Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет239/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

4.57-сурет
Екі кең кездесетін талшықты ядролық суб-
компартменттердің электрондық микрографиясы. Үлкен 
сфера Кахаль денешігі болып табылады. Кішірек күңгірттеу 
сфера дақ деп аталатын хроматинішілік түйіршіктер кла-
стері болып табылады. Осы «субядролық органеллалар» 
Xenopus
ооцитінің ядросынан алынған (K.E. Handwerger 
and J.G. Gall, Trends Cell Biol. 16:19-26, 2006 көзінен Elsevier 
рұқсатымен қолданылды).


ХРОМОСОМАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫМЫ
265
Ядроның ішінде барлық хромосомалар мен басқа да компоненттер жиналатын ци-
тоқаңқа сияқты ядроішілік негіздер бола ма? Биохимиялық айыру қадамдарынан кейін 
ядрода ерімейтін ядролық матрикс немесе скаффолд атты зат қалады. Осындай ерімей-
тін затты қалыптастыратын белоктар мен РНҚ молекулалары ядроның талшықты суб-
компартменттерінен түзілетін сияқты. 
Митотикалық хромосомалар аса жоғары конденсацияланған болып келеді
Интерфазалық хромосомалардың динамикалық құрылымын талқылағаннан кейін біз 
митотикалық хромосомаларға көшеміз. Шамамен барлық эукариоттардың хромосома-
лары митоз кезінде жарық микроскопының астында көрінеді. Осы кезеңде олар жоғары 
конденсацияланған құрылымдарды құру үшін ұршықтанады. Мұндай конденсация 
нәтижесінде қалыпты интерфазалық хромосоманың ұзындығы, шамамен, тек он есе 
қысқарғанымен, хромосоманың сыртқы пішіні айтарлықтай өзгереді.
4.59-суретте
митоздың метафаза кезеңіндегі митотикалық хромосома көрсетіл-
ген. Клетка бөлінуі циклының интерфазасы кезеңінде 
ДНҚ-ның репликациясы нәтижесінде түзілген оның екі 
молекуласы бөлек фолдингке ұшырайды да, өздерінің 
центромераларында орналасатын екі еншілес хромосо-
ма немесе еншілес хроматидтер түзеді. Бұл хромосо-
малар, әдетте, әртүрлі молекулалармен, соның ішінде 
РНҚ-белок кешендерімен қапталады. Осындай қаптама 
түзілгеннен кейін электрондық микроскоп астында әр 
хроматидтің орталық скаффолдтан шығатын хроматин 
ілмектеріне ұйымдасқанын көруге болады (
4.60-сурет
). 
Спецификалық ДНҚ тізбектерін анықтау мақсатында 
қолданылатын ДНҚ-ны гибридизациялау әдісіне негіз-
делген зерттеулер митотикалық хромосоманың бойында 
көрінетін қасиеттердің реті ДНҚ молекуласындағы 
гендердің ретін айқындайтынын көрсетті. Митотикалық 
хромосоманың конденсациялануы хромосома қапталуы-
ның соңғы деңгейі болып саналады (
4.61-сурет
). 
Митоз кезінде хромосомалардың тығыздалуы екі 
әртүрлі мақсатқа бағытталған және жоғары деңгейде ұй-
ымдасқан, сонымен қатар динамикалық процесс болып 
табылады. Біріншіден, метафаза кезінде конденсация 
аяқталғаннан кейін еншілес хроматидтер бір-бірінен 
ажырайды да, қатар орналасады. Нәтижесінде, митоти-
калық аппарат оларды екі жаққа тартқан кезде, олар оңай 
ажырай алады. Екіншіден, хромсомалардың нығызда-
луы, салыстырмалы түрде, нәзік ДНҚ молекуласын ол 
еншілес клеткаларға тартылған кезде мүмкін болатын 
зақымданудан сақтайды. 
Интерфазалық 
хромосомалардың 
митотикалық 
хромосомаларға конденсациялануы ерте, М фазада 
басталады және ол клетка циклының іске асуына тікелей 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет