Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


-сурет ).  Осыған ұқсас азот, фосфор және күкірт атомдары да тірі және өлі әлемдер арасында  цикл бойымен қозғалады. 2.18-сурет



Pdf көрінісі
бет79/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   330
2.19-сурет
). 
Осыған ұқсас азот, фосфор және күкірт атомдары да тірі және өлі әлемдер арасында 
цикл бойымен қозғалады.
2.18-сурет. 
Фотосинтез бен 
тыныс алу тіршілік әлемін-
дегі комплементарлы про-
цестер ретінде. Фотосинтез 
күн сәулесінің электрома-
гентикалық 
энергиясын 
қанттар мен басқа молеку-
лалардың химиялық байла-
ныс энергиясына айналды-
рады. Өсімдіктер, балдыр-
лар мен цианобактериялар 
осы процеске қажетті көмір-
тегі атомдарын ауадағы СО
2
-ден, ал сутегіні судан алады да, жанама өнім ретінде О
2
газын түзеді. 
Фотосинтез көмегімен түзілген органикалық молекулалар басқа организмдер үшін қорек болады. 
Осы организмдердің басым бөлігі аэробты тыныс алуды іске асырады. Осы процесс кезінде олар О
2
-ні 
қолданып, фотосинтез кезінде түзілген қанттар немесе басқа молекулалардағы көміртегі атомдарын 
қолдана отырып, СО
2
-ні түзеді. Осы процесте тыныс алатын организмдер тіршілік үшін қажетті хими-
ялық байланыс энергиясын алады. Жер бетіндегі тұңғыш клеткалар фотосинтез немесе тыныс алуды 
қолданған жоқ деп болжалуда (14-тарауда талқыланады). Дегенмен, Жер бетінде фотосинтез тыныс 
алуға дейін пайда болған, себебі миллиард жыл бұрын ауадағы оттегі мөлшері тыныс алуға қажетті 
деңгейде болған жоқ және уақыт өткен сайын фотосинтез арқасында оттегі қажетті деңгейге жеткен-
нен кейін ғана тыныс алу процесі мүмкін болды (Жердің атмосферасында оттегі мөлшері шамамен 
20% құрайды).


КАТАЛИЗ ЖӘНЕ КЛЕТКАЛАРМЕН ЭНЕРГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ
69
2.19-сурет. 
Көміртегі циклы. Жеке көміртегі 
атомдары тіршілік әлемінің органикалық мо-
лекулаларының құрамына фотосинтездеуші 
бактериялар, балдырлар мен өсімдіктер көме-
гімен енгізілді. Олар жануарлар, микроорга-
низмдер, топырақ пен мұхиттағы органикалық 
заттарға циклды түрде өтеді. Атмосферадағы 
СО
2
органикалық молекулалар клеткалармен 
тотыққан кезде немесе жануарлармен қорек 
ретінде пайдаланылған кезде қалпына келеді.
Тотығу және тотықсыздану кезінде электрон тасымалы орын алады
Клетка органикалық молекулаларды бірқадамдық реакция көмегімен тотықтырмайды. 
Метаболизм процестерінің реакциялары көптеген ферменттік катализдердің көме-
гімен іске асады. Осы реакциялардың кейбіреулерін қарастырудың алдында біз тотығу 
үдерісіне көңіл бөлейік.
Тотығу тек оттегі атомдарының қосылуымен ғана шектелетін процесс емес; бұл 
термин бір атомнан екіншісіне электрондардың тасымалы орын алатын кез келген
реакцияға да қатысты келеді. Тотығу электрондарды беруді, ал тотықсыздану электрон-
дарды қабылдауды білдіреді. Ғе
2+
электрондарды беру жолымен тотығады да, Ғе
3+
-ке 
айналады. Ал хлор атомы электрондарды қабылдайды да, Cl‾-ға дейін тотықсызданады. 
Электрондардың саны тұрақты болғандықтан (жоғалмайды және жаңадан пайда бол-
майды) тотығу және тотықсыздану реакциялары өздігінен жүреді: егерде бір молекула 
электрондарды қабылдаса (тотықсыздану), онда екіншісі электрондарын жоғалтады 
(тотығу). «Тотығу» және «тотықсыздану» терминдері ковалентті байланыспен байла-
нысқан атомдар арасында жартылай электрондар тасымалы жүрген жағдайда да қолда-
нылады (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет