Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


-сурет ). Көміртегі атомы оттегі, хлор немесе күкірт сияқты электрондық  2.20-сурет



Pdf көрінісі
бет80/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

2.20-сурет
). Көміртегі атомы оттегі, хлор немесе күкірт сияқты электрондық 
2.20-сурет. 
Тотығу мен тотықсыздану. (A) Екі атом полярлы 
коваленттік байланыс түзген кезде, соңында электрондардың 
басым бөлігімен қалатын атом тотықсызданады, ал аз электрон-
мен қалатын атом тотығады. Тотықсызданған атом жартылай 
теріс зарядка (δ

) ие болады, себебі атом ядросының оң заряды 
оны қоршаған электрондардың толық зарядынан артық болады. 
Ал тотыққан атом жартылай оң зарядқа ие болады (δ
+
). (Ә) Ме-
танның жалғыз көміртегі атомы онымен ковалентті байланысқан 
сутегі атомдарын оттегі атомдарымен сәтті алмастыру нәтиже-
сінде көмірқышқыл газына айналады. Әр қадамда электрондар 
көміртегі атомынан алынады (көк таңбалау) және көміртегі ато-
мы көбірек тотықсызданады. Осы қадамның әрқайсысы клетка-
да энергия жағынан тиімді.


70 2-тарау. Клетка химиясы мен биоэнергетикаcы
аффинділігі жоғары болатын атомдармен ковалентті байланыс түзген кезде электронда-
рын ол көбірек береді де, полярлы коваленттік байланыс түзеді. Көміртегі ядросының 
оң заряды теріс зарядынан көбірек болғандықтан, оның атомы оң зарядқа ие болады, 
нәтижесінде ол тотыққан күйге көшеді. Ал С-Н байланысындағы көміртегінің теріс 
заряды жоғары болады да, ол тотықсызданған күйге айналады. 
Клеткадағы молекула электрон (е

) қабылдаған кезде ол, көп жағдайда, протонды 
да (Н
+
) қабылдайды (олар суда өте көп мөлшерде қолжетімді болады). Осы жағдайда 
толық реакцияда сутегі атомы молекуламен байланысады.
А + е
-
+ Н
+
→ АН
Протон немесе электрон (тек электрон ғана емес) қатысса да, осындай гидроген-
дендіру реакциялары тотықсыздану, ал гидрогенсіздендіру реакциялары тотығу болып 
табылады. Тотығу мен тотықсыздануды органикалық молекулалардың мысалында 
түсіндіру оңай: С-Н байланыстардың саны артқан сайын тотықсыздану жүреді, ал азай-
ған жағдайда тотығу орын алады (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет