео-
тидтер бір-бірімен қант пен 
фосфор арасындағы кова-
ленттік байланыс көмегімен 
жалғанады да, қант-фосфат-
қант-фосфат тізбегін түзеді. 
4.3-сурет. 
ДНҚ мен оның 
құрамдас 
бірліктері. 
ДНҚ 
полинуклеотидтік тізбекке ко-
валенттік түрде байланысқан 
төрт әртүрлі нуклеотидтерде 
түзіледі. Оның қантты-фосфатты 
қаңқасынан азоттық негіздер (А, 
Г, Ц,Т) шығып тұрады. ДНҚ моле-
куласы жұптасқан нуклеотидтек 
арасында түзілетін сутектік бай-
ланыстармен ұсталатын екі анти-
параллельдік тізбектен тұрады. 
ДНҚ тізбектерінің ұштарындағы 
көрсеткіш ұштары екі тізбектің 
полярлығын көрсетеді. Суреттің 
төменгі сол жағындағы диаграм-
мада ДНҚ молекуласы сызықты 
күйінде көрсетілген; негізінде ол 
қос тізбекті спиральға бұралады 
(оң жақта). Толығырақ ақпарат 
үшін 4.5-сурет пен 4.1-бейне-
фильмді қараңыз.


218 4-тарау. ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
Нуклеотидтердің байланысу мәнері ДНҚ тізбегіне полярлық қасиет береді. Екі 
тізбектің шеткі нуклеотидтерін оңай анықтауға болады. 5’-ұшындағы нуклеотидте үш 
фосфор қалдығы, ал 3’-ұшында -ОН тобы болады. 
ДНҚ-ның үш кеңістіктік құрылымы – ДНҚ-ның қос спиралі – екі полинуклеотидтік 
тізбектердің химиялық және құрылымдық қасиеттерінен қалыптасады. Екі тізбек бір 
бірімен сутектік байланыстар көмегімен байланысатындықтан, азоттық негіздер спи-
ральдің ішкі, ал қант қалдықтары оның сыртқы жағында орналасады. Барлық жағдайда 
екі сақиналы негіз (пурин) бір сақиналы негізбен (пиримидин) жұптасады. Аденин 
әрқашанда тиминмен, ал цитозин гуанинмен жұп құрады (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет