Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


М2.1-сурет ). Ферменттің белсенділігіне гистидиннің қандай күйі  қажет? М2.2-сурет



Pdf көрінісі
бет119/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   330
М2.1-сурет
). Ферменттің белсенділігіне гистидиннің қандай күйі 
қажет?
М2.2-сурет. 
Биологиядағы ең маңызды 
жеті молекуланы көрсететін үш моле-
кула (2.11-мәселе).
Гликолиздің 1,3-ди-
фосфоглицерат пен пируват аралық қо-
сылыстары мен цистеин амин қышқылы.
2.12
«Диффузия» – өте баяу іске 
асатын процесс болып көрінеді, 
бірақ клеткалық тұрғыдан ол өте тез 
жүреді. Бөлшектің сұйықтықтағы 
орташа шапшаңдық жылдамдығы 
өте жиі соқтығыстар арасындағы жылдамдығы болып табылады:
v = (kT/m)
1/2
мұнда = 1,38 х 10
-16
g cm
2
T = Кельвин есебіндегі температура (37
0
С=310K), = г/
молекула есебіндегі масса. 
37
0
С температурадағы судың (молекулалық массасы 18 Дальтон), глюкоза молеку-
ласының (молекулалық массасы 180 Дальтон) және миоглобин молекуласының лездік 
жылдамдығын есептеңіз. Тек, қызық болу үшін осы сандарды километр/сағат есебіне 
айналдырыңыз. Есептеулерді бастамас бұрын молекулалар баяу (<1 км/сағ), орташа (5 
км/сағ) немесе өте жылдам (40 км/сағ) жылжитынын болжаңыз.
2.13
Тубулин суббірліктерінің микротүтікшелерге полимеризациялануы суббөліктер 
реттілігінің артуымен жүреді. Тубулиннің полимеризациясы энтропияның өсуімен (рет-
тіліктің азаюымен) жүреді. Бұл қалай мүмкін бола алады?
2.14
Салмағы 70 кг болатын ересек адам өзінің күнделікті энергия қажеттілігін 
глюкозаның үш молін (540 г) тұтынумен толықтыра алады. Глюкозаның әр молекуласы 
СО
2
-ге дейін тотыққан кезде 30
АТФ молекуласын түзеді. АТФ-тің клеткадағы концен-
трациясы 2мМ шамасында болады және салмағы 70 кг болатын ересек адамның клет-
кааралық сұйықтығы, шамамен, 25 литрді құрайды. Клеткалардағы АТФ-тің концен-


110 2-тарау. Клетка химиясы мен биоэнергетикаcы
трациясын тұрақты деп алып, орташа алғанда, күн сайын АТФ-тің қанша молекуласы 
ыдырайтынын және қайта синтезделетінін есептеңіз.
2.15
Адам денесінде 5 х 10
13
клеткалар бар деп алып және әр клеткада минут сайын 
АТФ-тің 10
9
молекуласы ыдырайтынын ескере отырып, адам денесінің қанша ватт энер-
гия жұмсайтынын есептеңіз (ватт Джоуль/секунд есебінде). АТФ-тің гидролизінде 50 
кДж/моль түзіледі деп есептеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет