Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет102/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

2.45-сурет
). Осы бөлімде біз қанттардың ыдырауы немесе катаболизмінің негізгі қа-
дамдары мен олардың жануарлар клеткаларында АТФ, НАДН және басқа да активация- 
ланған тасымалдаушы молекулаларды қалай түзетінін қарастырамыз. Бұл процестер 
өсімдіктер, саңырауқұлақтар мен көптеген бактерияларда өте ұқсас жолдармен іске 
асады. Май қышқылдарының тотығуы барлық клеткалар үшін бірдей маңызды екенін 
көреміз. Белоктар сияқты басқа да молекулалар көптеген ферменттік реакциялардың 
арқасында энергия көзі бола алады.
2.45-сурет. 
Клектадағы қанттың реттелетін қадамдық тотығуы мен қалыпты жанумен салыстыр-
масының сызбанұсқалық көрінісі. (A) Егер қант жалғыз қадамдық реакцияда СО
2
мен Н
2
О-ға дейін 
тотықса, ол пайдалы процестер үшін ұстала алатын энергия мөлшеріне қарағанда өте көп энергия 
түзеді. (Ә) Клеткада ферменттер тотығуды кіші қадамдар тізбегімен іске асырады. Осы қадамдарда 
түзілетін қажетті аз энергия мөлшері тасымалдаушы молекулаларға – көп жағдайда АТФ пен НАДН 
– тасымалданылады. Әр қадамда фермент реакцияны оның активациялану энергиясының бөгетін 
төмендету арқылы реттейді. Түзілетін толық бос энергия (А) және (Ә) бөліктерінде бірдей болады.


92 2-тарау. Клетка химиясы мен биоэнергетикаcы
Гликолиз – басты АТФ-өндіруші жол болып табылады
Қанттардың тізбектік реакциялар көмегімен тотығуы – гликолизгректің glukus – 
«тәтті» және lusis – «ыдырау» атты жолмен іске асады. Гликолизде АТФ молекулалық 
оттегінің қатысуынсыз түзіледі. Ол көптеген клеткалардың, соның ішінде көптеген 
анаэробты микроорганизмдердің цитозолінде жүреді. Гликолиз, шамасы, тіршіліктің 
ерте кезеңінде, фотосинтетикалық организмдер оттегіні атмосфераға бөліп шығаратын 
кезге дейін пайда болған. Гликолиз кезінде алты көміртегілі глюкоза молекуласы құра-
мында үш көміртегі атомы бар пируваттың екі молекуласына айналады. Әр глюкоза 
молекуласына ыдыраудың бастапқы кезеңін іске асыру үшін АТФ-тің екі молекуласы 
гидролизденеді, бірақ соңғы сатыларында АТФ-тің төрт молекуласы түзіледі. Глико-
лиздің соңында глюкозаның ыдыраған әр молекуласынан екі АТФ молекуласы түзіледі. 
Сонымен қатар НАДН-тың екі молекуласы да түзіледі.
Гликолиз қысқаша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет