Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет231/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

4.46-сурет
 және 
4.47-сурет
).
4.46-сурет. 
Шам щеткасы түріндегі хромосо-
малардың хроматин домендері. Еншілес хро-
матиндер жұбының кіші ауданы көрсетілген. 
Хроматиннің екі түрі түрімен қапталған екі бір-
дей ДНҚ спиральдары сәйкестенген. Көптеген 
қосмекенділерде шам щеткасы түріндегі хро-
мосомалардың жиынтығында шамамен 10000 
ілмек болады. Әр хромосомадағы қалған ДНҚ 
жоғары деңгейде конденсацияланған болады. 
Клеткада әр ілмектің төрт көшірмесі болады, се-
бебі әр шам щеткасы түріндегі хромосома жұп-
тасқан хроматидтердің екі сәйкестенген жиын-
тығынан тұрады. Осы төрт тізбекті құрылым 
ооциттер дамуының осы сатысына тән.
Мұндай хромосомаларда, ооциттің өсуі барысында, осындай ілмектерде әрқашан 
ұқсас түрде ұзарған ДНҚ тізбегі болады. Мұндай хромосомалар ооцит үшін РНҚ-ның 
көп мөлшерін түзеді және ДНҚ ілмектерінде гендер белсенді түрде экспрессияланады. 
Дегенмен, ДНҚ-ның көп бөлігі ілмек құрамына кірмейді, бірақ хромосома осінде жоға-
ры конденсациялық күйде болады.


256 4-тарау. ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
4.47-сурет.
Шам щеткасы түріндегі хромосомалар. (A) Қосмекенділер ооцитіндегі шам щеткасы 
түріндегі хромосоманың микрографиясы. Ооциттердің ерте кезеңдегі дифференциациясында әр 
хромосома мейозға бастама беру мақсатында репликацияланады және гомологты түрде реплика-
цияланған хромосомалар жұбы төрт репликацияланған ДНҚ қос спиралінен немесе хроматидтерінен 
тұратын өте ұзарған құрылымды түзеді. Шам щеткасы түріндегі хромосомалар кезеңі ооциттер жаңа 
организмге дамуға қажетті заттарды жинамағанша бірнеше айға немесе жылға созыла алады. (Ә) 
Ұқсас хромосоманың үлкейтілген ауданы. Осы аудан ілмектердегі РНҚ синтезін көруге мүмкіншілік 
беретін флуоресценттік бояумен таңбаланған (Joseph G. Gall сыпайлылығымен қолданылды).
Барлық эукариоттардың интерфазалық хромосомалары ілмектерге ұйымдасқан деп 
болжалуда. Жарық микроскопының астында зерттеу үшін мұндай ілмектер өте кіші 
және нәзік болғандықтан, олардың бар болуын дәлелдеу үшін басқа әдістер қажет. Мы-
салы, заманауи ДНҚ технологияларының көмегімен интерфазалық хромосомадағы екі 
локустың қандай жиілікпен бірігетінін анықтауға болады және осындай зерттеулердің 
нәтижесінде ілмек құрылымының негіздерін қалыптастыратын хромосома сайттарының 
кандидаттарын көруге болады (
4.48-сурет
). Осы және басқа да тәжірибелер адам хромо-
сомаларының ұзындығы әртүрлі ДНҚ ілмектеріне ұйымдасатынын болжауға мүмкіндік 
береді. Қалыпты ДНҚ ілмегі 50000-нан 200000-ға дейін нуклеотидтер жұбынан тұра 


ХРОМОСОМАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫМЫ
257
алады. Бірақ, кейбір зерттеушілердің жорамалы бойынша, ұзындығы миллиондаған 
нуклеотидтер жұбынан тұратын ДНҚ ілмектері де болуы мүмкін (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет