Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет67/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

тартылыстар (иондық), сутектік байланыстар және ван дер Ваальс тартылыста-
ры; молекулаларды біріктіретін төртінші факторға гидрофобтық күш жатады. Кова-
ленттік емес байланыстардың қасиеттері 
2.3-панельде
көрсетілген. Жеке немесе дара 
коваленттік емес байланыс өте әлсіз болады, бірақ олардың жиынтығы үлкен макромо-
лекулаларды біртұтас күйінде ұстап тұра алады (
2.3-сурет
). 
2.1-кестеде
коваленттік емес және қалыпты коваленттік байланыстар күштерінің 
салыстырмасы көрсетілген (сулы және сусыз). Ортадағы молекулалармен бәсекелес 
байланыстар түзу көмегімен су электростатикалық тартылыстар мен сутектік байла- 
ныстардың күшін азайтады.


56 2-тарау. Клетка химиясы мен биоэнергетикаcы
Қалыпты сутектік байланыстың құрылымы 
2.4-су-
ретте
көрсетілген. Мұндай байланыстар полярлы қа-
тынастардың бір түрі болып табылады. Осы жағдайда 
оң зарядталған сутегі атомы теріс зарядталған екі 
атомның ортасында орналасады. Осындай байланыс 
түріндегі сутегі атомы донор атомынан жартылай дис-
социацияланған протон ретінде қарастырыла алады. 
Қалыпты электростатикалық тартылысқа қарағанда
мұндай байланыс жоғары бағытталған болады: қа-
тысатын үш атом арасында түзу сызық қалыптасқан 
жағдайда ғана олар ең жоғары күшке ие болады.
2.1-КЕСТЕ. 
Коваленттік және коваленттік емес химиялық байланыстар
Байланыс түрі
Ұзындығы (нм)
Күші, кДж/моль**
вакуумда
суда
Коваленттік 
0.15
377 (90)
377 (90)
Коваленттік емес
иондық*
0.25
335 (80)
12.6 (3)
сутектік
0.30
16.7 (4)
4.2 (1)
ван дер Ваальс (атомға 
шаққанда)
0.35
0.4 (0.1) 
0.4 (0.1) 
* - иондық байланыс толық зарядталған екі атом арасындағы электростатикалық тартылыс, 
** - жақшадағы көрсеткіштер ккал/моль есебінде берілген, 1кДж = 0,239 ккал және 1ккал = 
4,18 кДж
Молекулаларды біріктіретін төртінші эффект, негізінде, байланыс түрі емес. Деген-
мен, судың полярлы емес беттерді сутектік байланыстар торынан ығыстыру нәтижесін-
де өте маңызды гидрофобтық күш түзіледі. Екі полярлы емес беттерді жақындастыру 
олардың сумен әрекетін азайтады. Біз гидрофобтық күштің белоктардың фолдингі үшін 
маңызды екенін 3-тарауда қарастырамыз. 
Кейбір полярлы молекулалар суда қышқылдар мен негіздер түзеді
Клеткаларда орын алатын ең маңызды және ең қарапайым химиялық реакция, құрамын-
дағы сутегі мен басқа атом арасындағы, жоғары полярлы коваленттік байланысы бар 
молекула суда еріген кезде орын алады. Осындай молекуладағы сутегі өзінің электрон-
дарын толықтай береді және сұйықтықта оң зарядталған сутегі ядросы болатын протон 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет