5.4-КЕСТЕ. Транспозициялық элементтердің негізгі үш класы Класс сипаттамасы мен құрылымы Маманданған фермент Тасымалдың түрі Мысалдар ДНҚ-транспозондар Әр ұшында қысқа
инверсияланған
қайталымдар
Транспозаза
Кесу-және-енгізу
немесе репликативтік
жолдармен
ДНҚ түрінде
тасымалданылады
Р элементі
(Drosophila), Ac-Ds
(жүгері), Tn3 және
Tn10 (E.coli), Tam3
(есінек)
Ретровирус тәрізді ретротранспозондар Әр ұшында бағытталған
қайталанатын ұзын
терминалдық қайталымдар
(long terminal repeats - LTRs)
Кері
транскриптаза
және интеграза
Өндірілуі LTR
промоторымен
қоздырылатын
аралық РНҚ түрінде
тасымалданады
Соріа (Drosophila),
Ту1 (ашытқы), ТНЕ1
(адам), Bs1 (жүгері)
Ретровирустық емес ретротранспозондар AAAA TTTT РНҚ транскрипттің
3’-ұшында поли (А)
құйрығы; 5’-ұшы әдетте
қысқарған болады
Кері
транскриптаза
және
эндонуклеаза
Көршілес промотормен
синтезделетін
аралық РНҚ түрінде
тасымалданады
Ғ элемент
(Drosophila),
L1(адам), Cin4
(жүгері)
Осы элементтердің ұзындығы 1000 мен 12000 нуклеотидтер жұбы арасында болады. Әр
туыстастыққа көптеген мүшелер кіреді және олардың тек кейбіреулері кестеде көрсетілген.
Кейбір вирустар да транспозициялық механизмдер көмегімен қожайын клеткасына ене алады
және клеткадан шыға да алады. Осы вирустар транспозондардың бірінші екі класына жатады.
5.60-сурет. Бактериялар- да табылған көптеген ДНҚ-транспозондары- ның үш өкілі. Осы мо-
бильді ДНҚ элемент-
тердің
әрқайсысында
элементтің қоныс ауда-
руына қажетті ДНҚ-ның
үзілуі мен жалғануын
іске асыратын транспоза-
за атты ферментті код-
тайтын ген болады. Со-
нымен қатар, әр транспозонда транспозазамен танылатын және қоныс аударуға қажетті арнайы
қысқа ДНҚ тізбегі (қызыл) болады. Осыған қоса, көрсетілген үш элементтің екеуінің құрамында ампи-
циллин (AmpR) және тетрациклин (TetR) антибиотиктерін тежейтін ферментті кодтайтын ген кіреді.
Суреттің төменгі жағында көрсетілген Tn10 транспозондық элемент тетрациклинге төзімділік генінің
екі шетінде екі қысқарақ мобильдік элементтерді қондыру мүмкіншілігінен дамыды деп болжалуда.