Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет74/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

2.12-сурет
). Осындай реттілікті қалыптастыру үшін тірі орга-
низмдердегі клеткалар еш уақытта тоқтамайтын химиялық реакциялар тізбегін іске 
асырып отыруы тиіс. Мұндай реакциялардың кейбіреулерінде кіші органикалық моле-
кулалар – амин қышқылдары, қанттар, нуклеотидтер және липидтер – ыдыратылады 
немесе өзгертіледі де, клеткаға қажетті басқа кіші молекулаларды түзуге жұмсалады. 
Басқа реакцияларда кіші молекулалар тірі жүйелердің көптеген ерекше қасиеттерін 
анықтайтын белоктар, нуклеин қышқылдары және т.б. макромолекулаларды құрасты-
руға үлесін қосады. Әрбір клетканы әр секунд сайын миллиондаған реакцияларды іске 
асыратын кішкентай химиялық зауыт ретінде қарастыруға болады. 
Клетка метаболизмі ферменттермен іске асырылады
Клеткада іске асырылатын химиялық реакциялар, қалыпты жағдайда, клетка ішіндегі 
температураға қарағанда жоғарырақ көрсеткіште іске асар еді. Осыған байланысты, әр 
2.12-сурет. 
Биологиялық құрылымдар жоғары деңгейде ұйымдасқан. Нақты, жақсы және әдемі 
кеңістік модельдерін тірі организм ұйымдасуының кез-келген деңгейінде көруге болады. Өлшемі 
үлкею барысымен: (A) вирус қабығындағы белок молекулалары (техникалық тұрғыдан тірі де емес 
паразитте тірі организмдерге тән молекулалар болады); (Ә) сперматозоид құйрығының көлденең 
кесіндісінде көрінетін микротүтікшелердің қалыпты жиынтығы; (Б) тозаң дәнінің беттік пішіні (жалғыз 
клетка); (В) клеткалардың паттерндік ұйымдасуын көрсететін қырыққұлақ діңінің көлденең кесіндісі; 
(Г) суккулентті өсімдік жапырақтарының спиральдік ұйымдасуы. (A, Robert Grant, Stephane Crainic 
және James M. Hogle рұқсатымен; Ә, Lewis Tilney рұқсатымен; Б, Colin MacFarlane және Chris Jeffree 
рұқсатымен; В, Jim Haseloff рұқсатымен қолданылды).


64 2-тарау. Клетка химиясы мен биоэнергетикаcы
реакция арнайы химиялық қозуды қажет етеді. Осы талап өте маңызды, себебі ол клет-
каға оның химиясын реттеуге мүмкіншілік береді. Реттелу процесі арнайы биологиялық 
катализаторлар көмегімен іске асырылады. Олар ферменттер деп аталатын белоктар 
болып табылады, дегенмен рибозимдер деп аталатын РНҚ-лық катализаторлар да бар. 
Әр фермент белгілі бір молекуланың қатысуымен жүретін көптеген реакцияларды 
катализдейді. Ферментпен катализденетін реакциялар белгіленген ретпен жүретіндік-
тен тізбектегі реакциялар өзара бір-бірімен байланысты болады. Сондықтан бір реак-
цияның өнімі басқа реакцияның бастапқы материалы немесе субстраты бола алады 
(
2.13-сурет
). Ұзынтізбекті реакциялық жолдар бір-бірімен байланысты және клеткаға 
тіршілігін сақтап қалу, өсу және көбею қасиеттерін беретін байланысқан реакциялар 
торын құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет