ХРОМОСОМАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫМЫ
255
сының ұзындығы 0,1 см болса, онда ол ядроны 100-ден астам рет кесіп өтер еді. Осы-
дан фолдингтің ең жоғары деңгейінің қажет екендігін айқын көруге болады. Дегенмен,
молекулалық егжей-тегжейі әліге дейін сиқырлы болып табылғанымен, хроматиннің
осындай жоғары деңгейдегі қапталуы ілмек пен орауыш құрылымдарына ширалуды
қажет етеді. Хроматиннің қапталуы сұйық және клетка қажеттіліктеріне сай өзгеріп
отырады.
Біз осы бөлімді оңай көруге болатын кейбір қалыпсыз интерфазалық хромосомалар-
ды сипаттаудан бастаймыз. Ерекше болғанымен, осы жағдайлар барлық интерфазалық
хромосомаларға тән қасиеттерді көрсетеді. Осыған қоса, олар хроматин құрылымдары-
ның фундаменталдық аспектілерін зерттеуге мүмкіншілік береді. Келесіде, біз қалыпты
интерфазалық хромосомалардың сүтқоректілер клеткасының ядросында қалай ұйымда-
сатынын қарастырамыз. Соңында біз хромосомалардың интерфазадан митозға өткен
кездегі қосымша он еселік нығыздалуы талқыланатын болады.
Хромосомалар хроматиннің үлкен ілмектерге ширалады
Интерфазалық клеткалардағы хромосомалар құрылымдарының көрінісі өсіп келе
жатқан амфибия ооциттерінің тығыз әрі өте ұзын хромосомаларына жүргізілген зерт-
теулерден алынды. Осы қалыпсыз
шам щеткасы түріндегі хромосомалар (белгілі ең
ірі хромосомалар түрі) мейозға дайындық кезінде жұптасады және жарық микроско-
пының астында оларды оңай көруге болады. Олар сызықты хромосома осінен шығып
тұратын ілмектер жиынтығына ұйымдасады (
Достарыңызбен бөлісу: