4.53-сурет ). Дегенмен, осындай суреттер әр хромосомадағы ДНҚ-ның орташа көрінісін
береді. Хромосоманың гетерохроматиндік аудандарын анықтаудың маманданған әді-
стері олардың ядро ламинасымен ассоциацияланатындығын көрсетеді. Осыған қоса
адам хромосомаларының гендерге бай аудандарын бояйтын ДНҚ зондтары интерфа-
залық ядроның таңғажайып бейнесін береді – белсенді және белсенді емес гендердің
әртүрлі орташа орнын анықтайды (
4.54-сурет ).
4.53-сурет. Бір интерфазалық ядродағы барлық адам хромосомаларының хромосомалық аудан- дарының кездейсоқ көрінісі. Осы суретте, әр хромосоманың ДНҚ зондтарының қоспасы әртүрлі
спектрде жарықтанатындай таңбаланған; осының арқасында орын алатын ДНҚ-ДНҚ гибридизация-
лануы негізінде әр хромосоманы анықтауға болады. Осының негізінде үш кеңістікті құрылым құра-
стырылды. Микрографияның астында әр хромосома негізгі суреттің сызбанұсқасында анықталған.
Гомологты хромосомалардың (мыс., 9-хромосоманың екі көшірмесі) бірге орналаспағанына назар
аударыңыз (Speicher and N.P. Carter, Nat. Rev. Genet. 6:782-792, 2005 көзінен Macmillan Publishers Ltd.
рұқсатымен қолданылған).
4.54-сурет. Интерфазалық ядрода адам геномының ген- дерге бай аудандардың таралуы. Гендерге бай аудандар
адам геномында миллиондаған көшірмесі болатын Alu шашыраңқы қайталыммен гибридизацияланатын флуо-
ресценттік зонд көмегімен бейнеленген. Белгісіз себептер-
ден осы тізбектер хромосоманың гендерге бай ауданда-
рында кластерленеді. Осы көріністе Alu тізбектеріне бай
аудандар жасыл, осы тізбектерге кедей болатын аудандар
қызыл, ал орташа аудандар сары түспен боялған. Гендерге
бай аудандар ядро қабығына жақын аудандарда кезде-
спейді (A. Bolzer et al., PLoS Biol. 3: 826-842, 2005 көзінен
алынды).
Интерфазадағы әр хромосоманың хроматині, оның гендері экспрессияланбаған
жағдайда, қалай конденсацияланады? Хромосома конформациясын ұстау әдісінің
(4.48-суретті қара) массивті параллельдік секвенирлеу атты қосымшасы адамның ин-
терфазалық хромосомаларында адам геномының әртүрлі бір мегабазалық (1 миллион
нукелотидтер жұбы) аудандары арасындағы байланыстарды картаға түсіруге мүмкін-
шілік береді. Алынған нәтижелер бойынша біздің хромосомаларымыздың көпшілік
262 4-тарау. ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
аудандары фракциялық глобула атты конформацияға ширалады: жоғары тығыз қапталу-
ды, хроматин жіпшелерінің фолдингін және сызықты күйге ауысуын қамтамасыз ететін
түйінсіз ұйымдасудың түрі (