Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет99/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

2.41-сурет
). 
Суретте көрсетілгендей, әр жағдайдың конденсация сатысы нуклеозидтрифосфаттың 
гидролизінен түзілетін энергияға тәуелді болады. Осыған қоса, реакциялардың соңғы 
өнімдерінде (нуклеин қышқылдарынан басқа) фосфат топтары қалмайды. АТФ гидро-
лизінен энергияны босататын реакциялар полимер синтезімен қалай жұптасады?
Макромолекуланың әр түрі үшін ферментпен катализденетін реакциялық жол бо-
лады (глутамин қышқылының мысалын есіңізге түсіріңіз). Конденсациялық реакцияда 
түзілетін -ОН тобы, алдымен екінші молекуламен жоғары энергиялық байланысқа түсу 
арқылы активацияланады. Дегенмен, АТФ гидролизін белоктар мен полисахаридтер 
биосинтезімен байланыстыратын механизмдер, глутамин синтезіне қарағанда, күр-
делірек келеді, себебі конденсация сатысында ыдырайтын жоғары энергиялы соңғы 
байланысты түзу үшін жоғары энергиялық аралық қадамдар тізбегі қажет. 
Әр активацияланған тасымалдаушының биосинтетикалық реакцияны іске асыру 


88 2-тарау. Клетка химиясы мен биоэнергетикаcы
қабілеті шектеулі болады. АТФ-тің АДФ-пен бейорганикалық фосфорға гидролизде-
нуінің ΔG көрсеткіші барлық реактанттар концентрацияларына тәуелді, бірақ клеткада 
қалыпты жағдайда бұл көрсеткіштің шамасы -46 және -54 кДж/моль аралығында болады. 
Негізінде бұл реакция ΔG көрсеткіші, мысалы, +40кДж/моль болатын энергия жағынан 
тиімсіз реакцияны жүргізе алар еді. Дегенмен, кейбір биосинтетикалық реакциялар үшін 
-50 кДж/моль мөлшері жеткіліксіз болады. Осындай жағдайларда АТФ гидролизинің 
жолы өзгертіле алады және нәтижесінде АМФ пен пирофосфат (ФФ
б
) түзіледі 
(
2.42-сурет
). Процесс толығымен жүрген кезде, шамамен -100 кДж/моль мөлшерінде 
бос энергия түзіледі. Осындай жолмен жүретін маңызды биосинтетикалық реакцияның 
түріне нуклеин қышқылдарының (полинуклеотидтер) нуклеотид трифосфаттардан 
түзілуін жатқызуға болады (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет