Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


мүмкіншілік тудырады ( 5.21-сурет



Pdf көрінісі
бет283/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

311
мүмкіншілік тудырады (
5.21-сурет
). ДНҚ 
спираліндегі кез келген күштің пайда 
болуы спиральді осы күшті азайту бағы-
тында айналдырады. Нәтижесінде репли-
кация ДНҚ-ның тек қысқа ауданының 
айналуымен алға жүре алады. ДНҚ-топои-
зомераза ферментімен ДНҚ-ның фосфатын 
байланыстыратын коваленттік байланыс өз 
энергиясын сақтайтындықтан, ДНҚ-дағы 
фосфодиэфирлік байланысты қалпына 
келтіру тез арада жүреді және қосымша 
энергияны қажет етпейді.
Топоизомеразалардың екінші түрі, 
топоизомераза ІІ, ДНҚ спиралінің екі тіз-
бегімен бір уақытта коваленттік байланыс 
түзеді де, уақытша қостізбекті үзіліс түзеді. 
Осы ферменттер хромосоманың қос тізбекті 
спиральдары бір-бірімен қиылысқан аудан-
дарында активацияланады. Топоизомераза 
ІІ ферменті осындай ауданмен байланысқан 
кезде, ол АТФ гидролизінің энергиясы 
көмегімен келесі реакциялар жиынтығын 
тиімді түрде орындайды: (1) ол қос тіз-
бекті уақтыша үзеді де, ДНҚ-лық «қақпа» 
түзеді; (2) ол жақында орналасқан екінші 
спиральдің осы қақпадан өтуін қамтамасыз 
етеді және (3) үзілісті қалпына келтіреді 
де, ауданнан ажырайды. Суперспиральдану 
әсерінен пайда болатын қиылысу нүктелері 
суперспиральдану деңгейін төмендету 
бағытында әрекет етеді. Осы әрекетіне бай-
ланысты ДНҚ-топоизомераза ІІ ферменті 
бір-бірінің ішіне енген екі сақиналы ДНҚ-
ны ажырата алады (
5.22-сурет
).
Топоизомераза ІІ ферменті ДНҚ-ның 
шатасуын болдыртпайды. Оның әрекеті 
37
0
С температурасында инактивациялана-
тын топоизомераза ферменті бар ашытқы 
мутанттарында көрсетілген. Сондықтан, 
осындай мутанттардың хромосомалары 
37
0
С температурада бір-бірінен ажырай 
алмайды.
5.21-сурет. 
Эукариоттық ДНҚ топоизомераза 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет