68 2-тарау. Клетка химиясы мен биоэнергетикаcы
Клеткалар энергияны органикалық молекулалардың тотығуынан алады
Жануарлар мен өсімдіктердің клеткалары органикалық молекулалардағы химиялық
байланыстардың энергиясын қолданады. Мұндай молекулаларға
өсімдіктердегі фо-
тосинтез көмегімен түзілетін қанттарды немесе жануарлар қабылдайтын тағам құра-
мындағы кіші және үлкен молекулалар жиынтығын жатқызуға болады. Организмдер
тіршілік ету, өсу және көбею үшін энергияны пайдалы күйге айналдыруы қажет. Жану-
арлар мен өсімдіктерде энергия қоректік заттардың тотығуы немесе арнайы реакциялар
көмегімен түзіледі.
Жер атмосферасында
оттегінің мөлшері өте көп, ал көміртегі мен сутегі, энерге-
тикалық
тұрғыдан маңызды, ең тұрақты СО
2
және Н
2
О түрлерінде кездеседі.
Клетка
энергияны қанттар мен басқа да органикалық молекулалардан олардың құрамындағы
көміртегі мен сутегі атомдарының оттегі атомдарымен әрекеттесуі және СО
2
мен Н
2
О
түзу көмегімен ала алады. Осы процесс
аэробты тыныс алу деп аталады.
Фотосинтез (14-тарауда кеңірек талқыланған) бен тыныс алу комплементарлы үде-
рістер (
2.18-сурет
). Өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер Жер бетінде өте ұзақ
уақыт бойы бір-бірімен қатар тіршілік етіп келеді және олардың кейбіреулері басқала-
рының тіршілік ортасының маңызды бөлігі болып қалды. Фотосинтезден түзілетін от-
тегі, аэробты тыныс алу кезінде орын алатын, органикалық молекулалардың тотығуына
жұмсалады. Ал фотосинтез көмегімен түзілген органикалық қосылыстар жануарлар,
саңырауқұлақтар немесе бактериялар бөлген СО
2
-ден түзіледі. Осыдан біз көміртегінің
өңделуі
биосфераға қатысты үлкен циклды құрайтынын көріп отырмыз (
Достарыңызбен бөлісу: