4.45-сурет осындай тәжірибені қысқаша сипаттайды.
4.45-сурет. Ген активациялаушы хро- матин күйінің тұқым қуалайтынының дәлелі.Жақсы зерттелген MyoD гені
бұлшықетте негізгі транскрипциялық
реттегіш белокты кодтайды. Осы ген
қалыпты жағдайда жас эмбрионның
сомиттер түзілетін ауданында іске қо-
сылады. Осы ауданның ядросы ядро-
сыз
жұмыртқаклеткасына
енгі-
зілгенде, ұрпақ клеткалардың ядрола-
ры MyoD белогын бұлшықеттік емес
аудандарында экспрессиялайды. Осы
қалыпсыз экспрессия бластула саты-
сындағы эмбрионды түзетін клетка
бөлінуінің көптеген циклдары бойы
MyoD промотор ауданын оның белсен-
ді хроматин күйінде сақтауына байла-
нысты орын алады. MyoD промоторын
қоршайтын белсенді хроматинде Н3.3
гистон варианты метилденген Лиз4
күйінде болады. Қалыпты Н3.3 бело-
гын кодтайтын мРНҚ-ның шамадан
тыс мөлшерін енгізілуінен орын алатын
гистонның асқын синтезі Н3.3 гистоны-
ның MyoD промоторындағы мөлшері
мен эпигенетикалық MyoD түзілуін арт-
тырады, ал Н3.3 гистонының мутантты
белогын кодтайтын мРНҚ енгізілуі Лиз4
ауданында метальдене алмайды және
эпигенетикалық MyoD өндірілуін азайтады. Осы тәжірибелер эпигенетикалық есте сақтаудың негізін-
де хроматиннің тұқым қуалайтын күйі болатынын дәлелдейді (R.K. Ng and J.B. Gurdon, Nat. Cell Biol. 10:102-109, 2008 көзінен Macmillan Publishers Ltd. рұқсатымен қолданылған).
Хроматиндік құрылымдар эукариоттық хромосомалардың функциясы үшін
маңызды
Әртүрлі хромосомалық құрылымдардың функциялары туралыбелгісіз мәліметтердің
көп болғанымен ДНҚ-ның нуклеосомаларға қапталуы эукариоттар эволюциясы үшін
маңызды болды. Көпклеткалы күрделі организмді қалыптастыру үшін әртүрлі линия-
лық клеткалар көптеген гендердің қолжетімділігі мен белсенділігін өзгерту көмегімен
мамандануы тиіс. Мұндай әрекет клетканың есте сақтау қабілетіне байланысты: әр
клетка өзінің даму тарихы туралы ақпаратты тіркейді. Осы тіркеу хроматин құрылы-
мында жазылатын сияқты.